Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған LI сессиясының 2007 жылғы 13 шілдедегі N 3 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 16 шілдеде N 8-1-56 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы N 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы N 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қарағанды қаласы әкімдігінің жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары:
      1) Бұқар Жырау даңғылы және "Жаңа Майқұдық" мәдениет үйі, "Молодежный" мәдениет үйі, "Теміржолшылар" мәдениет үйі, Әлиханов көшесі бойындағы "Мәңгі алау" естелік монументі, Республика даңғылындағы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі" және Приканальная көшесі бойындағы "Сүйінші" монументтері, Жауынгер-интернационалистер көшесі бойында цирк алдындағы "Юность", БЛКЖО 30 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс саябағындағы "Эстрадалық алаң", Бұқар Жырау даңғылы және Жауынгер-интернационалистер көшесі жағынан "Фонтандар каскады" алаңдары тиісті мемлекеттік органдармен ұйымдастырылатын облыстық және жергілікті маңызды ресми шараларды және де мемлекеттің, облыстың жоғары тұлғалары және Қарағанды қаласы басшылығының қатысуымен өзге де шараларды өткізу үшін;
      2) "Литейщик" стадионының алаңы (12 мөлтек аудан) қоғамдық-саяси тұрғыдағы мемлекеттік емес іс-шаралар өткізу үшін;
      3) Басқа алаңдар мен гүлзарлар олардың сәулеттік және қызметтік пайдалануына сай ресми және мәдени-сауық шараларды өткізуге үшін деп анықталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау адам құқықтары, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Кистанов Сергей Павлович).

III шақырылған қалалық
 
мәслихаттың кезектен тыс
 
LI сессияның төрайымы
Е. Сарсембаева
Қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Бексұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады