Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 28/281 шешімімен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының, 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық Мәслихаттың 3 сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасы N 1, N 2, N 3, N 4, N 5 қосымшаларымен бірге бекітілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Қарқаралы аудандық Мәслихатының 2006 жылдың 15 маусымындағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" (2006 жылдың 14 шілдесінде N 8-13-19 тіркелген) N 26/137 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа, аудандық Мәслихаттың әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Смагулов) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2008.10.16 N 9/99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Сессия төрағасы,
аудандық Мәслихат хатшысы О. Жүкібаев
Келісілді
Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі Жұманбаев Б.М.
22 қазан 2007 жыл
Аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс үшінші сессиясының
22 қазан 2007 жылғы
N 3/24 шешімімен
бекітілсін
Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасы
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) Тұрғын үй жәрдемақысы – тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылғын топтарына берілетін өтемақы;
2) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
6) жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынындай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар деңгейінің шегі отбасының жиынтық табысынан 10 % мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына баламалы, көп бөлмелері пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
газ баллон – бір отбасына бір айға есептегенде 10 кг
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1–2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3–4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 3 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын ұй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандырында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланады.
Электр қуатының мөлшері:
газ плитасы бар үйлерде – 150 киловаттан;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловаттан аспауы керек.
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындар мен тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне шығындарды тұтыну нормалары мен тарифтерді (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз жергілікті атқарушы органымен немесе уәкілетті органымен бекітіледі.
4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізінде жүргізіледі.
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғалаға тағайындалады. Пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы, басқа отбасы мүшелерін есепке алынбай, жалғызілікті адамдар ретінде тағайындалады.
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасыларды тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған сексен жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын (оны дәлелдейтін құжаттар – дәрігерлік кеңестік немесе медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындылары), 3 жасқа дейінгі баланы тәрбелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы – бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда, отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар, жұмыс істемейтін, кәсіпкерлікпен және басқа табыс түсіретін жұмыспен шұғылданбатын, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар тұрса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
8. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақы аудару сомасынан артуы тиіс емес.
Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
11. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
12. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, келісім шарттың мерзімі аяқталғанына дейін берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдердің қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
14. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есепту құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
15. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
17. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау кезде уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі.
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен өтінеді
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендірілгені туралы келісім–шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе неке бұзу туралы куәлік, жалғыз басты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
8) алынып тасталды - 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен;
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
19. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
20. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім–шарт жасалады. Келісім–шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім–шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқылы, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Ескерту. 23 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009.07.30 N 15/168 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Жиынтық табысты есептеу тәртібі
24. Тұрғын үй жәрдемақысының алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі - уәкілетті орган).
25. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бәрге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тәркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептелінеді.
27. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелінетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептелінеді.
28. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
29. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
30. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтиты және үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
32. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептелінеді;
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
9) азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз камтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны.
Ескерту. 32 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2008.10.16 N 9/99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
33. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынандай (осы Қағиданың 32–тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңде қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда және еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдығы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетінген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылатылады;
2) әлеуметтік төлемдар, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырулу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздадыру;
18 жасқа томаған балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қараты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
1, 2 топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
жергілікті бюджеттендің қаражаты есебінен көрсетілетін, қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 32-тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгіленген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
34. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
35. Азаматтық–құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңде жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңде келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
36. Азаматтық–құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
37. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасымен ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
38. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамаларымен расталады.
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
39. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудын;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындылатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
40. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамысымен немесе өтініш негізінде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
41. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
42. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналасатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайтылған декларация негізінде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
43. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
44. Адамдардың асыруындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
45. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.
46. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
47. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.
48. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
11. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шарушылықтан алынған табыс
49. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шарушылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
50. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі немесе басқа да құзыретті орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.
51. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған тбысты уәкілетті орган осы Қағиданың 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалардың негізінде есептейді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
52. Бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (осы Қағиданың 2, 3–қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
53. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланады.
Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезенде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке лынады.
54. Осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және т.б) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқын, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
55. Осы Қағиданың 30-тармағында көрсетілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
56. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік карточкасын осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады.
12. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
57. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдік валютаны өткізуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металлдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металлдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түріндегі;
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімдеген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізгі күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
58. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
59. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
60. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралы) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Қарқаралы аудандық Мәслихтының
2007 жылдың 22 қазандағы
N 3/24 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандырдың
ТІЗБЕСІ
2. Қуаң дала аймағы |
|
Қарағанды |
1. Нұра 2. Қарқаралы 3. Осакаров 4. Абай 5. Бұқар жырау Қарағанды қаласы Сарань қаласы Шахтинск қаласы Темиртау қаласы |
3. Шөлейтті аймақ |
|
Қарағанды |
1. Жаңарқа 2. Шет 3. Ақтоғай 4. Ұлытау Жезқазған қаласы Балқаш қаласы Қаражал қаласы Приозерск қаласы Сәтбаев қаласы |
Қарқаралы аудандық Мәслихтының
2007 жылдың 22 қазандағы
N 3/24 шешіміне
2 қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. Х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-ағ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгері (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бір жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөністер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуік бақтары |
30 |
583 |
|||
Сүйекті жеміс бақтары |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім |
1 бастан алатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-ағ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
1900 |
21034 |
|||
Етті ірі қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|||
Шашқалар (шошқа еті) |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|||
Жүзім |
Қарқаралы аудандық Мәслихтының
2007 жылдың 22 қазандағы
N 3/24 шешіміне
3 қосымша
Шөлейтті аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. Х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ – 3-бағ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
10 |
226 |
|||
Арпа |
15 |
174 |
|||
Қарамық |
8 |
153 |
|||
Жүгері (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
10 |
91 |
|||
Бір жылдық шөптер |
10 |
84 |
|||
Картоп |
70 |
1102 |
|||
Көкөністер |
90 |
1249 |
|||
Бақшалар |
85 |
458 |
|||
Шекілдеуік бақтары |
22 |
525 |
|||
Сүйекті жеміс бақтары |
20 |
498 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
20 |
564 |
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім |
1 бастан алатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. – 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
1100 |
19944 |
|||
Етті ірі қара мал (сиыр еті) |
165 |
16016 |
|||
Шашқалар (шошқа еті) |
110 |
8462 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,25 |
1200/105 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
138 |
6044 |
|||
Түйе (түйе еті) |
1140 |
2925 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Қарқаралы аудандық Мәслихтының
2007 жылдың 22 қазандағы
N 3/24 шешіміне
4 қосымша
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ПАЙДАЛАНАТЫН ҮЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ
Малдың түрі |
Өлшем бірлігі |
Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы |
Ірі қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкілер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Қарқаралы аудандық Мәслихтының
2007 жылдың 22 қазандағы
N 3/24 шешіміне
5 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
ҮЛГІ ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________
Үйінің мекен-жайы _____________________________________________
Ауыл шаруашылылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлері |
Жер, сотка, мал басы, саны |
Жылына түсетін табыс нормативі, теңге |
Жылына түсетін табыстың барлығы, теңге |
Бір тоқсанда түсетін табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәні алынатын жүгері |
||||
Күріш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекі |
||||
Шекілдеуік бақтары |
||||
Сүйекті жеміс бақтары |
||||
Жемістер |
||||
Жүзім |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бір жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берілетін жүгері |
||||
Сүтті ірі қара мал |
||||
Етті ірі қара мал |
||||
Шашқалар |
||||
Қойлар, ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Етті құс |
||||
Жиыны: бір жылғы табыс |
х |
х |
||
Жиына: бір тоқсандағы табыс |
х |
х |
х |
х |
200____ж. "______"____________________________________________
(өтініш берушінің қолы)
_______________________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)