"Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 шілдедегі N 15/168 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 тамызда N 8-13-67 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/281 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 28/281 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 22 қазандағы үшінші сессиясының "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 3/24 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-35 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінде 2007 жылғы 10 қарашадағы N 89-90 сандарында жарияланған), Қарқаралы аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 16 қазандағы тоғызыншы сессиясының "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 3/24 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" N 9/99 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-53 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінде 2008 жылғы 8 қарашадағы N 89-90 сандарында жарияланған) өзгерту мен толықтыру енгізілген, келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) тақырыбындағы және 1 тармағындағы "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" деген сөздер "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген шешіммен бекітілген Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасында:
      тақырыбындағы, 1 тармағының 1) тармақшасындағы және 2, 9 тармақтарындағы "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" деген сөздер "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді.";
      17 тармақтағы "басқа қалаларда" деген сөздер алынып тасталсын;
      18 тармақта:
      бірінші абзацындағы "органға" деген сөзінен кейін "немесе халыққа қызмет көрсету орталығына" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшасы алынып тасталсын;
      23 тармақтағы "қалалық телекоммуникация желісінің абонентеріне телефон" деген сөздер "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Смагұлов) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            Қ. Сламбеков

      Аудандық Мәслихаттың
      хатшысы                                    О. Жүкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады