Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының N 28/281 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда N 8-13-95 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы XLII сессиясының N 43/428 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 09.12.2011 XLII сессиясының N 43/428 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 3/24 шешімі (нормативтік құқылық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-35 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2007 жылғы 10 қарашасындағы N 89-90 сандарында жарияланған);
      2) Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 16 қазандағы "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 3/24 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" N 9/99 шешімі (нормативтік құқылық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-53 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2008 жылғы 08 қарашасындағы N 89-90 сандарында жарияланған);
      3) Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 30 шілдедегі "Көп қабатты және көп пәтерлі үйлерде тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" Қарқаралы аудандық Мәслихаттың үшінші сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 25/168 шешімі (нормативтік құқылық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-67 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2009 жылғы 29 тамызындағы N 67-68 сандарында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа, аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Смагулов) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Қ. Талдыбаев
Аудандық мәслихат
 
хатшысы
О. Жүкібаев

      
      Аудандық мәслихаттың
      23 желтоқсандағы 2010 жылғы
      N 28/281 шешімімен бекітілсін

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.

1. Негізгі ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйді ұстауға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      2. Осы ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді (сонымен қатар қатты отын), қоқыс жоюды, қоса алғанда тұрғын үйге көрсетілетін қызметтер;
      2) көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйым- екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
      5) кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектісі) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
      6) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
      7) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;
      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      9) тұрғын үйді жалдау – тұрғын үйді немесе оның бөлігін жалға алушыға тұрақты немесе уақытша ақы төлеп жалдауға береді;
      10) тұрғын үйді ұстау шығындары – жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген тұрғын үй (пәтер) иелерінің ай сайынғы жарналары арқылы жиналатын міндетті шығын сомалары;
      11) уәкілетті орган – "Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекеме;
      12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      13) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын, белгілі бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын аз қамтылған азаматтарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі.
      Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға аболненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табысынан жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедектерге 10 % мөлшерінде, ал басқа санатты азаматтарға 13 % мөлшерінде белгіленеді.
      Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады.

2. Көрсетілген тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына баламалы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін-30 шаршы метр;
      2) тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      қызмет көрсетушінің ұсынған есеп-шотына қарай (квитанция, анықтама) газ баллонын қолданудың нақты шығымы бір айға бір отбасына 10 килограмм аспау қажет;
      қатты отынды қызмет көрсетушінің ұсынған есебінен қарай (квитанция, қосымша, есеп-фактура, анықтама) нақты шығыны бойынша 7 ай от жағу мерзіміне:
      1-2 қабатты үйлердің бір шаршы метр алаңды жылытуға – 66 килограмм, 3-4 қабатты үйлердің бір шаршы метр алаңды жылытуға – 28 килограмм, жер үйлерге 2 тонна көмірден аспау қажет;
      тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Қарқаралы ауданында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;
      электр қуатының мөлшері нақты шығыны бойынша есептеліп:
      бір айға газ плитасы бар үйлерде - 150 киловаттан;
      бір айға электр плитасы бар үйлерде - 250 киловаттан аспауы керек;
      3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындар мен тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне шығындарды тұтыну нормалары тарифтер арқылы орнатылады, тарифтерді (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комиттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз жергілікті атқарушы органдарымен немесе уәкілетті органымен бекітіледі;
      4) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
      5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалпы алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Көп қабатты, көп пәтерлі үйлерде тұратын және пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге тұрғын үй көмегі, басқа отбасы мүшелерін есепке алынбай, жалғызілікті адамдар ретінде тағайындалады.
      8. Жеке меншігіндегі бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасыларына тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
      9. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда көрсетілмейді:
      1) отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар, жұмыс істемейтін, кәсіпкерлікпен және басқа да табыс түсіретін жұмыспен шұғылданбайтын, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет өткермейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар тұрғанда;
      2) N 1 тізімі немесе N 2 тізімі бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар жұмыс істемеген және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмегенде;
      келесі тұлғаларды қоспағанда:
      1) отбасында күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерге күтім жасайтын (оны дәлелдейтін құжаттар-дәрігерлік кеңестік немесе медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындылары) адамдар болса;
      2) отбасында 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдар болса.
      10. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот арқылы қаралады.
      11. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемінің үлгісі - бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта үйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Тұрғын үй көмегін төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға берілді.
      12. Қолма-қол үлесі - ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегінің төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      13. Есеп шотқа тұрғын үй көмегінің сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй көмегінің сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
      14. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмектерді беру мерзімдері

      15. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.
      Тоқсан сайын табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй көмегі бір тоқсанға алады.
      Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегі есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      17. Тұрғын үйді және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      18. Көмекке құқықтылары анықтау кезде уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Мемлекеттік Мекемесіне келесі құжаттармен өтінеді:
      1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш (осы Қағидаға 1 қосымша);
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, азаматтық хал актілерін жазу бөлімшесінен N 4 үлгідегі анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама, салық басқармасынан алынған жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелгендігі немесе тіркелмегенді туралы анықтама, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама әкеледі);
      7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (осы Қағидаға 5 қосымша);
      8) тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар жөнінде шот, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы шот, тұрғын үйдің алаңының жалпы көлемін айқындайтын техникалық паспорттың көшірмесі, телекоммуникация байланысының қызметтері туралы шарт немесе түбіртек, баллон газын алу шоты (квитанциялар, анықтамалар), қатты отын алу шоты (анықтамалар, қосымшалар, есеп-фактуралар), кондоминимум объектісінің ортақ мұүлкін күрделі жөндеудің түрлерін өткізудің шыңындар сметасының негізінде, жергілікті уәкілетті органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісе отырып, пәтер иелері мен жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалпы жиналыста бекіткен және кондоминимум объектісін басқару органының бастығының қолы мен мөрі қойылған, кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге нысаналы жарналардың мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы орган ұсынған пәтерді жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) отбасы мүшелерінің табысы жөніндегі мәлімет;
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      11) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы жоқтығы (барлығы) туралы анықтама.
      20. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      21. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөніндегі келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негізі болып табылады. Уәкілетті органмен бланкілер үлгісі (осы Қағидаға 3, 4 қосымша) толтырылып тұрғын үй кқмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтіміне қарай беріледі.
      23. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның табысы туралы мәліметтерді сұраныс жасауға құқылы.
      24. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртібі

      26. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының табысын (бұдан әрі - жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
      27. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      28. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі - есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
      29. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      30. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      31. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      32. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері

      33. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төледер түрінде алынатын табыс;
      2) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан, мал мен құс ұстауда, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      34. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) жеке ісін ашуға және жеке (немесе) қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек. Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайданылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілік препараттар:
      санаторийлік-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
      білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері;
      азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны;
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек:
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.

8. Жиынтық табысты есепту кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс

      35. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағиданың 34-тармағында көрсетілгендердің басқа) түрде алынған табысы
      1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
      маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
      сақтандыру агенттері мен брокерлері төленетін комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
      мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағада, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
      жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
      жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
      2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
      мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      18 жасқа толмаған балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар;
      қаржыландыру көзіне қараматан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
      1, 2 топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
      жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен көрсетілетін, қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
      заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 34-тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
      осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да үйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
      36. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      37. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың саңына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      38. Азаматық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішіндегі ғылыми, әдеби және өнер туындарын жасауға, шығаруға, орындауға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
      39. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационизаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
      40. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      41. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
      1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
      42. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      43. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
      44. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс

      45. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      46. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
      47. Жиынтық табыс, егер төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтын туралы түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
      3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда), еңбекпен емдеу профилакторийінде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      4) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
      5) құзыретті органның анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталған, спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда, алимент есепке алмай есептеледі.
      48. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      49. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.
      50. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      51. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      52. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі немесе уәкілетті орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.
      53. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган осы Қағиданың 6, 7, 8 қосымшалардың негізінде есептейді.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аідар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
      54. Бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа өнімділігін) 1 килограмм өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (осы Қағиданың 6, 7, 8 қосымшаларына сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
      55. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есепті кезеңде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады.
      56. Осы Қағидаға 7 қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      57. Осы Қағиданың 56-тармағында көрсетілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
      58. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік карточкасын осы Қағидаға 8 қосымшаға сәйкес тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс

      59. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдік валютаны өткізуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлікті жіне көлік құралдарын сатудан;
      6) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
      7) авторлық сыйақы түріндегі;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (күн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
      Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
      60. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде алынады.
      61. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табысқа есепке алынбады.
      62. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті есепті кезеңдегі жалпы жиынтық қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету туралы өтініш

      Өтініш иесімен бірге құрамында ________ адамы бар, менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақыны тағайындауыңызды сұраймын.
      Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жаупкершілік туралы ескертілдім.
      Өтініш иесінің деректері:
       Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
       Жеке куәлігінің N _____________________ берілген күні _________
       Туған күні ____________________
       СТН _________________________________________________
       ӘЖК ________________________________________________________
       Табыстарының түрі __________________________________________
       Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
       Мекен-жайы _________________ қаласы ________________ көшесі
       _____ үй _____ пәтер телефон _________________
       тиістілік _______________________ түрі ___________________
       (пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
       Жалпы үй алаңы ______ шаршы метр.
       Бөлме саны ________ Қабат _______________
       Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай ___________
       Өтініш берушінің қолы __________________
       Күні __________________________________
       Өтініш қабылданған күні _________________________

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
2 қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі
КЕЛІСІМ ШАРТ

      Қарқаралы ауданы
      жылы _________________
      Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әрі қарай "Бөлім" деп аталатын, бір жағынан, тұрғын үй иесі екінші жағынан, төмендегідей келісім шарт жасады.
      1. Тұрғын үй иесі ұсынған құжаттар бойынша, Бөлім отбасы құрамында _____ адамы бар _________________________ ай сайын
       (тұрғын үй иесінің аты-жөні)
       жасалатын есебінде көрсетілген көлемінде, қолма қол немесе қолма қол ақысыз түрінде өтініш қабылданған күннен бастап 1 жыл мерзімге тұрғын үй көмегін тағайындайды.
      2. Тұрғын иесі көмектің заңсыз тағайындалуына апарып соқтырған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, төлем 1 жылға тоқтатылады. Артық төленген сомалар - өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      3. Келісім шарт тұрғын үй көмегін төлеуге негіздеме деп танылады.
      4. Дау жанжалдар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шешіледі.
      5. Келісім шарт 2 данада жасалып, бір данасы тұрғын үй иесінде сақталады.
      6. Тұрғын үй көмегінің есебі қосымша беріледі.
      7. Тұрғын ұй көмегінің көлемі коммуналдық қызметтерініңтарифтері және отбасының жиынтық табыстарының өзгеруіне байланысты өзгертіледі.
       Қарқаралы аудандық Тұрғын үй иесі
       Жұмыспен қамту және ____________________
       әлеуметтік бағдарламалар (аты-жөні)
       бөлімінің бастығы
       _____________________ ____________________
       (аты-жөні қолы) (қолы)

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
3 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үйдің жалпы алаңы туралы анықтама

      Азамат (ша) _____________________________________________
      _________________ көшесі ________ үй______ пәтер __________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
      Отбасы құрамы __________________ адам.
      Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
      Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ ___________
      ____________________________________________________
       Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.
Туған жылы
Туыстығы
Қай уақыттан бері тұрады
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды
       Маманның қолы ______________________
       Қабылдау мерзімі _____________________

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
4 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

       1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Өтініш берушінің қолы __________________
       Күні ______________________________

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
5 қосымша

200__ жылғы____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы
МӘЛІМЕТТЕР

      Төлемші ______________________________________________________
       (пәтер (үй) иесінің (жалдаушының) Т.А.Ә.)
      Мекен-жайы ______________ қ-сы ____________ к-сі _____ үй _____ пәтер
      Үйдің (пәтердің) жалпы алаңы _______________ шаршы метр.
      Бөлмелер саны _________________
      Үйдің жалпы сипаттамасы __________________________________________
       (жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)
      Шоттың N __________________________

N
Төлемнің түрлері
Тариф
Есептелінген сомасы
Мекеменің мөрі
1
Тұрғын үйді ұстау шығындары
 
 
 
2
Жылыту жүйесі
 
 
 
3
Ыстық су
 
 
 
4
Суық су
 
 
 
5
Кәріз
 
 
 
6
Электр қуатымен қамтамасыз ету
 
 
 
7
Қоқыс шығару
 
 
 
8
Тұрғын үйді жалдау
 
 
 

      
       Маманның қолы _____________________________
       Қабылданған күні __________________________

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
6 қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге
1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)
1
2
3
4
5
6
Бидай
 
 
 
 
 
Арпа
 
 
 
 
 
Қарамық
 
 
 
 
 
Жүгерi
 
 
 
 
 
Көп жылдық шөптер
 
 
 
 
 
Бiр жылдық шөптер
 
 
 
 
 
Картоп
 
 
 
 
 
Көкөнiстер
 
 
 
 
 
Бақшалар
 
 
 
 
 
Шекілдеуiк бақтары
 
 
 
 
 
Сүйектi жемiс бақтары
 
 
 
 
 
Жидек дақылдары
 
 
 
 
 
Жүзім
 
 
 
 
 

Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм
1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге
1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған)
1
2
3
4
5
6
Сүтті iрi қара мал (сүт)
 
 
 
 
 
Eтті iрi қара мал (сиыр еті)
 
 
 
 
 
Шошқалар (шошқа еті)
 
 
 
 
 
Қойлар, ешкілер (ет/жүн)
 
 
 
 
 
Жылқы (жылқы еті)
 
 
 
 
 
Түйе (түйе еті)
 
 
 
 
 
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
 
 
 
 
 
Етті құс (құс еті)
 
 
 
 
 

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
7 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi
Өлшем бірлігі
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы
Iрi қара мал
Ай
25
Қойлар мен ешкiлер
Ай
12
Шошқалар
Ай
10
Жылқылар
Ай
16
Түйелер
Ай
18
Жұмыртқалайтын құс
Күн
195
Етті құс
Күн
125

  Аз қамтылған азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына
8 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы

       Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
       облыс, аудан _____________________ үйiнiң мекенжайы ___________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi
жер, сотка, мал басы, саны
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге
Бидай
 
 
 
 
Арпа
 
 
 
 
Дәнi алынатын жүгерi
 
 
 
 
Күрiш
 
 
 
 
Қарамық
 
 
 
 
Картоп
 
 
 
 
Көкөністер
 
 
 
 
Бақшалар
 
 
 
 
Күнбағыс
 
 
 
 
Қант қызылшасы
 
 
 
 
Темекi
 
 
 
 
Шекiлдеуiк бақтары
 
 
 
 
Сүйектi жемiс бақтары
 
 
 
 
Жемiстер
 
 
 
 
Жүзiм
 
 
 
 
Көп жылдық шөп
 
 
 
 
Бiр жылдық шөп
 
 
 
 
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi
 
 
 
 
Сүттi iрi қара мал
 
 
 
 
Еттi iрi қара мал
 
 
 
 
Шошқалар
 
 
 
 
Қойлар мен ешкілер
 
 
 
 
Жылқылар
 
 
 
 
Түйелер
 
 
 
 
Жұмыртқалайтын құс
 
 
 
 
Еттi құс
 
 
 
 
Жиыны: бiр жылғы табыс
 
 
 
 
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс
 
 
 
 

      
       200__ ж. "__"_________
       Т.А.Ә. ___________________________
       __________________________________________
       (Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады