Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңы мен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 21 қарашадағы N 07-35/77 шешіміне сәйкес, облыста медицина мамандықтары бойынша уақытында кадрлар дайындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" 2006 жылғы 26 маусымдағы N 200 (Маңғыстау облысының әділет Департаментінде 2006 жылы 26 маусымда N 1950 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылы 15 тамызда N 130 жарияланған)
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы төмендегі мәтінде жазылсын:
"Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы";
1-тармақта "мектептерінің" деген сөзден кейін "және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "мектептерінің" деген сөзден кейін "және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Әлеуметтік көмек - оқу ақысы мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысынан құралады.
Тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысы әлеуметтік көмегі жоғары оқу орнына түскен, оқу ақысына материальдық көмек алушы студенттерге 2007 жылдан бастап ай сайын 5000 теңге көлемінде тағайындалады";
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) Әлеуметтік көмек Маңғыстау облысында тұрақты тұратын, 3 тармақта көрсетілген санаттағыларға жататын медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттерге комиссияның шешімімен 2007- 2008 оқу жылынан бастап тағайындалады";
7 тармақта "бұйрық көшірмесі" деген сөздерден кейін "медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курсында оқитындығын растайтын анықтама" деген сөздермен толықтырылсын;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абцацпен толықтырылсын:
"Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады".
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссия шешімі негізінде үйлестіруші оқу жылының басында ағымдағы оқу жылы үшін оқу ақысына көзделген қаражатты әкімшіге аударады.";
Көрсетілген қаулының 1 қосымшасынын атауындағы "мектептерінің"деген сөзден кейін "және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның құрамына:
Арман Тергеуұлы Айдарханов - денсаулық сақтау департаментінің
директоры ;
Майра Смаилқызы Ғұмарова - мәдениет басқармасының бастығы
енгізілсін;
көрсетілген комиссия құрамынан А.Ғ.Төлегалиева, Н.Мұханов шығарылсын.
Көрсетілген қаулыдағы 2,3,4 қосымшалар осы қаулының 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.С.Сейтмағанбетоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілетін 1 тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 08.01. N 3 қаулысына
1-қосымша
Облыс әкімиятының
2006 жылғы 26 маусымдағы
N 200 қаулысының
2 қосымшасына
Қазақстан Республикасы қалаларының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы қалаларының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, құру және қалыптастыру тәртібін белгілейді.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
"Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
1. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлер (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектері, медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттердің ішінен тұлдыр жетімдердің, бала жасынан мүгедектердің, көп балалы отбасы балаларының, балалар үйлері түлектерінің құжаттарын қарастыру;
2) жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне, медицина жоғары оқу орындарында (3 курстан бастап жоғары) оқитын студенттердің іріктеуін өткізу және Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарында оқу ақысын мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысын төлеу үшін оларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару.
2. Комиссия негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мынадай қызметтерді атқарады:
1) облыстың еңбек рыногындағы сұраныс құрылымына қарай жыл сайын әлеуметтік көмек есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін бекітеді;
2) тиісті қаржы жылына сәйкес бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын зерделейді;
3)Жоғары оқу орнынан шығып кеткен әлеуметтік көмек алушы студенттің орнына әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғары оқу орнының басқа студентімен ауыстыру жөніндегі жоғары оқу орны әкімшілігінің ұсынысын қарастыру.
Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру барысында:
1) Қазақстан Республикасы қалаларының жоғары оқу орындарынан олардың мамандықтарының тізбесі, олардың құны туралы мәліметтерді сұрауға;
2) Департаменттен және басқа да мүдделі құрылымдардан осы және өзге де мамандықтарға оқыту қажеттілігі тұжырымдамасын сұрауға;
3) Әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді Комиссия отырысына шақыруға құқығы бар.
4. Комиссия отырысын қалыптастыру және өткізу тәртібі
4. Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрады.
5. Комиссия отырыстарын Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары өткізеді.
6. Комиссия отырысы 15 тамыздан кешікпей өткізілуі тиіс. Комиссияның ағымдағы отырыстары қажеттілік туған жағдайда өткізіледі.
7. Комиссия хатшысы әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын комиссия отырысына тапсырады.
8. Комиссия ашық дауыспен мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдайды. Бұл ретте Комиссия хатшысы дауыс беруге құқығы жоқ.
9. Комиссияның қатысқан мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
10. Комиссия шешімі комиссияның хатшысы жүргізетін хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні хаттамаға қол қояды.
11. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар және білдірген жағдайда оны жазбаша түрде мазмұндап, Хаттамаға тіркеуі тиіс.
12. Комиссия мүшелері қабылданған шешімге жауапты.
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 08.01. N 3 қаулысына
2-қосымша
Облыс әкімиятының
2006 жылғы 26 маусымдағы
N 200 қаулысының
3 қосымшасына
"Маңғыстау облысының қалалық,
аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
________________________________
(аты-жөні)
________________________________
________________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
телефон _________ (бар болса)
ӨТІНІШ
Сізден______________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
__________________________факультеті_______________________мамандығы
бойынша ____________________________ ретінде оқу ақысын төлеу үшін
(мәртебесін көрсету қажет)
әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса тіркеймін:
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
5.____________________________
Күні______________ Қолы _____________
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 08.01. N 3 қаулысына
3-қосымша
Облыс әкімиятының
2006 жылғы 26 маусымдағы
N 200 қаулысының
4 қосымшасына
Білім беру қызметтерін көрсетуге
ҮЛГI ШАРТ
Ақтау қаласы 200__ жылғы "____"_________
Жарғы негізінде әрекет ететін _______________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын ректоры ________________________
(аты-жөні)
бір тараптан, Қаулы негізінде әрекет ететін "Маңғыстау облысының қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұдан әрі "Тапсырысшы" деп аталатын бөлім бастығы _____________________________________________________
(аты-жөні)
екінші тараптан және ______________________________________________
(әлеум. көмек алушының аты-жөні)
бұдан әрі "Студент" деп аталатын Маңғыстау облысының бюджеті есебінен әлеуметтік көмек алушыға білім беру қызметтерін көрсету үшін осы шартты жасасты.
1. "Орындаушы" "Студенттің" білім саласында орталық атқарушы
орган бекіткен жоғарғы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
күндізгі оқу түрі бойынша____________________________мамандығына
оқытуға, оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін тиісті біліктілікті
иемдеп жоғарғы кәсіби білім туралы белгіленген үлгідегі дипломды
беруге міндеттенеді.
2. "Тапсырысшы" "Орындаушының" білім беру қызметтерін
ұсынғаны үшін осы шартқа сәйкес "Студенттің" оқу ақысын және тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысын төлеуге
міндетті.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.
"
Орындаушы":
1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына
қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектері әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия шешімінің негізінде қаланың жоғары оқу орнына азамат(ша) ______________________________________ қабылдауға;
(аты-жөні)
2) "Орындаушы" "Студентті" білім беру құқығын дәлелдейтін лицензиясымен, оның жарғысымен, ішкі тәртібі ережелерімен,
сондай-ақ "Орындаушының" оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және
қабылдау тәртібін реттейтін басқа да құжаттамалармен таныстыруға;
3)мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес
"Студенттің" оқытуын қамтамасыз етуге;
4) оқуды ойдағыдай бітірген жағдайда "Студентке" білім
саласындағы орталық атқарушы органмен белгіленген мемлекеттік
үлгідегі дипломды беруге;
5) "Студенттің" келесі курсқа көшіру туралы бұйрықтың
көшірмесін жыл сайын "Тапсырысшыға" беруге;
6) Осы шарттың 6 тармағының 2 тармақшасында қарастырылған
негіздері бойынша бұйрықтың көшірмесін ұсыну арқылы бес күн ішінде
"Тапсырысшыға" "Студентті" оқудан шығару туралы хабардар етуге міндетті.
4. "Тапсырысшы":
1) жыл сайын ақшалай қаражат лимитінің бөлінгеніне қарай
"Студенттің" оқу ақысын төлеу үшін оның дербес есеп шотына
бюджеттік қаражатты аудару арқылы әлеуметтік көмекті төлеуге;
2) 2007 жылдан бастап ай сайын тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысына 5000 теңге мөлшерінде оның дербес есеп шотына аудару арқылы материалдық көмек төлеуге;
3) "Орындаушымен" келісім бойынша "Студентке" оқу
практикасын өту орнын табуға жәрдемдесуге міндетті.
5. "Студент":
1) дербес есеп шотына қаржы сомасы түскеннен кейін 3 банктік
күн ішінде оқу ақысын төлеп, төлем туралы түпнұсқаны
"Тапсырысшыға" ұсынуға;
2) "Орындаушының" оқу жоспарын дер уақытында орындауға;
3) "Орындаушының" оқу жоспарына сәйкес теориялық және
практикалық сабақтарға жүйелі қатысуға;
4) "Орындаушының" ішкі тәртібі ережесін сақтауға;
5) оқуды ойдағыдай аяқтағаннан кейін ауылдық елді мекенде (мүмкіндігінше тұрғылықты жері бойынша, басқа жағдайларда облыс әкімиятының көрсеткен жері бойынша) үш жыл ішінде жұмыспен өтеуге міндетті.
6. "Орындаушы":
1) "Тапсырысшы" мен "Студенттен" осы шартқа сәйкес алынған
міндеттемелерді тиісті орындауды талап етуге;
2) "Студентті" осы Шартта, "Орындаушының" Жарғысында немесе
ішкі тәртіп ережелерінде көзделген міндеттемелерді орындамағаны
үшін оқудан шығаруға;
3) мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін
жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияға оқудан шығарылған әлеуметтік көмек алушының орнына балалар үйінің түлектері, тұлдыр жетім, бала жасынан мүгедектер және көп балалы отбасы балалары ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғары оқу орнының басқа студентімен алмастыстыру туралы ұсынысты жолдауға құқығы бар.
7. "Тапсырысшы" "Орындаушы" мен "Студенттен" осы шартқа
сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді адал және тиісті орындауды
талап етуге құқығы бар.
8. "Студент":
1) "Орындаушының" жарғысында қарастырылған тәртіп бойынша
"Орындаушы" кітапханасының оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет
қорын және оқу залын тегін пайдалануға;
2) өз пікірін және сенімін еркін айтуға;
3) өзіне сыйластық қатынасын талап етуге;
4) "Орындаушыдан" осы шартқа сәйкес өзіне жүктелген
міндеттемелерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқығы бар.
3. Қызмет көрсету құны және есеп беру тәртібі
9. Жыл сайын "Тапсырысшы" оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік
көмектің төлемін 1 қазаннан кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер
арқылы "Студенттің" дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару
жолымен жүргізеді.
"Студент" ақшалай қаражат түскеннен кейін үш банктік күн
ішінде ағымдағы оқу жылы ақысын төлейді.
10. "Студенттің"________оқу жылының құны______теңгені
құрайды және оқу жылының соңына дейін өзгертілмейді.
11. "Орындаушы" көрсетіп отырған білім беру қызметтеріне
белгіленген төлем мөлшерлерін "Тапсырысшыға" жыл сайын 1 тамыздан
кешіктірмей тапсырады.
"Студенттің" кейінгі оқу жылдарында оқу құны өзгерген
жағдайда тараптар қосымша келісім арқылы осы шартқа өзгерістер
енгізеді.
12."Тапсырысшы", "Орындаушы" және "Студент" Шарт немесе оған
байланысты туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей
келіссөздер арқылы шешуге бар күштерін салуға тиіс.
13. Егер тараптар Шарт бойынша дауды бейбіт жолмен шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы осы мәселенің шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқығы бар.
4. Форс-мажор
15. Егер шартқа отырғаннан кейін болған дүлей апат, әскери
іс-қимылдар, ереуіл немесе басқа да алдын алуға мүмкін емес
жағдайлар кесірінен немесе тараптар көздемеген форс-мажорлық
оқиғалар салдарынан шарттық міндеттемелер жартылай немесе толық
орындалмаған жағдайда тараптар жауапкершіліктен босатылады. Осындай
жағдайда осы шарт бойынша алынған міндеттемелерді орындау мерзімі
аталған мән-жайдың созылған уақытына тең ұзартылады.
16. Осы Шарт бірдей заң күші бар ______ данада жасалып,
тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанша әрекет ету күшін
сақтайды.
17. Осы Шарт Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның 20___ жылғы "___" _____________ шешімі негізінде жасалды.
18. Шарттың іс-қимылының басталуы 20___ жылғы "__"________.
Шарттың іс-қимылының аяқталуы 20___ жылғы "__"_____________.
6. Тараптардың заңды мекен-жайлары
"Тапсырысшы" "Орындаушы" "Студент"
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
(директордың (ректордың аты-жөні, (аты-жөні, қолы)
аты-жөні, қолы) қолы)
М.О. М.О.