Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 21 қыркүйекте N 1977 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/163 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 338-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
 

       1. Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

       Сессия төрағасы             Облыстық мәслихат
                                   хатшысының міндетін атқарушы
 
            Б. Әбдікәрімов              М. Құдиярова

                                     Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы
                                    15 тамыздағы N 26/432 шешіміне
                                               1-қосымша

Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері және Ақтау қаласы жерлерінің аймақтарын сипаттау

Аймақ-тар N

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Салықтық аймақ бойынша орта коэф.

I

Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері

1,50

II

NN2,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,26,27 шағынаудандар

1,25

III

NN3,3а,3б,22,23,24,25,28,28а,29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер

1,00

IV

Өнеркәсіптік аймақ

1,00

V

Оқшауланған елді мекендер; жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай және басқа да жер учаскелері

1,00

Аймақтардың смпаттамасы

Аймақ I

     Бірінші аймаққа өнеркәсіп орындары пайдаланып отырған, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелерін қоспағанда, түгел теңіз жағалауы белдеулері кіреді. Бұл аймақта мейрамхана, кафе, қонақ үйлер, жағажайлар, демалыс және мәдениет паркі, спорт кешендері және басқа да қоғамдық мақсаттағы орындар орналасқан.

     Тұрғын үй қоры оқшауланған жер алабын қамтып отырған, коттедждік құрылыспен беріліп отыр.

Аймақ II

      Екінші аймақ транспорттық қолайлы (10-15мин) қала орталығына жақын аймақта орналасқан. Бұл N2,4-15,26,27 шағынаудандар.
      Осы аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, мешіт, мейрамханалар, кафелер, барлар, ойын бизнесінің нысандары, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
      4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын ғимараттар, сондай-ақ, аса жайлы тұрғын кешендер. Бос жер учаскелерінің тапшылығының себебінен, жаңа құрылыс нысандарын салу шектеулі.

Аймақ III

      Үшінші аймақта N3, 3а, 3б, 22-25; 28, 28а және 29,30 шағынаудандар, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылыстарына жобаланған жер учаскелері орналасқан. Тұрғын қор 3-5-9 қабатты жоспарланған құрылыс жобасымен берілген.
      Осы аймақта да әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

Аймақ IV

      Төртінші аймақта барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

Аймақ V

      Бесінші аймақта оқшауланған елді мекендер біріктіріледі: Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды Өмірзақ селолары және жеке тұрғын үйлерге құрылыс жүргізу үшін берілетін саяжай, басқа да жер учаскелері.

                                   Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы
                                    15 тамыздағы N 26/432 шешіміне
                                                2-қосымша

      Схемалық карта - орындаушыға хабарласыныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады