Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/163 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 мамырда N 2046 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы N N 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихаттың мына шешімдерінің күші жойылсын:
      «Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы» 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешім (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1977 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 170 санында жарияланған);
      «Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы» облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/61 шешім (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2005 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 45-46 санында жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы  Облыстық мәслихат хатшысы
Р. Борашов       Б. Шелпеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Облыстық жер қатынастары
      басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      Қ. Оразбаев
      «___» ________ 2009 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы бойынша
      Салық департаментінің бастығы
      А. Теңгебаев
      «___» ________ 2009 ж.

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы
10 сәуірдегі N  13/163 шешіміне
1 - қосымша

      Ескерту. 1 қосымша қағаз нұсқада берілген.

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы
10 сәуірдегі N  13/163 шешіміне
2 - қосымша

Ақтау қаласы бойынша салық салу мақсатындағы түзету коэффициенттері және Ақтау қаласының жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақ-тар N

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Салық салу үшін қолданылатын коэффициенттер

I

Теңіз жағалауы, NN 1, 4, 5, 7, 9, 14, 15 шағынаудандар; «Самал» тұрғын үй массиві, N 1 аурухана қалашығы

1,5

II

NN 2, 3, 3а, 3б, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 18а, 18б, 19, 20, 20а, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 33а, 34, 35, 36, «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандар және «Ақтау» халықаралық әуежай жолының оң жағында орналасқан жер учаскелері

1,3

III

«Ақтау-Сити» (теңіз жағалауына жақын орналасқан учаске)

1, 5

IV

«Ақтау-Сити» (әуежай жолының сол жағында орналасқан учаске)

1, 5

V

Өнеркәсіп (селитебтік аймаққа жақын орналасқан учаске)

1,4

VI

Өнеркәсіп

1,4

Айма қ тарды ң сипаттамасы

      Айма қ I
      Бірінші аймақ теңіз жағалауындағы аймақтың, селитебтік аймақ  б  лігін біріктіреді: N N  1, 4, 5, 7, 9, 14, 15 шағынаудандар; «Самал» тұрғын үй массиві, N  1 аурухана қалашығы.
      Бұл аймақта басты әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нышандар, мейрамханалар, кафелер, барлар, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, қонақ үйлер, қалалық жағажайлар, мәдениет және демалыс парктері, спорттық кешендер және басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
      Бірінші аймақтың тұрғын үй қорын 4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын үйлер, сондай-ақ, аса жайлы үйлер мен тұрғын кешендер алып тұр және оқшауланған жер массивтерін алып тұрған коттедждік құрылыстар.

      Айма қ II
      Екінші аймақ N N  2, 3, 3а, 3б, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 18а, 18б, 19, 20, 20а, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 33а, 34, 35, 36, «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандарын және «Ақтау» халықаралық әуежай жолының оң жағында орналасқан жер учаскелерін біріктіреді.
      Екінші аймақта халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін негізгі нысандар, мешіт, шіркеу, мейрамханалар, кафелер, барлар, супермаркеттер, дүкендер, банкілер және басқа да нысандар орналасқан.
      Екінші аймақтың тұрғын үй қорын 4-5, 7-11 қабатты жай тұрғын үйлер, сондай-ақ, аса жайлы үйлер мен тұрғын кешендер және оқшауланған жер массивтерін алып тұрған коттедждік құрылыстар алып тұр.

      Айма қ III
      Үшінші аймаққа тұрғын шағынаудандар, әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер және басқа да нысандар жоспарланған «Ақтау-Ситиді» салуға бөлінген жер учаскелері (теңіз жағалауына жақын орналасқан учаске) кіреді.

      Айма қ IV
      Төртінші аймаққа тұрғын шағынаудандар, әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер және басқа да нысандар жоспарланған «Ақтау-Ситиді» салуға бөлінген жер учаскелері («Ақтау» халықаралық әуежай жолының сол жағында орналасқан учаске) кіреді.

      Айма қ V
      Бесінші аймаққа селитебтік аймақта орналасқан барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

      Айма қ VI
      Алтыншы аймаққа Ақтау қаласы жерінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады