Облыс әкімдігінің "Бастауыш және орта білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2007 жылғы 8 маусымдағы N 164 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысының әкімдігінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 281 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте 1978 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 01-30-1050 хатымен

    Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.16  № 01-30-1050 хатымен.
      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына және "Қарақия кәсіптік мектебі" мемлекеттік мекемесіне жаңа мамандықтарға лицензия беруіне байланысты, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Облыс әкімдігінің "Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру туралы" 2007 жылғы 8 маусымдағы N 164 (НҚА тізілімінде N 1972 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 14 маусымда N 127 (9838) жарық көрген)  қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4 тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

3026001-Локомотив машинисі көмекшісі

25

9 сынып

қазақша

2 жыл 10 ай

      осы тармақта "Барлығы" деген бағанда "125" цифры "150" цифрымен ауыстырылсын.
      2) 5 тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

5-1               Қарақия кәсіптік мектебі

0821001-Тамақтандыру кәсіпорындарының маманы

25

9 сынып

қазақша

2 жыл
10 ай

3705001 - Электронды - есептеу  және есептеу машиналарының операторы

25

9 сынып

қазақша

2 жыл
10 ай

      "Бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындары бойынша" бағанасында "935" цифры "1010" цифрымен ауыстырылсын;
      3) 10 тармақтағы "О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі" "2006002 - Мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын салу мен пайдалану, 25, 9 сынып, қазақша, 3 жыл 10 ай" деген сөз алынып тасталсын;
      "1814002 - Мұнай және газ кенорындарының геологиясы мен барлауы" бағанасындағы "25" цифры "50" цифрмен ауыстырылсын;
      4) 13 тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

0314002-Бастауыш жалпы білім беру

(0314022-Бастауыш мектептегі информатика пәнінің мұғалімі)

25

9 сынып

қазақша

3 жыл 10 ай

0303002 - Негізгі мектепте математика пәні мұғалімі

25

9 сынып

қазақша

3 жыл 10 ай

      осы тармақта "Барлығы" деген бағанда "50" цифры "100" цифрымен ауыстырылсын.
      "Орта кәсіптік білім беретін оқу орындары бойынша" бағанда "1115" цифры "1165" цифрымен ауыстырылсын, "Облыс бойынша" бағандағы "2050" цифры "2175" цифрымен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.С. Сейтмағанбетоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                   Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады