Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.08.06 № 278 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303 қаулысымен бекітілген Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсімін бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінің 17-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру Ережесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы№N 1 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3300 , 2005 жылғы 2 ақпандағы "Қостанай таңы", 2005 жылғы 15 ақпандағы "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды; өзгерістер енгізілді: "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін жалға беру ережесін бекіту туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы №N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 23 қарашадағы №N 380 қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3525 , 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №N 150 "Қостанай таңы", 2005 жылғы 31 желтоқсандағы №N 179 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды; "Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру ережесін бекіту туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы№N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 15 қаңтардағы№N 34 қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3564 , 2007 жылғы 2 ақпандағы№N 15 "Қостанай таңы", 2007 жылғы 7 ақпандағы№N 19 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Ереженің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүліктен жалға беру шарттары бойынша жалгерлік ақы облыстық бюджетке есептеледі, аудандық (облыстық маңыздағы қала) коммуналдық тұлғаларға бекітілген мүліктен түскен жалгерлік ақы аудандық бюджетке есептеледі.".
Ереже мынадай мазмұнда 5-1-тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Егер де жеке мүлік санаттары бойынша жалдау ақысының мөлшерлемесі тыс жоғары деңгейде нормативтік құқықтық актілерімен бекітілсе, онда жалдау ақысының сомасын есептеу кезінде осы мөлшерлемелер қолданылады.".
2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі