Қарасу ауданының Герцена ауылын Айдарлы ауылдық округіне әкімшілік бағынысқа беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы 34/5 бр бірлескен шешімі мен қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 қаңтарда N 3582 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Қарасу ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Герцено ауылы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Айдарлы ауылдық округіне әкімшілік бағынысқа берілсін.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жариялаған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

Кезекті, екінші сессияның төрағасы


Қостанай облысының әкімі

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы


Әкімдік мүшелері



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады