Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 589 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 ақпанда № 3590 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2011.03.16 № 111 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің yлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің                  
2007 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 589 қаулысына қосымша     

"Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге 
асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою" 
мемлекеттік қызмет көрсетудің 
стандарты

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      "Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою".
      Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар (бұдан әрі - миссионерлер) Қазақстан республикасының аумағында миссионерлік қызметті есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады. Есептік тіркеусіз миссионерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың есептік тіркеуі жергілікті атқарушы органдармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда қайта тіркеуден өтуге міндетті.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
      автоматтандырылмаған.
      3. Аталған қызмет түрі "Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1, 4-2 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 702 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136  "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысының 3-1-бабының негізінде көрсетіледі.
      4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
      "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 507 кабинет.
      5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны:
      Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
      миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жеті күннен аспайтын мерзімде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 1қ минут.
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. "Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты Қостанай облысы әкімінің ресми сайтында www.kostanay.kz, "Ішкі саясат" веб-бетінде орналастырылған, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 507 кабинет.
      10. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған. Өртке қарсы қауіпсіздіктің талаптары сақталған.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) дiни нанымға тиесiлi, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмi көрсетілген өтiнiш;
      2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни бірлестік берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесi;
      3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруы;
      5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттар.
      Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қоюға құжаттарды қабылдау «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 507 кабинет, телефон 8 (7142) 575-193.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N№507 кабинетте, берілетін өтініш нысанын толтыру қажет.
      14. Толтырылған өтініш пен басқа да қажетті құжаттар мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 507 кабинет, телефон: 8 (7142) 575-193.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат қолхат болып табылады.
      16. Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы куәлікті өтінім беруші жеке басын растайтын куәлікті ұсынған кезде «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінен мына мекен мекен-жай бойынша алады: Қостанай қаласы, Қл-Фараби даңғылы, 66, № 5қ7 кабинет, телефон 8 (7142) 575-1ұ3.
      17. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) бойынша» мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін есептік тіркеу үшін ұсынылған құжаттардың толық емес тізбесі мен құжаттарды ресімдеуде қателіктер негіз болып табылады.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Қызметті тұтынушыға қатысты жұмыс принциптері сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығын қамтамасыз ету, құжаттардың тұтынушы алған сәтіне дейін сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

  4. Жұмыстың нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінде,
      мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 507 кабинет.
      22. Шағым "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесіне мына мекен-жайы бойынша беріледі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 501 кабинет.
      23. Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, N 501 кабинет, телефон: 575-190.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің бөлім басшысының, басшы орынбасарының байланыс деректері:
      1) «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекеменің директоры: телефоны: 8 (7142) 575-190, қабылдау уақыты әр айдың 2, 4 сәрсенбісінде - сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін;
      2) "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: телефоны: 8 (7142) 575-352, қабылдау уақыты әр айдың 1, 3 жұмасында - сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін;
      3) саяси партиялар және үкіметтік емес бірлестіктер мен жұмыс жөніндегі бөлім: телефоны: 8 (7142) 575-193, Е-mаil: pоlitiка_npo@kostanay.kz - жұмыс күндері - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      4) Жоғары ұйымның байланыс деректері - Қостанай облысының әкімдігі: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, телефон: 575-039, N 705 кабинет. 
      25. Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кеңесті 575-193 телефонына қоңырау соғып алуға болады. Жұмыс кестесі: күнде сағат 09.00-ден 18. 00-ге дейін, үзіліс - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. 

"Қостанай облысының аумағында        
миссионерлік қызметті жүзеге        
асыратын тұлғаларды есептік         
      тіркеуге (қайта тіркеуге) қою"      
мемлекеттік қызметін көрсетудің     
стандартына қосымша                 

    Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік
мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

100

100

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

85

85

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

80

80

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

50

0 (сайтта 
ұсынылған жоқ)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0

0 (арыздан түскен жоқ)

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

0 (арыздар түскен жоқ)

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттан-
ған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады