"Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған кепілдің келісім шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 583. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы N 3591 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.04.09 № 115 қаулысымен.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған кепілдің келісім шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс  әкімі

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Облыс әкімдігінің          
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 583 қаулысымен бекітілген

       <*> РҚАО ескерту: бүкіл мәтін бойынша "Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2008.11.14 № 543 Қаулысымен.

"Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған кепілдің келісім шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Осы стандарт Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім шартын тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308-бабының 1-тармағы және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша көрсетеді: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, 409-кабинет, сайт http://dpp.kostanay.қz/
      5. Мемлекеттік қызметт көрсетудің аяқтау нысаны кепілдің келісім шарты реестіне кепіл жөнінде жазба, сондай-ақ кепіл келісім-шартына жазба енгізу болып табылады.
      6. Құзыретті органмен көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған кепілдің келісім шартына қол қойған жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мынадай мерзімдерге беріледі:
      1) өтініш берушінің өтініш қабылдау жөнінде талон алу кезінен мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі - үш жұмыс күні;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезегінде күтудің ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезек күту рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 15 минут, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері - 5 мb.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің сайтында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша стендке орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, 9 сағат 15 минуттен 17.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет түрінде жүзеге асырылады.
      11. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның үй-жайы ғимараттың төртінші қабатында орналасқан. Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар қызмет көрсету орнына көтерілуі үшін лифтті пайдалануға болады. Күту залы жоқ, өйткені келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы акт беру кезінде үй-жайда күту қаралмаған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) мемлекеттік қызмет алуға арналған өтініш;
      2) кепіл ұстаушы және кепіл берушімен қол қойылған көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған кепілдің келісім шарты.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш еркін түрде жазылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар 407-кабинетте жауапты тұлғаға тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат ол құжаттарды қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен сағаты, сондай-ақ тұтынушының мемлекеттік қызмет алу күні де көрсетіледі.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметке тұтынушының жеке келуі болып табылады.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін мынадай мекенжайы бойынша жауапты тұлға береді: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, төртінші қабат, 409-кабинет.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі:
      1) құзыретті органның кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты жоқ болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабыны талаптарына сәйкес келмейтін кепіл шарты бар кепіл туралы келісім-шарт.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіз қаралмаған.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік органның жұмыс қағидаттары болып табылады:
      сыпайылық, қиыншылық туған жағдайда тиімді көмек көрсетуге дайындық;
      мемлекеттік қызмет көрсету туралы тиянақты ақпарат;
      тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету;
      тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараты сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету;
      тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша шағым болған жағдайда уәкілетті лауазымдық тұлғалардың іс-әрекетіне (іс-әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмек көрсететін "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғасына 404-кабинетке келуге болады.
      22. Шағым Қостанай облысының әкімдігіне беріледі, электрондық поштаның мекенжайы: акim@kostanay.кz
      23. Шағым қабылдағанын растайтын және шағымдануға жауап алу орны мен мерзімін көрсететін құжат берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетілген белгіленген формадағы талон болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы лауазымдық тұлғадан 575-058 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері (сайт, электрондық поштаның мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекенжайы, телефондары):
      1) тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарының байланыс деректері:
      сайт: http://dpp.kostanay.кz/
      электрондық пошта мекенжайы: dpp@kostanay.кz
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
      қабылдау: 9 сағат 15 минуттен 17.00-ге дейін
      мекенжайы: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, 4-қабат, 407- кабинет
      мемлекеттік мекеме басшысының телефоны: 575-240
      мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарының телефоны: 575-239;
      2) жоғары тұрған ұйым басшысының байланыс деректері:
      сайт: www. kostanay.кz
      электрондық поштаның мекенжайы: акim@kostanay.лz
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
      қабылдау: қабылдауға жазылу 575-084 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
      мекенжайы: Қостанай қаласы, Үл-Фараби даңғылы, 66
      басшының телефоны: 575-010
      25. Келісім-шартты тіркеуге байланысты мәселелерді шешуге міндетті мемлекеттік мекеме маманының телефоны: 575-232.

Қостанай облысының аумағында      
көпшілікке таралған пайдалы       
қазбаларды барлау, өндіруге немесе
барлау мен өндіруді қоса атқаруға 
арналған кепілдің келісім шартын  
тіркеу» мемлекеттік қызмет        
көрсетудің стандартына қосымша    

  Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және

қол жетімділік

көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)

99

99

99

1.2. қызмет алуды
кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт  күткен  тұтынушылардың
% (үлесі)

10

10

10

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың
% (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және  ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

90

90

90

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)

80

80

80

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпараты % (үлесі)

70

70

70

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың
жалпы санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0.1

0,1

0,1

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырылған
негізделген
шағымдардың % (үлесі)

95

95

95

4.3. шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. шағымдану
мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

85

85

85

5. Сыпайылық

5.1.қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың

% (үлесі)

90

90

90

% - пайыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады