2006 жылғы 30 мамырдағы № 1068 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 1923 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 5 қыркүйекте № 9-1-89 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 2012 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009.10.23 № 2012 қаулысымен, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңының 7 және 20-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"  қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 1068 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-51, 2006 жылғы 23 маусымдағы № 69 "Қостанай" газеті, 2007 жылғы 17 мамырдағы N 1179 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен толықтырулар енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-82, 2007 жылғы 07 маусымдағы № 45 "Қостанай" газеті) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығына:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына, тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде төленген, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік салық қорына әлеуметтік аударымдарға жұмыс берушілердің шығыны қалалық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.".
      2. Осы қаулы 2007 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.

      Қала әкімі 

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады