Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 16.04.2008 № 66 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабының 3-тармағына орындау үшін, Ұзынкөл аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 264 "2008 жылғы арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысын қарап, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2008 жылғы арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келістірілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшінші сессияның төрайымы р. Есенәлина
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы В. Вербовой