Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 108 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 2 тармағына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 ақпандағы N 58/3 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес әзiрленген жер-шаруашылық құрылысының жобасы негiзiнде бұрын Павлодар ауданының және Ақсу қаласының ауылдық аумағында орналасқан 24673 га жер Павлодар қаласының шекарасына қосылсын.
2. Облыс бойынша тiлдердi дамыту басқармасы осы мәселенi Қазақстан Республикасының үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына енгiзсiн.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
4. Осы шешiм ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Л. Белогривый
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облыстық мәслихатының
(III сайланған XXIV сессиясы)
2007 жылғы 13 сәуірдегі
"Павлодар қаласының шекарасын
өзгерту туралы" N 27/24 шешіміне
қосымша
Павлодар қаласы шекарасына тапсырылатын жерлердің экспликациясы (га)
N р/с |
Тапсырылатын жер телімдерінің атаулары |
Жалпы көлемі |
Ауыл-шаруашылық алаптардың барлығы |
Соның ішінде |
Өзге де жерлер |
||
егістік |
шабындық |
жайылым |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жерге орналастыру кезіндегі 2005 жылғы жер есебі бойынша, Павлодар қаласы |
32688 |
13690 |
6593 |
1130 |
5967 |
18998 |
|
1 |
Заңғар ауылдық округі жерлерінен тапсырылады |
6508 |
3332 |
1897 |
- |
1435 |
3176 |
2 |
Мойылды ауылы жерлерінен тапсырылады |
4042 |
3505 |
399 |
- |
3106 |
537 |
3 |
Жетекші ауылы жерлерінен тапсырылады |
1115 |
922 |
- |
- |
922 |
193 |
4 |
Кенжекөл ауылы жерлерінен тапсырылады |
11235 |
7890 |
783 |
154 |
6953 |
3345 |
5 |
Павлодар ауданы жерлерінен тапсырылады (N 9 орман телімі) |
123 |
- |
- |
- |
- |
123 |
Жерге орналастыру кезіндегі 2005 жылғы жер есебі бойынша, Ленин кенті |
5958 |
4480 |
146 |
266 |
4068 |
1478 |
|
6 |
Алғабас ауылы жерлерінен тапсырылады |
1360 |
1074 |
100 |
31 |
943 |
286 |
7 |
Айнакөл ауылдық округі жерлерінен тапсырылады |
290 |
218 |
- |
- |
218 |
72 |
Ленин кентіне тапсырылатын жиыны |
1650 |
1292 |
100 |
31 |
1161 |
358 |
|
Барлығы жаңа жоба бойынша, Ленин кенті |
7608 |
5772 |
246 |
297 |
5229 |
1836 |
|
Жерге орналастыру кезінде Павлодар қаласы мен Ленин кенті бойынша |
38646 |
18170 |
6739 |
1396 |
10035 |
20476 |
|
Барлығы Павлодар қаласы бойынша тапсырылады |
24673 |
16941 |
3179 |
185 |
13577 |
7732 |
|
Жаңа жоба бойынша Павлодар қаласының жалпы көлемі |
63319 |
35111 |
9918 |
1581 |
23612 |
28208 |