Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Азқамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 тамыздағы N 213/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 20 тамызда N 3093 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына, қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2007 жылғы 2 сәуiрдегi N 150 бұйрығымен бекiтiлген қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына (2004 жылғы 18 маусымда  Павлодар облысының әдiлет басқармасының тiзiлiмiнде N 2621 нөмiрмен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде  жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 2-тармағындағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасында:
      3-тармақтағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң  қолданысқа енгiзiледi.

       Облыс әкiмi                                  Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады