Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11- бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Ақсу қалалық мәслихатының және Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 5 ақпандағы N 229/32 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 2 қарашадағы "Ақсу қаласының Қазалы ауылын және Қазалы селолық округін қайта атау туралы" N 261/8 қаулысына сәйкес, қазалы ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ақсу қаласының Қазалы ауылы мен Қазалы селолық округi Мәмәйiт Омаров атындағы селолық округi мен Мәмәйіт Омаров ауылы етiп қайта аталсын.