Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөнінде

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 2/341 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 наурызда N 741 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы N 2/377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 19.05.2014 N 2/377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116 баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы  16 қаңтардағы N 42 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы шегіндегі су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 1 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы жер үсті су нысандарындағы суды қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
       2. 2 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жер үсті су нысандарын шаруашылық мақсатында пайдалану режимі белгіленсін.
       3. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаменті (С.Қ.Баймағамбетов) 2007 жылы жер үсті су нысандарының белдеулері мен су қорғау аймақтары шекарасындағы жер мен нысандарға түгендеу жүргізсін.
       4. 2007 жылғы 01 қарашаға дейін Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (С.А.Мәкежанов) су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау жөнінде іс-шараларын жасасын, оны жүзеге асыру мерзімін көрсетсін.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 4/711 қаулысымен.

      Алматы қаласы әкімі                        И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы                            К. Тәжиева

Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 2/341 қаулысына N 1 қосымша

Алматы қаласының су нысандарының су қорғау
аймақтары мен белдеулерінің шекарасы

      РҚАО ескертуі: схеманы қағаз нұсқасынан қараңыз

Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 2/341 қаулысына N 2 қосымша

Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы су қорғау
аймақтары мен белдеулері шегіндегі жер үсті су нысандарын
шаруашылық мақсатында пайдалану режимі

      1. Су қорғау шегіндегі аумақта тыйым салынады:
      1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізу;
      2) арам шөптер, өсімдіктердің ауруларымен зиянды жәндіктермен күресте химиялық құралдарды қолдану;
      3) топырақты тыңайту үшін көңді қолдану;
      4) лас суды жинайтын, зират және мал зираттарын, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қоқыстарын көму және тиісті орындарға жинау, улы химикатты аппаратты толтыру алаңдары, ферма және мал шаруашылығының кешені, минералдық тыңайтқыш және майлау материалдары, улы химикат қоймаларын орналастыру;
      5) көң мен қоқысты жинау;
      6) автокөліктерді, тракторларды және басқа механизмдерді жөндеу және жуу, май құю;
      7) 3 градустан жоғары құламалы құз жанындағы аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау аумағының көлемінде саяжай және бау-бақша учаскелер орналастыру;
      8) көлік құралдарының тұрағын орналастыру, оның ішінде саяжай аумағы және бау-бақша учаскелерінің аумақтарында да орналастыру;
      9) олардың судан қорғау аумағының су нысандарының бекітілуін және ластануын болдырмайтын, қайта жаңартылған жаңа нысандарды пайдалануға беру;
      10) жер ресурстарын басқару және елді мекендердің санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын жақсартуда суды қорғау қорын, қоршаған ортаны қорғауды пайдалануда жергілікті органдардың және облыстық өкілетті органдардың келісімінсіз, құрылыс жүргізу, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстары, ғимараттарды жаңарту, коммуникацияларды және басқа нысандарды қайта жаңарту, сонымен қатар пайдалы жер қазбаларын алу, жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізу;
      11) судың гидрохимиялық құрамын бұзатын, малды жуындыру және санитарлық емдеу және басқа да шаруашылық қызметтің түрлері.
      Суды қорғау аймақтары және санитарлық қорғау аймақтары түйіскен жағдайда, сонымен қатар санитарлық нормалар және ережелерді басшылыққа алған жөн;
      12) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, ықтимал сел қаупі бар су объектiлерiнде - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның келісімінсіз ғимарат, кәсіпорын және басқа да құрылыс нысандарын салу тыйым салынады.
       2. 1 тармақта судан қорғау жол бөлігінде көрсетілгеннен басқаға тыйым салу:
      1) жерді жүйелі жырту;
      2) тыңайтқыштарды қолдану;
      3) шайылған топырақтардың орнына топырақ үйіп, жөндеу;
      4) дәстүрлі суаттарды пайдалануды айтпағанда, мал жаю;
      5) маусымдық стационарлық шатырлар қалашығын орнату;
      6) арнайы қолданыстағы техникадан басқа, автокөліктердің және механизмдердің қозғалысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады