Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 32 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті 2007 жылғы 23 ақпандағы N 1641 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы 10-бабы 2-тармағы 11) тармақшасы және 18-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексінің  123-бабынасәйкес, "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше қорғау және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбулаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.09.09 N 243 Қаулысымен.
      1. Мыналар орнатылсын:
      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Ғабит Мүсірепов  атындағы аудан аумағында жер пайдаланушылар мен жеке меншік жер учаскелерін алып қоюсыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ (ілгеріде - ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесі шекарасы маңайында ені екі километр қорғау аймағы;
      қосымшаға сәйкес ұлттық саябақтың қорғау аумағында табиғатты пайдалану режимі;
      қорғау аймағының шекарасы ұлттық саябақ шекарасы конфигурациясына ұқсас.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді- СҚО әкімдінінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 257; 2010.09.09 N 243 Қаулыларымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді- СҚО әкімдінінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 257 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің 2007 жылғы
15 ақпандағы N 32 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумақтарында табиғатты пайдаланудың режимі мен тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (ілгеріде - ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғат ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін, жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекетінің негізгі түрлері рұқсат етіледі.
      2. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында мыналары тыйым салынады:
      1) қолда бар елді мекендерді ұлғайтуға және жаңадан салуға;
      2) объектілерді орналастыруға, жобалауға, құруға және пайдалануға, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін, жаңа технологияларды енгізуге;
      3) өсімдіктер мен жануарлар әлеміне уытты улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдаланумен шаруашылық және орман шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізуге;
      4) атмосфераға және ашық су көздері мен бедерге және ағын сулардың ластаушы заттарды тастауға, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбаларды барлауға;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
      7) радиоактивті материалдар мен кәсіптік қалдықтарды көмуге;
      8) ұлттық саябақтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық тәртібін өзгерту қабілеті бар іс-әрекет (сулардың табиғи ағуын азайтатын және тоқтауына әкелетін бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылғылар және басқа объектілерді құру);
      9) бөтен жабайы аңдар мен жабайы өсімдіктерді жерсіндіруге;
      10) ұлттық саябақтың экологиялық жүйесіне зиянды әсер ететін басқа да іс-әрекеттерге.
      3. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
      1) орман шаруашылық әрекеті;
      2) дәстүрлі жер пайдаланушылық, мал бағу мен пішен оруды қоса алғанда, сонымен қатар ұзақ мерзімді сақтау мен биологиялық әртүрлілікті зақымдамауды қамтамасыз ету шегіндегі басқа да іс-әрекеті;
      3) туристік және үзілістік іс-әрекет;
      4) арасан суларды, бальнеологиялық   және климаттың ресурстарын пайдалану;
      5) кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды;
      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі авиациялық және жер бетіндегі жұмыстарды өткізуді;
      7) бұзылған жерлерді қалпына келтіруді;
      8) орман және басқа да өсімдік бірлестіктерін қалпына келтіруді;
      9) жабайы аңдар мекендейтін жерлері мен санын қалпына келтіруді;
      10) туристтердің келіп-кету орнын орналастыру үшін жер учаскелерін пайдалану, жануарлар мен өсімдіктердің эндемиялық, сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін жасанды көбейту, өсіру, отырғызу үшін көшеттер құру, сонымен қатар ұлттық саябақ жұмысшылары тұруына қызметтік үйлер салу (кордондар), оларға қызметтік жер үлесін беруді.
      4. Осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген ұлттық саябақтың қорғау аймағында іс әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында өсімдіктер мен жануарлар әлемі объектілерінің көбею жағдайлары мен мекендейтін жерлерін сақтап қалу жөнінде шаралар қаралып, жүзеге асырылуы керек, аңдардың көші-қон жолдары мен топтастырылатын жерлері, жабайы аңдардың мекендейтін жерлері, сонымен қатар ұлттық саябақтың басқа да объектілері ерекше құндылық ретінде көрінетін учаскелердің жұмсалмауын қамтамасыз етуді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады