"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына,»"Нормативтік құқықтық актілер туралы"»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында»"Көкшетау"»Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғау аймағын орнату туралы"»облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 32 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінің Солтүстік Қазақстан өңірлік бөлімінде 2007 жылы 28 ақпанда N 1641 болып тіркелген, 2007 жыл 28 ақпан»"Солтүстік Қазақстан", 2007 жыл 28 ақпан»"Северный Казахстан"»газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында»"Көкшетау"»Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы";
1-тармақтың үшінші азатжолындағы»"мен тәртібі"»сөздері алынып тасталсын;
2-тармақтағы»"облыс әкімінің бірінші орынбасары С.І. Сүлейменовке"»сөздері»"облыс әкімінің орынбасары С.С.Ескендіровке"»сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С.Ескендіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы
12 қарашадағы N 257 қаулысына
қосымша
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы
15 ақпандағы N 32 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті»"Көкшетау"»Мемлекеттік
ұлттық табиғи саябағы"»мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы
аумақтарында табиғатты пайдаланудың режимі мен тәртібі
1.»"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті»"Көкшетау"»Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы"»(ілгеріде-ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғат ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін, жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық іс әрекетінің негізгі түрлері рұқсат етіледі.
2. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында мыналары тыйым салынады:
1) қолда бар елді мекендерді ұлғайтуға және жаңадан салуға;
2) объектілерді орналастыруға, жобалауға, құруға және пайдалануға, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін, жаңа технологияларды енгізуге;
3) өсімдіктер мен жануарлар әлеміне уытты улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдаланумен шаруашылық және орман шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізуге;
4) атмосфераға және ашық су көздері мен бедерге және ағын сулардың ластаушы заттарды тастауға, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбаларды барлауға;
6) радиоактивті материалдар мен кәсіптік қалдықтарды көмуге;
7) ұлттық саябақтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық тәртібін өзгерту қабілеті бар іс-әрекет (сулардың табиғи ағуын азайтатын және тоқтауына әкелетін бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылғылар және басқа объектілерді құру);
8) бөтен жабайы аңдар мен жабайы өсімдіктерді жерсіндіруге.
3. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
1) орман шаруашылық әрекеті;
2) дәстүрлі жер пайдаланушылық, мал бағу мен пішен оруды қоса алғанда, сонымен қатар ұзақ мерзімді сақтау мен биологиялық әртүрлілікті зақымдамауды қамтамасыз ету шегіндегі басқа да іс-әрекеті;
3) туристік және үзілістік іс-әрекет;
4) арасан суларды, бальнеологиялық және климаттың ресурстарын пайдалану;
5) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
6) кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды;
7) орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі авиациялық және жер бетіндегі жұмыстарды өткізуді;
8) бұзылған жерлерді қалпына келтіруді;
9) орман және басқа да өсімдік бірлестіктерін қалпына келтіруді;
10) жабайы аңдар мекендейтін жерлері мен санын қалпына келтіруді;
11) туристердің келіп-кету орнын орналастыру үшін жер учаскелерін пайдалану, жануарлар мен өсімдіктердің эндемиялық, сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін жасанды көбейту, өсіру, отырғызу үшін көшеттер құру, сонымен қатар ұлттық саябақ жұмысшылары тұруына қызметтік үйлер салу (кордондар), оларға қызметтік жер үлесін беруді.
4. Осы Қосымшаның 3 тармағында көрсетілген ұлттық саябақтың қорғау аймағында іс әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында өсімдіктер мен жануарлар әлемі объектілерінің көбею жағдайлары мен мекендейтін жерлерін сақтап қалу жөнінде шаралар қаралып, жүзеге асырылуы керек, аңдардың көші-қон жолдары мен топтастырылатын жерлері, жабайы аңдардың мекендейтін жерлері, сонымен қатар ұлттық саябақтың басқа да объектілері ерекше құндылық ретінде көрінетін учаскелердің жұмсалмауын қамтамасыз етуді.