"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 32 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 243 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қазанда N 1760 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1641 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 ақпаны «Солтүстік Қазақстан», 2007 жылдың 28 ақпаны «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      преамбулада «басқару» сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
      1-тармақта «Айыртау аудан» сөздерінен кейін «, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы» сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады