"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1977 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-108 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуінің  қоса берілген стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы  алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі

                                                                                        Петропавл қаласы әкімдігінің   
2007 жылғы 11 желтоқсандағы   
N 1977 қаулысымен       
бекітілген           

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою"

  1. Негізгі ұғымдар

      1.Мемлекеттік қызмет - жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының "Жұмыссыздарды тіркеу" 15 бабы 6 тармағы "Уәкілетті орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, нысанын орталық атқарушы орган бекіткен дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік деректер базасы) мәліметтерді енгізу арқылы өтініш жасаған адамдарды тұрғылықты жері бойынша жұмыссыздар ретінде тіркейді"негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі)- дербес есептеу карточкасы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру түрі және ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғалар куәлігі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берген оралман куәлігі бар оралмандарға.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі- құжаттарды тапсырған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орналасқан орны:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары - күту залы, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін - пандус, отыруға орындықтар.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      жеке куәлік (төлқұжат);
      еңбек қызметін куәландыратын құжат;
      алатын кірістері туралы мәлімет (өтініш беру арқылы)
      шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру түрі және ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғалар куәлігін көрсетеді;
      оралмандар халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін көрсетеді;
      дербес есептеу карточкасы (компьютерлік деректер базасы);
      әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі. 
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс істеу және қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 13, N 14, N 15 кабинеттер, телефоны: 34-42-39.
       Ескерту. 12 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1522 қаулысымен
      13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесіндегі маманда бар.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілі- өзінің келуі.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 13, N 14, N 15 кабинеттер.
      17. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 2 бабына сәйкес келетін жұмыспен қамтылғандар санатына жататындар, жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қажетті құжаттардың болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз болады.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      жұмыссыз ретінде тіркелу және есепке алу тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
      тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
      22. Шағым беріледі:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 27 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 31-11-35, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
      Жоғарыда тұрған ұйымға;
      сот.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

  6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 27 кабинет, телефоны: 31-11-35, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат:
      келген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыс алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру;
      жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу;
      жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберу;
      жұмыссызға жұмыссыз ретінде тіркелгендігіне анықтама беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады