Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 167 "Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделу үшін жеңілдік беру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 9 шілдедегі N 171 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 2496 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011 жылғы 28 шілдедегі N 219 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011.07.28 N 219 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 167 "Атырау
облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс
қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделу үшін
жеңілдік беру туралы" (Атырау облыстық әділет департаментінде 2006
жылғы 10 шілдеде N 2468 тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі N 90 облыстық "Атырау" және "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      мәтіннің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жеңілдік беру туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоса беріліп отырған Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жеңілдіктер беру туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін".
      Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының
қатысушылары мен мүгедектеріне санаторий-курорттық емделуге жеңілдіктер беру ережесінде:
      тақырыпты қоса алғанда барлық мәтін бойынша "Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздерден кейін "денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      4 тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мүгедектік туралы анықтаманың және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан өзінді көшірмелері.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Қ.Қайненовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі           Б. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады