Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011.07.28 N 219 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына, денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жеңілдіктер беру туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Ескерту: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылды - Атырау облыстық әкімиятының 2007.07.09. N 171 қаулысымен.2. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті осы қаулымен бекітілген Ережеге сәйкес жеңілдіктердің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
3. Атырау облысы қаржы департаменті облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат есебінен уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 71 "Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделу үшін жеңілдік беру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайненовке жүктелсін.
Облыс әкімі |
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 167 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына,
денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-
курорттық емделуге жеңілдік беру туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес дайындалды.
2. Жеңілдікті тағайындау тәртібі
2. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге санаторий-курорттық емделу үшін жеңілдік беруді Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - Департамент) жүзеге асырады.
Ескерту: мәтіннің тақырыбы жаңа редакцияда және "денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге" сөздерімен толықтырылды - Атырау облыстық әкімиятының 2007.07.09. N 171 қаулысымен.3. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына денсаулық жағдайы бойынша мүгедектерге жеңілдіктер жолдама түрінде, барып-келу жол ақысын қоса алғанда, беріледі.
4. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары Департаментке өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттық көшірмесі;
2) Ұлы Отан соғысына және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы екенін растайтын куәліктің көшірмесі;-курорттық картаның
көшірмесі;
4) тұрғылықты жері туралы анықтама немесе тұрғындар есебі кітабының көшірмесі қоса беріледі.
5) мүгедектік туралы анықтаманың және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан өзінді көшірмелері.
Ескерту: 5 тармақшамен толықтырылды - Атырау облыстық әкімиятының 2007.07.09. N 171 қаулысымен.5. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін қажетті
құжаттар Департаментке салыстыру үшін тұпнұсқалар мен көшірмелер түрінде беріледі. Салыстырудан кейін құжаттардың тұпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
6. Барлық қажетті құжаттар төгел болған жағдайда, Департамент
жолдама беру туралы шешім қабылдайды.
7. Арыз қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде қаралып, нәтижесінде өтініш берушіге дәлелді жазбаша жауап беріледі.
8. Жолдама күнтізбелік жылға бір рет беріледі.
9. Барып-келу жол ақысын қоса алғанда жолдаманың құны облыстық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
3. Жеңілдікті қаржыландыру және төлеу тәртібі
10. Жеңілдіктерді қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатта
қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
11. Санаторий-курорттық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы N 321 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес анықталады.
4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
12. Жеңілдіктерді төлеу бойынша есеп жүргізу және есептілік жүргізу Департаментке жүктеледі.
13. Департамент ай сайын 10-күніне дейін санаторий-курорттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар төлеген қаражат бойынша салыстыру актісін жасайды.
14. Жеңілдіктерді төлеуге бөлінген қаражаттық мақсатты жұмсалуын бақылау уәкілетті органдарға жүктеледі.