Индер ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 35-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 278 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда N 2505 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  3, 11 баптарына сәйкес, Индер аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N№11-ІV "Индер ауданының шағын елді мекендерін есептік деректерден шығару туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етеді:

      1. Индер ауданы елді мекендерінің құрамдарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Өрлік селолық округінің Жұлдыз, Жиек ауылдары Өрлік селолық округінің Өрлік селосының құрамына;
      2) Елтай селолық округінің Қарой, Жырақұдық ауылдары Елтай селолық округінің Елтай селосының құрамына;
      3) Көктоғай селолық округінің Мұқанәлі ауылы Көктоғай селолық округінің Көктоғай селосының құрамына;
      4) Есбол селолық округінің Елеусін ауылы Есбол селолық округінің Есбол селосының құрамына енгізілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың ІІІ           Облыс әкімі 
      сессиясының төрағасы                 Б.Рысқалиев
      Ж.Дүйсенғалиев

      Облыстық мәслихат хатшысы      Ж.Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады