Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентін бекіту туралы" және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы N 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулыларын орындауда облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартты тіркеу туралы стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы С.М. Рысқалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев
Атырау облысы әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 305 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты тіркеу
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартты тіркеу.
Құзыретті орган - Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті.
Жер қойнауын пайдаланушы, тұтынушы - жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған немесе құзыретті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар.
Мемлекеттік қызметтің осы түрін ұсыну ерекшелігі:
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы) 13 бабының 1-1-тармағына сәйкес барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудің нәтижелері негізінде жасалады;
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
КТПҚ барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты КТПҚ өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
жалпы пайдаланудағы темiржолдар мен автомобиль жолдарын және көпiрлердi салу (жаңғырту, жөндеу) кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
ұлттық компаниямен бiрлесiп КТПҚ барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарттар жасалады.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартты тіркеу жөніндегі мемлекетті қызмет көрсетудің тұтынушысы КТПҚ жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс жеңімпаздары немесе құзыретті органмен тікелей келіссіздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болғандар ғана бола алады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 9 бабының 5-тармағына және 44 бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
4. КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 201 кабинет мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіру операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт және келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы сертификат.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Мемлекеттік қызмет жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған немесе құзыретті органмен жүргізген тікелей келіссіздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытты шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттар тізімдемесін толық тапсырған сәттен бастап КТПҚ барлау, өндеу немесе бірлескен барлау мен өндеу операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарт жасау мерзімі - 30 күн (келісім-шарт жобасына келісімін беретін мемлекеттік органдардың оң қорытындылары мен келісімдерін берген жағдайда) (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 44 бабының 3-тармағы);
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минутқа дейін;
құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минутқа дейін;
8. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпаратпен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде танысуға болады, мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77,N 201 кабинет.
10. Жұмыс кестесі: Күн сайын сағат 09.00-дан - 18.00 сағатқа дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі күндері.
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 201 кабинет мекен-жайында орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартты тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі N 1015 "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған Модельдік келісім-шартқа сәйкес тұтынушының КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған туралы келісім-шарт жобасы;
2) келісім-шарттың бүкіл қолдану мерзіміне ең төменгі жұмыс бағдарламасы арналған жобасын тұтынушының өз жоспарына сәйкес тутастай келісім шарттың қолданылу мерзіміне әзірленуі (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 42 бабының 2-3-тармағы);
3) геологиялық бөлікті немесе "ЗапКазНедра" Батыс-Қазақстан аумақтық геологиялық және жер қойнауын пайдалану басқармасы (Ақтөбе қаласы) (бұдан әрі - "ЗапКазНедра" басқармасы) беретін тау-кендік бөлікті (КТПҚ өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде) бергендігін растайтын акт (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 1 бабының 50-тармағы);
4) "ЗапКазНедра" басқармасымен жасалынатын жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша геологиялық ақпарат алу туралы келісім-шарт (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 41-4 бабының 2- тармағы);
5) облыс әкімінің жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешімі (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 44 бабының 5-тармағы);
6) Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне жоғарыда көрсетілген құжаттарды жібергендігі туралы тұтынушының ілеспе хаты;
7) Ілеспе құжаттармен келісім-шарт жобасын алғаннан кейін құзыретті орган қызметкері ілеспе хаттың екінші данасына алынған уақытын және қолын қойып, тұтынушыға кері қайтарады.
13. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 31 шілдесінде N 1015 "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Модельдік келiсiм-шартты Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайы бойынша 201 кабинетке тапсыруға және алуға болады.
14. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін Департамент қызметкері тұтынушының ілеспе хатының екінші данасына алынған уақытын және қолын қойып, кері қайтарады.
15. құжаттарды жеткізу тәсілдері: аяқтай келу немесе хат тасушы арқылы.
Департамент қол қойған КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартпен келісім-шарты мемлекеттік тіркеу сертификаты Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайы бойынша орналасқан 201 кабинетте беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету келесі жағдайларда тоқтатылады: құжаттар жиынтығы толық тапсырылмағанда, тапсырылған құжаттарда түзетулер анықталса, келісім беретін органдар ескертпелер берген жағдайда.
Мемлекеттік қызмет ұсынудан мына жағдайларда бас тартылады:
1) келісім-шарттың жобасына мемлекеттік органдардың біреуі келісім беруден бас тартқан жағдайда;
2) тұтынушы КТПҚ барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт жасау үшін Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 42 бабының 2-2, 2-4-тармақтарында көзделген міндетті талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қойылған талаптар келісім-шарттың жобасында қабылдамаған жағдайда;
3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың жобасы конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы деп тану туралы шешiм шығарған немесе құзыретті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған күннен бастап жеті ай iшiнде бермеген жағдайда (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңның 41-7 бабының 9-тармағы).
3. Жұмыс қағидаттары
17. Жұмыс қағидаттары:
1) Тұтынушыларға Департамент ұсынатын қызметтер туралы толық ақпарат ұсынылады;
2) Қызметкерлер ақпараттық сақталуына, қорғалуына және құпиялығына жауапты;
3) Егер тұтынушылар құжаттарды уақытында алмаған жағдайда Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті бір ай мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі) сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
20. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімінің бас мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, 527 кабинет, байланыс телефоны: 35-47-53.
Мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің шешімдеріне тұтынушылар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
21. Шағым Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының атына беріледі, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 523 кабинет, байланыс телефоны: 35-45-59.
22. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тіркеу журналында тіркелгені болып табылады. Шағымға жауапты алатын орны: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 523 кабинет, байланыс телефоны: 35-45-59. Шағымның қаралу барысы туралы 32-55-12 байланыс телефоны арқылы білуге болады.
6. Байланыс ақпараты. Біздің мекен-жай және телефондарымыз:
23. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің директоры: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 523 кабинет. Телефон/факс: 35-45-59.
24. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, N 527 кабинет. Телефон: 35-47-53.
25. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсетуші жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімі: 060010, Атырау қ., Әйтеке-би көшесі, 77, 201 кабинет. Телефон: 32-55-12.
Атырау облысы әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
305 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100% |
98% |
95% |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85% |
82% |
80% |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
80% |
75% |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
80% |
70% |
65% |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
50% |
45% |
40% |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0,5% |
1% |
1,5% |
4.2. Белгіленген мерзімде таралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
- |
- |
- |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
- |
- |
- |
4.4. Шағымдану мерзіміне |
- |
- |
- |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
80% |
75% |