Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 268 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қаңтарда N 4-6-62 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 2 тармағы 4 тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мекемелерде, кәсіпорындарда (меншік түріне қарамастан) жалпы жұмыс орындарының үш пайызы мөлшерінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруға 2008 жылға квота белгіленсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жіберген мүгедек адамдарды, тағайындалған квотаға сәйкес жұмысқа мынадай мекемелермен кәсіпорындарға жұмысқа қабылдау ұсынылсын:
      1) аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша);
      2) аудандық емханаға (келісім бойынша);
      3) аудандық өкпе ауруханаға (келісім бойынша);
      4) "Индергаз" жауапкершілік шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша);
      5) "ИСИГипсИндер" жауапкершілік шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша).
      3. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы N 51 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңдігереевке жүктелсін.
      5. Осы шешім Индер аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткізіліп, ресми жарияланғаннан кейін он қүнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудан әкімі Н. Мұханбеталиев
      Келісілді:
      Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері:
Е. Сабыров
      23 қараша 2007 жыл.
      Аудандық емхананың
бас дәрігері:
А. Доспаева
      23 қараша 2007 жыл.
      Аудандық өкпе аурухананың
бас дәрігері:
Т. Каналин
      23 қараша 2007 жыл.
      "ИСИГипсИндер" ЖШС-нің
бас директоры:
А.Ф. Ребенсдорф
      23 қараша 2007 жыл.
      "Индергаз" ЖШС-нің
бас директоры
М. Төленова
      23 қараша 2007 жыл.

  Аудан әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 268 қаулысына қосымша

Кәсіпорын, мекемелер атауы
Жұмыс жасайтындар саны
Осы мекемедегі жұмыс жасайтын мүгедектердің саны
2008 жылға болжам бойынша мүгедектер үшін ашылатын орын
Аудандық емхана
84
4
-
Аудандық аурухана
157
4
-
Аудандық өкпе аурулар ауруханасы
35
2
-
"Индерводоканал" МҚКК
67
7
-
"Индергаз" ЖШС
49
-
1
"ИСИГИПС Индер" ЖШС
204
3
4
"Келбет" ЖШС
30
5
-
"Индер-Мәдениет" МҚКК
20
2
-
"Көктем" қазақ орта мектебі
60
1
 
М. Әуезов атындағы орта мектебі
100
3
-
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі
80
1
-

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады