Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 337 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       "Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Шамұратовқа жүктелсін.
       Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "9" қарашадағы № 337 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

       Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы № 268 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қаңтарда № 4-6-62 тіркелді);
       Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 240 "Индер ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда № 4-6-88 тіркелді);
       Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 183 "Индер ауданында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте № 4-6-107 тіркелді);
       Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 170 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 маусымдағы № 4-6-132 тіркелді);
       Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 89 "Индер аудандық мәслихат депутаттығына № 2 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда № 2871 тіркелді);
       Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 93 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2883 тіркелді);
       Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 417 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 3047 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады