Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 мамырдағы N 33/361-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2007 жылғы 11 маусымдағы N 199 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 28 маусымда N 1956 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  11 бабына  сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Түркістан қаласы, Қазығұрт, Мақтаарал, Сайрам, Түлкібас және Шардара аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Түркістан қаласы бойынша

      Жүйнек ауылдық округінің Коммуна ауылы - Жүйнек ауылы болып;
      Жүйнек ауылдық округінің Қызыл жол ауылы - Шекербұлақ ауылы болып;
      Шаға ауылдық округінің Чапаев ауылы - Бершінтөбе ауылы болып;
      Шаға ауылдық округінің Пушкин ауылы - Шоқтас ауылы болып;
      Үшқайық ауылдық округінің Спецхозобъединение ауылы - Сұлтанбек Қожанов ауылы болып;
      Шорнақ ауылдық округінің М.Горький ауылы - Аша ауылы болып;
      Қазығұрт ауданы бойынша
      Қызылқия ауылдық округінің Калинин ауылы - Тұғыртас ауылы болып;

Мақтаарал ауданы бойынша

      Жаңа ауыл ауылдық округінің Красная звезда ауылы - Әбдіхалық ауылы болып;

Сайрам ауданы бойынша

      Сайрам ауылдық округінің Артель ауылы - Исфиджаб ауылы болып;
      Көлкент ауылдық округінің Қызыл Қазақстан ауылы - Молыбай Оразалиев ауылы болып;

Түлкібас ауданы бойынша

      Кемербастау ауылдық округінің екінші Түлкібас ауылы - Мәнтай Жәрімбетов ауылы болып;
      Мичурин ауылдық округінің Кенаф ауылы - Таусағыз ауылы болып;
      Мичурин ауылдық округінің Мичурин ауылы - Майтөбе ауылы болып;
      Мичурин ауылдық округінің Каучук ауылы - Көксағыз ауылы болып;
      Т.Рысқұлов ауылдық округінің Қызыл-Әскер ауылы - Тастыбұлақ ауылы болып;
      Түлкібас поселкелік округінің Казарма ауылы - Ақбура ауылы болып;

Шардара ауданы бойынша

      Шардара ауылдық округі - Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі болып қайта аталсын.

      2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады