Біржолғы талондар құны туралы

Күшін жойған

ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N 4/22-4с шешімі. Шымкент қаласының әділет басқармасында 2007 жылы 29 қазанда N 14-1-62 тіркелді. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/184-4с Шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/184-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 369-бабының 2-тармағына , 370-бабының 4-тармағына , 373-бабының 2-тармағына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылдың 30-қазандағы N 1469 "Біржолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шымкент қаласының базарларында тауар сатуды жүзеге асыратын (базарлар аумағында жалға алу келісім-шарты бойынша дүңгіршіктерде, стационарлық жайларда (стационарлық типтік бөлімдерде) сатудан басқа) жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін (жыл ішінде 90 күннен артпасын) біржолғы талондар құны 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылдың 24 наурыздағы N 27/243-3с "Біржолғы талондар құны туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 14-1-29 тіркелген, 2006 жылдың 21 сәуірдегі "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
 
            Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы
 
            Қалалық мәслихат
      хатшысы

                                          Шымкент қалалық мәслихатының
      2007 жылғы 22 қазандағы
      N 4/22-4с шешіміне 1-қосымша

Базарларында тауар сатуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондар құны

N

р/с

Тауар,жұмыс және қызмет атаулары

Әр сатушының алатын сауда алаңы

Біржолғы талон құны

(теңге)

1.

Базар аумағында сауда жасау:



1)

ұн, нан және нан тағамдары , кондитерлік тағамдары

1 шаршы метрден

100

2)

ет және ет өнімдері

1 шаршы метрден

200

3)

сүт және сүт өнімдері

1 шаршы метрден

100

4)

көкөніс, жеміс-жидектер

1 шаршы метрге дейін

100

5)

құрғақ жемістер, бал

2 шаршы метрге дейін

300

6)

киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер, теріден жасалған бұйымдар

2 шаршы метрге дейін

200

7)

аудио-видеоаппаратуралар

2 шаршы метрге дейін

200

8)

кеңсе тауарлары, парфюмерия

1 шаршы метрден

150

9)

жеңіл автокөліктер

1 кіріп шыққанына

300

10)

автобустар

1 кіріп шыққанына

400

11)

мото-велотехникасы

1 кіріп шыққанына

250

12)

ірі қара мал, жылқы, түйе

1 бас

200

13)

қой, саулық, ешкі, қозы

1 бас

150

14)

құс және үй жануарлары

1 шаршы метрден

150

15)

жем, шөп

2 шаршы метрге дейін

200

16)

құрылыс материалдары

3 шаршы метрге дейін

250

17)

гүлдер

1 шаршы метрден

150

18)

аяқ киім тігу, жөндеу және тұрмыстық қызметтер

2 шаршы метрге дейін

100

19)

ұсақ-түйек тауарлар

1 шаршы метрден

100

Шымкент қалалық мәслихатының
      2007 жылғы 22 қазандағы
      N 4/22-4с шешіміне 2-қосымша

Кәсіпкерлік қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны (жыл ішінде 90 күннен артпасын)

N р/с


Біржолғы талон құны

(теңге)

1.

Сату(тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын

қызметтен басқасы):


1)

газеттермен журналдар

100

2)

тұқым,сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет,көшет)

100

3)

бақша дақылдары

200

4)

саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер

50

5)

үй жанындағы ауылшаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

100

6)

жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

120

7)

сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

120

2.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

300

3.

Жолаушылар (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдер іиелерінің қызмет көрсетулері

200

4.

Үй жануарлары мен құстарды жаю

100

Ескерту: егер тұрған (сауда) орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші біржолғы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады