Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Жаңаталап ауылдық әкімшілігіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 40-397/III шешімі және Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 14 сәуірде N 14-10-65 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жаңаталап ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 96,5 гектар тәлімі жерден жер телімі алынып, Жаңаталап ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 96,5 гектар жер телімі қосылып, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Жаңаталап елді мекенінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Әлиев
      Сессия төрайымы                            С. Қайранова
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ю. Халимжанов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады