Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2010.07.09 N 33-244-IV шешімімен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Шардара ауданында үй жануарларын ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы З. Талбидин
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бердібеков
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторы Б.Е. Құдайбергенұлы
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Т.Е. Әліпбекұлы
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.Б. Әбілқасымұлы
Шардара аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 4-18-ІV шешімімен бекітілген
Шардара ауданында үй жануарларын ұстау Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және үй жануарларын ұстау тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылған:
1. Бірдейлендіру–ауыл шаруашылық жануарларын сырғалау, таңбалау және татуировкалау арқылы жеке бірдейлендіру нөмірін тасымалдаушыны (пласмасты биркалар, сырғалар, татуировкалайтын нөмірлер) берумен қатар паспорттауды жүргізу рәсімі;
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган-Шардара ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы;
3. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация-өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй–жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;
4. Ветеринариялық паспорт-жазылған мал иесі, малдың түрі, жынысы, түсі, жасы және ауруға қарсы егілген мағлұматтары бар, малдың ауырғаны, емделгені, қойылған диагноздары көрсетілген Мемлекеттік өкілеттік органымен белгіленген түрде ветеринариялық құжат.
2-тарау. Жеке және заңды тұлғалармен міндетті түрде орындалатын ветеринариялық іс-шарлар
5. Бірдейлендіру нөмірін, ветеринарлық паспорт алу.
6. Ветеринариялық инспекторлардың талабы бойынша малды профилактикалық тексеруге, диагностикалық зерттеулерге, профилактикалық егуге ұсыну.
7. Мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргізу, көңді зарарсыздандыруға үю.
8. Жануарлардың иелері мал тұратын қораларда санитариялық-гигиеналық шараларды жүргізуі тиіс (сапалы тазалау, дезинфекция, дератизация, дезинсекция).
9. Жаңадан әкелінген малдарды диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық емдеу жүргізу мақсатында 30 күн бойы оқшаулап ұстау.
10. Мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау.
11. Қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау.
12. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойылғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге.
13. Малдың көңін, өлексесін және ауру малдың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру.
14. Клиникалық тексеру мен антирабиялық вакцинамен алдын ала сақтану егулерін жүргізіу үшін ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімдерде өздерінің иелігіндегі иттері мен мысықтарын ветеринарлық емдеу–алдын алу ұйымдарына жеткізеді.
3-тарау. Үй жануарлары иелерінің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
15. Жеке және заңды тұлғалар:
1) аумақты, мал шаруашылығы қора–жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық–санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасмалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
3) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуге;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
5) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
6) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
7) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық–санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
8) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге.
4-тарау. Ит пен мысықты ұстау тәртібі
16. Рұқсат етіледі:
1) қысқа қарғы баумен және тұмылдырықпен иттерді қыдыртуға;
2) жануарларды барлық көлік түрімен тасмалдауға егер жолаушыларға қысылым кедергі жасамаса.
17. Тыйым салынады:
1) қоғамдық жерлерде байлаушысыз, тұмылдырықталмаған итпен жүруге және қыдыртуға;
2) спорттық балалар алаңдарын, тротуарларды және парк аумақтарын жануарлардың ластауына.
5-тарау. Ауыл шаруашылық үй жануарларды ұстау тәртібі
18. Ауыл шаруашылық үй жануарлары арнайы жабдықталған құрлымдарда ұсталуы тиіс.
19. Қи, жем-шөп қалдықтары, басқа да қоқыстар арнайы белгіленген орындарға уақытында шығарылуы тиіс. Мал қоралары ай сайын ақталуға және дезинфекциядан өткізуге тиіс.
20. Көшелерде, парктерде және басқа да жалпы пайдаланатын жерлерде малды бағып шығаруға тыйым салынады.
21. Жазғы жайлым мерзімінде малды ауылдық округтің әкімшілігі белгіленген жер телімдерінде ғана бағуға болады.
22. Жалпы қоғамдық табынға тек дені сау, жоспарлы ветеринарлық тексерістерден өткен малды ғана қосуға болады.
6-тарау. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
23. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін айыпты заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.