1. Урицкий көшесінің атауы Қасым Қайсенов атындағы көшеге қайта аталсын.
2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.П. Ясинская) қала бюджетін түзету кезінде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов) 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Өскемен қаласының әкімі |
Қалалық мәслихат хатшысы |