"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыньң 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасыньң әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Курчатов қаласы ономастикалық комиссиясыньң 2007 жылгы 25 мамырдағы қорытындысының негізінде Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Атаулары қайта аталсын:1) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Октябрьская көшесі Құнанбай көшесіне;
3) Первомайская көшесі Абай көшесіне;
4) Ленин алаңы Тәуелсіздік алаңына.
"Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекетттік мекемесі (Т.П. Ельникова) қала бюджетін тузету кезінде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.
"Курчатов қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.А. Әбдікәрімов) 2007 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
Осы шешім мен қаулы Курчатов қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |
Қала әкімі | Ә. МҰХТАРХАНОВ |