Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012.08.21 № 6-4 шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының 12 маусымдағы 2001 жылғы № 209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салық Кодексінің 373-бап, 2-ші бөліміне сәйкес бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары бекітілсін.
2. 2008 жылға бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін талон ставкалары төмендегідей болып белгіленсін:
Мүйізді ірі қара малын бағатындар үшін:
1) 100 бас мүйізді ірі қараға дейін – 50 теңге;
2) 100 бас мүйізді ірі қарадан, 150 бас мүйізді ірі қараға дейін – 70 теңге;
3) 150 бас мүйізді ірі қарадан, 200 бас мүйізді ірі қараға дейін – 100 теңге;
4) 200 бас мүйізді ірі қарадан, 250 бас мүйізді ірі қараға дейін – 150 теңге;
5) 250 бас мүйізді ірі қарадан жоғары – 200 теңге.
3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 37-6 “Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы”(14.06.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-57,“Абай елі” № 11-12 (019-020) 1 маусым - 1 шілде, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы М.Әубәкірұлы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Т.Аманғазы