Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 10-7 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Заңының 36 бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және занды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 3-9 «Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы» (2008 жылы 24 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-67 нөмерімен тіркелген, «Абай елі» газетінің 2008 жылғы 15-29 ақпандағы № 4 (038) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 10 шілдедегі № 5-7 “Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін бекіту туралы” шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Кәрібаев
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы
Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 6-4 шешіміне
1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны
Қызмет түрі |
Бір жолғы талондардың құны |
Газеттер мен журналдар сату |
49 |
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) сату |
114 |
Бақша дақылдарын сату |
114 |
Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
81 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай телімдерінің өнімдерін сату |
243 |
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату |
162 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар сату |
49 |
Орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар сату |
81 |
Балық сату |
130 |
Жер телімдерін өндеу бойынша иеленушілердің жеке тракторларының қызметі |
243 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
130 |
Абай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 6-4 шешіміне
2 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату жұмыстары орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер занды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны
Тауар түрі |
Сауда алаңы |
Бір жолғы талондардың құны (тенге) |
Базарларда тауарлар өткізу жұмыстарын орындау |
Бір сату орны |
162 |