"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 1-6 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 23 қарашадағы
N 3-4 шешіміне қосымша
бекітілді
Батыс Қазақстан облысының
атауы өзгертуге жататын кейбір
ауылдық елді мекендер атауларының
тізбесі
Бөкейордасы ауданы бойынша:
1. "Көктөбе" селолық округі Темір Масин атындағы селолық округ болып;
Бөрлі ауданы бойынша:
2. Киров селолық округі Қарағанды селолық округі болып;
3. Тихонов селолық округі Қарақұдық селолық округі болып;
Жәнібек ауданы бойынша:
4. Жақсыбай селолық округіндегі Молочный ауылы Ақадыр ауылы болып;
5. Талов селолық округіндегі Августовка ауылы Майтүбек ауылы болып;
6. Талов селолық округіндегі Зерновая ауылы Аманат ауылы болып;
7. Тау селолық округіндегі Большевик ауылы Жігер ауылы болып өзгертілсін.