Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 21 қаңтарда N 2999 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 321 қаулысымен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2014 № 321 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің "Батыс қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттік қатысу үлесін басқару мәселелері" туралы 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 279 қаулысын орындау үшін, қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы N 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 10 қыркүйекте N 2278 тіркелген, облыстық "Приуралье" газетінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112 және "Орал өңірі" газетінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112 сандарында жарияланған, "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 182 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Батыс қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 111 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 29 сәуірде N 2928 тіркелген, облыстық "Приуралье" газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 52 және "Орал өңірі" газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 52 сандарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздер "Жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықта:
      6-тармақтағы:
      "облыстың" деген сөз "жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. - тармақ алынып тасталды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.08.28 N 219 Қаулысымен.
      3. Батыс қазақстан облысының қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Ноғаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады