Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2014 № 321 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және "Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы" және "Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы" мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 369 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 182 "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығарудың тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына (тіркеу N 2278, облыстық газеттер "Приуральеде" 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112, "Орал өңірінде" 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 112 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағына:
"Басқармасы" деген сөз "Басқару жөніндегі уәкілетті орган" деген сөзбен өзгертілсін;
аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығарудың тәртібі жөніндегі Нұсқаулыққа:
6-тармаққа:
"Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасының (бұдан әрі - Басқарма)" деген сөз "Облыстық коммуналдық меншіктерін басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган)" деген сөзбен өзгертілсін;
8-тармаққа:
"(ОС-3 нысаны, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444)" деген сөз алынып тасталсын.
9-тармақтағы екінші азат жолға:
"Басқармаға" деген сөз "Уәкілетті органға" деген сөзбен өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Ш. Хамитовқа жүктелсін.
Облыс әкімі