Жәңгір хан көшесіндегі N 47, 53, 55, 57, 57/1, 59, 61 тұрғын үйлердің жылуына жылу энергиясын тұтыну нормасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 2947 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қаңтарда N 7-1-81 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 3224 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.12.24 N 3224 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығымен бекітілген "Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы" электр энергиясын пайдалану Ережесінің 67 тармағына сәйкес, ұсынылған есептер негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алты айлық есептеу мерзімі кезінде "Универсервис" ЖШС тарапынан жылытылатын Жәңгір хан көшесіндегі N 47, 53, 55, 57, 57/1, 59, 61 тұрғын үйлердің тұтынушылары үшін 1 ш.м. алаңға жылу энергиясын тұтыну нормасы айына 0,0293 Гкал/м2 мөлшерінде бекітілсін (N 1 қосымша).
      2. Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ә. Ж. Қадыров) осы қаулыдан туындайтын мәселелер бойынша барлық қажетті шаралар қолдансын.
      3. Бұл қаулы Батыс Қазақстан облысы бойынша әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап заңды күшіне енсін.
      3-1. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Қаулы 3-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008.06.19 N 1606 Қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Горобцовқа жүктелсін.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы      

Қосымша 1
Орал қаласының әкімдігінің
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
N 2947 қаулысымен бекітілді

Жылытылған тұрғын үй ғимаратының 1 м2
ауданының 1 адамға есептелген жылу қуатының
жұмсалуының айлық нормалық көрсеткішінің
есебі

      "Универсервис" ЖШС директоры Айтуев Ж.И.
      Есепті тексерген 
      "Универсервис" ЖШС бас инженері Тихомолов П.Д.

Орал қаласы, 2007ж.

І. Негізгі мәлімет

      Орал қаласында жылу жүйесін жобалау үшін сырттағы ауаның есептік температурасы минус 31 С0.
      - Жылыту мерзімінің ұзақтығы (тәулікте) - 190
      - Жылыту мерзіміндегі сыртқы ауаның орташа температурасы - минус 6 С0.
      - МСН 2.04. - 01.-98 "Строительная климатология" сәйкес температураның орташа айлық мәліметі және жылыту кезеңінің ұзақтығы N 1 таблицада берілген.

Таблица 1

Айлар

Күндер саны

Ұзақтығы, сағат

Сыртқы ауаның орташа айлық температурасы

қазан

15

360

+2,0

қараша

30

720

-8,2

Желтоқсан

31

744

-15,3

қаңтар

31

744

-18,3

Ақпан

28

672

-16,9

Наурыз

31

744

-10,2

Сәуір

24

576

+2,0

Жылыту мерзіміндегі жиыны

190

4560

-6,0

Ғимараттың ауданы мен құрылымының (этаж) 2007 жылғы 1 қаңтарындағы жайы туралы жинақтық мәліметі N 2 таблицада көрсетілген, топтық талдауы - 1 қосымшада.

Топ

Этаждар

Үйлер саны

Жылыту ауданы м2

Тұрғындар саны

5 және одан көп этаждар

Бес этаждық

7

21570

1190

Жиыны


7

21570

1190

Пайдаланылған нормативті құжаттардың тізімі:
Сни П 2.04.07.-86* "жылу желілері"
Сни П 2.04.01- 86* "ғимараттың ішкі су құбыры мен канализация"
МСН 2.04.01-98 "құрылыс климатологиясы"

II. Есептеу принципі

      Тұрғын үй ғимаратының 1 м2 ауданының этаждық құрылымы мен сыртқы ауа температурасын есепке алғандағы орташа есептік, орташа мерзімдік нормативінің есебі.
      Бағалау есебі тұрғын үйдің жылуды тұтынушыларының коммуналдық қажеттіліктері базасының нормасына сәйкес Сни П 2.04-07-86* құжаты негізінде жасалды, себебі көп пәтерлі үйлердің жобалау құжаттары көптеген жағдайда сақталмаған. 
      - Ғимараттардың топтары бойынша нормалық көрсеткіштерін пайдалану шаралары өткізілді, бұған дейін қаланың бір объектісінде де мұндай шаралар өткізілмеген. Қаланың нақты жағдайындағы массалық есепті жеңілдету мақсатында топтарға арналған бірдей көрсеткіштер пайдаланылады. (Жылу қуатының -6 С0 температурадағы 1 м2 аудандағы ағымының көрсеткіші) СниП 2.0.4-07-86* нормативтік таблица негізінде алынды.
      Базалық көрсеткіш бойынша температураның -31 Сесептік көлемі Батыс аймақтың орташа мерзімдік көрсеткішіне сай ғимараттардың құрылымдық жағдайына есептеліп, N 3 таблицада көрсетілген.

Тұрғын үй ғимаратының этаждары

Ғимарат сипаты

t=31 С0Qр, Вт сыртқы ауа температу- расына сәйкес жылу ағымының есебі

Орташа мерзімдік көрсеткіш температура -6 С0Qр, Вт

Орташа мерзімдік көрсеткіш температура -6 СГкал/айы*м2

1985 жылға дейінгі құрылыстар үшін





5 және одан көп

Қуатты сақтау шаралы несепке алмай, ендірмей

98,8

50,5

0,031

1985 жылдан кейінгі құрылыстар үшін





5 және одан көп

Жаңа типтік жобалар

88,6

45,2

0,028

      Ескерту:
      1. Жылу қуатын сақтау шаралары ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу кездерінде жүргізіледі, жылу қуатының жоғалмауын, ғимараттың жылу сақтауын қамтамасыз ету жұмыстары жасалады. 
      2. Жаңа типтік жобалар бойынша ірілендірілген көрсеткіштер ғимараттың архитектуралық-жоспар шешімдері мен жылу қуатының жоғалмауын қамтамасыз ететін жетілдірілген физикалық жылу сақтау ерекшеліктері сақталған құрылыс қолдану негізінде жасалады.
      "Универсервис" ЖШС массивтік зерттеулері нәтижесінде "1985 жылға дейінгі, жылу қуатын сақтау шаралары енгізілмеген" категориясы бойынша 5 этажды құрылыстар, ал "5 және одан көп" бойынша көрсеткіштердің орташа әр қатынасы (50,5 және 45,2 ) - 47,9 Вт дейін алынды.
      Әрбір айға жылу ағымының көрсеткіші төмендегі формула бойынша орташа айлық температура көлемінде есептеледі: Q=_q_c.м. 0* 20-(tс.м.н.в.)_
                                             20-(-6) 

      Осы есеп бойынша, 1 мжалпы ауданға жылуды тұтыну Гкал жылу ағымының есебін айдың  ұзақтығына (сағатпен) көбейту арқылы есептеледі. Вт* Гкалориядағы есептеу бірлігіне аудару арқылы.
      "Универсервис" ЖШС орташа есептелген, орташа мерзімдік нормативті барлық тұрғын үй массивінің орташа есептелген жалпы жылытылатын ауданының өлшемдік бөлшегін ескере отырып шығарды. 

III. Есептеу бөлігі 

      "Универсервис" ЖШС тұрғын үй секторының жылуды тұтынудың айлық және орташа мерзімдік мәнін барлық топтарға орта есеппен есептелген қорытындысын N 5 таблицада берілген. 

Этаждар саны

5 және одан көп


Барлығы

Аудан, м2

21570


21570

Тнв=8,6;

Вт нормативті

47,9

Тнв, Гкал/ай*1 м2 келтірілген нормативті

Орташа есептелген норматив

Ай

Күндер саны

Тнв, С0

5 және одан көп


қазан

15

2

0,095

0,101

қараша

30

-8,2

0,0292

0,0304

Желтоқсан

31

-15,3

0,0378

0,0394

қаңтар

31

-18,3

0,0410

0,0427

Ақпан

28

-16,9

0,0357

0,0372

Наурыз

31

-10,2

0,0323

0,0337

Сәуір

24

2

0,0151

0,0165

Жылыту мерзіміндегі жиыны

190

-6

0,0294

0,0293

ІV. Қорытындылар

      Орындалған тексеру есептерінің нәтижелері бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: "Универсервис" ЖШС-нің тұрғын үй ғимараттары массивінің орташа есептелген орташа мерзімдік орта есебі жылытылатын жалпы ауданның өлшемдері бөлшегін ескере отырып, әртүрлі топтарға жасаған нормативі 0,0293 Гкал/ м2 ауданды жылыту есебіне сәйкес тең келеді.

      ЕСЕПТІ ЖАСАҒАНДАР:
      Бас бухгалтер
      Жылу-қуат қызметінің инженері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады