Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.12.24 N 3224 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Жәңгір хан көшесіндегі N 47, 53, 55, 57, 57/1, 59, 61 тұрғын үйлердің жылуына жылу энергиясының тұтыну нормасын бекіту туралы" 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 2947 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-81 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтардағы "Жайық үні" газетінің 4 нөмірімен жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
мынандай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі