"Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 12 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5125 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 490 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.13 № 490 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4489 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтарда "Заң газеті" газетінде N 5 (1034) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақта "және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 3-тармағының 3) тармақшасын" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес аудиттелген ұйымдардың болуы кемінде: бір ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап; үш ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бес ұйым 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, он ұйым 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап;";

      3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады