Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32091 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 38 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медицина.

      2. Педиатрия.

      3. Стоматология.".

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының (бұдан әрі – білім алушылар) білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің (бұдан әрі – түлектер) кәсіптік даярлығын бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі - Бағалау) тәртібін айқындайды.";

      7-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Болашақ" халықаралық стипендиясының, танудан босататын халықаралық шартқа (келісімге) қол қойған елдердің оқу орындарының және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екеуінің немесе одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарына кіретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған тұлғалар.".

      3. "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) бекітілген білім туралы құжаттарды тану қағидаларына, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Резидентураға түсуші тұлғалар резидентура бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) ұйым басшысының атына жазылған еркін нысандағы өтініш;

      2) жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына берген кезде), "дәрігер" біліктілігі берілген көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған тұлғалар өздерінің білімін тану туралы және (немесе) "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;

      3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

      4) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);

      5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

      6) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) 3x4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада даярлау тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Резидентурада білім алатын тұлға кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында формальды білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып, түлектердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дербес әзірлеген қысқартылған білім беру бағдарламаларына және "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) сәйкес бағдарламаны игереді.".

      4. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарында:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Медицина кадрларын
резидентурада даярлауға
арналған мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
4-қосымша

Білім беру ұйымының ақпараттық картасы _________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) _________________________________________________________________ (резидентура мамандығының атауы)

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1. Жалпы мәліметтер

1.1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


1.2

Білім беру ұйымының халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)


1.3

Білім беру порталының болуы


2. Резидентура бағдарламаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

2.1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2.2.

Халықаралық және (немесе) ұлттық мамандандырылған аккредиттеу


2.3

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы


2.4

Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан табысты өткен резидентура түлектерінің үлесі


3. Кадрлық қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі

3.1

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


3.2

және (немесе) оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлары


ғылым кандидаттары


жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар


      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын

      Ұйым басшысы

      _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ___________________________________

      басшының қолы

      Мөр орны

      Күні 20 ___ жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық
сақтау саласында медициналық
және (немесе) фармацевтикалық
білім алған адамды денсаулық
сақтау саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
2-қосымша
Нысан

"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov.kz, www.elicense.kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі - маман сертификаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушының маман сертификатын (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) "Дәрігер" біліктілігін және (немесе) интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада (бар болса, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін), жоғары оқу орнында оқуды аяқтағаннан кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша құжаттар;
5) "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзілісі 3 (үш) жылдан асатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін сертификаттау сәтінде жалпы көлемі кемінде 8 (сегіз) кредит (240 сағат) бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік. Медициналық білім беру ұйымын бітірген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде маман сертификатын алмаған, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігін ұсынбайды;
7) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар үшін маман кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесі (оның ішінде шетелде медициналық білім алған тұлғалар үшін);
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына, қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыскерлердің бейіндері және іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінде (бұдан әрі – сервис) еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде) (бар болған жағдайда).
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын алынған маман сертификатының қолданылу мерзімі мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау және дағдылар нәтижесін бере отырып, алғаш мәлімделген мамандық немесе мамандандыру ретінде маман сертификатын алуға үміткер болады. Көрсетілетін қызметті алушылар "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі-Мамандықтар тізбесі) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесінде көрсетілген мамандықтар немесе мамандандырулар бойынша маман сертификатын алады. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау үшін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) Сертификаттау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметті алушының куәландырылған ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) растау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде жалпы көлемде кемінде 4 (төрт) кредиті (120 сағат) бар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзіліссіз мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін қосымша білім беру қағидаларына сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
4) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (қызметкерлердің бейіндері және сервисте еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде);
6) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған кезде);
7) мәлімделген мамандық бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлауда оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) (2021 жылға дейін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар алған жағдайда қайта даярлау туралы куәлік);
8) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (сервисте мәліметтер болмаған жағдайда) (қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын, мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз маман сертификаты немесе мамандандыруы бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
9) Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы маман сертификатының (қолданылу мерзімі, мамандығы немесе мамандануы) болуын сервистен тексереді.
Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Жұмыс өтілінде 3 (үш) жылдан кем үзілісі және (немесе) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша мерзімі 3 (үш) жылдан кем жарамсыз маман сертификаты бар, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алған маман сертификаты расталған кезде бағалау және дағдылар нәтижесін ұсынбайды.
2014 жылға дейін "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мәлімделген мамандық бойынша интернатура, резидентура, клиникалық ординатура мамандықтары сәйкес келмеген кезде Мамандықтар тізбесінде көзделген медициналық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы оқу ұзақтығын сағатпен көрсете отырып құжаттарды ұсынады (жұмыс істейтін мамандар үшін).
Медициналық, оның ішінде 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін мәлімделген мамандық бойынша клиникалық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде үздіксіз жұмыс өтілі бар, еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталатын көрсетілетін қызметті алушыларға мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
"Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін жоғары медициналық білім беру ұйымдарын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 21-бабы 5-тармағына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы) сәйкес интернатураны бітіргені туралы құжат ұсыну клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
2013 жылдан кейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мамандықтар тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға көрсетілетін қызметті алушы "Білім туралы" заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес резидентураны бітіргені туралы құжатты ұсынады.
Орта техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін оқуды бітірген жылын ескере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша – "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша – "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша – "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Акушериялық іс" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша – "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білім туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білім туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылғы сертификаттық курс (2021 жылға дейін қайта даярлау) немесе "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақта көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңының 1-бабы 7) тармақшасына сәйкес электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасының электрондық нұсқасы қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
2015 жылдың 9 қазанына дейін мамандарға берілген мерзімсіз сертификаттар әр 5 жыл сайын біліктілікті арттырудан өту кезінде тұрақты жарамды болады.
Маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттың көшірмесін (сервисте болмаған немесе мәртебесі жарамсыз болған жағдайда) ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің серттификаттау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері - 1414, 8-800-080-7777.

  "Клиникалық практикаға жіберу
үшін маман сертификатын беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесі
қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Мәлімделген мамандықтың немесе мамандандырудың атауы ________

      2. Медициналық білім____________________________________________

      2.1. Білімі (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) (дипломның электронды көшірмесі)

      2.2. Дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғалар үшін) (тану туралы құжаттың электронды көшірмесі)

      Оқыған елі_________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы_____________________________

      Тану куәлігін берген орган______________________

      Тану бұйрығының нөмірі____________________________

      Тану тіркеу нөмірі_______________________________

      Тану куәлігінің берілген күні________________________

      3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура (бар болған жағдайда), клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың электронды көшірмесі)

      3.1. Интернатура мамандығы____________________________________

      3.2. Клиникалық ординатура мамандығы__________________________

      3.3. Резидентура мамандығы____________________________________

      3.4. Магистратура мамандығы___________________________________

      3.5. Докторантура мамандығы___________________________________

      4. Қайта даярлау туралы мәлімет (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған) (мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатын растайтын тұлғалар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

      4.1. Қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі__________________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы_____________________________________

      4.3. Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

      4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі_________________________________

      4.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      5. Сертификаттау курсы туралы мәлімет (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

      5.1. Сертификаттау курсы туралы куәлік нөмірі ______________________

      5.2. Сертификаттау курсы бойынша мамандандыру___________________

      5.3 Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

      5.4. Оқудың кредиті бойынша көлемі________________________________

      5.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      5.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      6. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері (бар болған жағдайда)

      6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі________________________________

      6.2. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, тіркеу нөмірі __________________________

      6.3. Берген орган___________________________________________

      6.4. Сертификаттың қолданылу мерзімі_________________________

      6.5. Мамандығы немесе мамандандыруы____________________________

      7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін даярлығын бағалау нәтижесі _________ (бар болған жағдайда).

      8. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер_________________________

      8.1. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн) ____

      8.2. Жалпы медициналық өтілі (жыл, ай, күн) ___________________

      8.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________

      8.4. Лауазымы______________________________________________

      8.5. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық №

Бұйрық шығарылған күн







      9. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер____________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі; ______________________

      3) цикл атауы___________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы______________________________________

      5) оқудың басталуы______________________________________________

      6) оқудың аяқталуы______________________________________________

      7) кредитпен оқыту көлемі (сағатпен)

      10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы немесе тыйым салынбау туралы мәліметтер _________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады