Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 24 мамырдағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32583 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізiлетiн кейбір бұйрықтарының тiзбесi

      1. "Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медицина.

      2. Педиатрия.

      3. Стоматология.

      4. Медициналық-профилактикалық іс.".

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖБП циклінің тізбесінде мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларында айқындалатын міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпай толық көлемде іске асырылады. Тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.

      ЖБП циклінің "Қазақстан тарихы" және "Философия" пәндерінің мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ-ны даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу мақсатында үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалатын "Шет тілі", "Орыс тілі", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Дене шынықтыру" пәндерінің мазмұнын дербес өзгертеді.

      ЖЖОКБҰ үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалатын "Қазақ тілі" пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнын 50% - ға дейін дербес өзгертеді.

      ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖБП циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқыту нәтижелерін тануды жүзеге асырады.

      Бұл ретте техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар "Қазақстан тарихы" пәнін оқиды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЖББ циклі пәндерінің міндетті компонентін оқыту нәтижелері "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) айқындалады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша БП циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 300 немесе 360 кредиттен кемінде 65 немесе 95 академиялық кредитті құрайды.

      Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім алушылар "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес өткізілетін базалық пәндер циклін меңгеруді аяқтау бойынша білімі мен дағдыларын бағалауға жатады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Интернатурада медицина кадрларын даярлау дуалды оқыту тұжырымдамасы шеңберінде білікті оқытушылардың басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-практикалық базаларында кемінде 5 жыл өтілі бар дәрігерлер қатарынан тәлімгерлерді тарта отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган түлектердің одан әрі кәсіби қызметіне қоятын талаптар негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.

      Интернатурадағы жеке жоспарға сәйкес білім алушы:

      1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жедел медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек (оның ішінде жоғары технологиялық), медициналық-санитариялық алғашқы көмек, паллиативтік медициналық көмек және медициналық оңалту көмек көрсететін ұйымдарда пациенттерге жетекшілік етеді;

      2) диагностикалық, емдік және профилактикалық іс-шараларды тағайындауға және орындауға қатысады;

      3) халық арасында құжаттама және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;

      4) құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді жасауға қатысады;

      5) профилактикалық қарап-тексерулерге, диспансерлеуге, консилиумдарға қатысады;

      6) кәсіптік медициналық қоғамдардың жұмысына қатысады;

      7) клиникалық тексерулерге, клиникалық талдауларға қатысады;

      8) медициналық ұйымдарда айына кемінде төрт рет кезекшілікке қатысады (интернатурада білім алушының оқу жүктемесін есептеу кезінде кезекшіліктер ескерілмейді);

      9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференциялардың жұмысына қатысады;

      10) патологиялық - анатомиялық ашып қарауға қатысады, аутопсиялық, биопсиялық және операциялық материалдарды зерттеуге қатысады;

      11) ғылыми жетекшінің басшылығымен магистрлік жоба үшін материалдарды жинауды және деректерді талдауды жүзеге асырады.

      Интернатурадағы жеке жоспарға сәйкес "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы:

      1) халықтың денсаулығы мен адамның тіршілік ету ортасы туралы деректерді жинауға, өңдеуге, жүйелеуге және құжаттауға қатысады, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді;

      2) аурулардың өршуінің алдын алуға, азайтуға, оқшаулауға және жоюға және сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметке қатысады, оның ішінде халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;

      3) инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу және таралу себептері мен жағдайларын анықтау жөніндегі қызметке қатысады;

      4) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға қатысады, халыққа профилактикалық екпелерді мониторингін жүргізуге қатысады;

      5) арнайы зерттеу құралдары мен зертханалық әдістердің көмегімен тіршілік ету ортасы объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының және кәсіптік қызметтің көрсеткіштерін бағалайды;

      6) халықтың қоғамдық денсаулығы саласындағы биологиялық тәуекелдерді бағалауға, басқаруға және алдын алуға қатысады және биологиялық қауіптерді статистикалық талдау мен бағалаудың заманауи әдістерін қолданады;

      7) халықтың денсаулық жағдайын бағалау және модельдеу жөніндегі қызметке қатысады;

      8) ғылыми жетекшінің басшылығымен магистрлік жоба үшін материал жинауды және деректерді талдауды жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Білім алушының магистрлік жобасының ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ЖЖОКБҰ алдын ала бекіткен әрбір білім беру бағдарламасы үшін мерзімдерге сәйкес алқалы басқару органының (Ғылыми кеңес, Академиялық кеңес, Сенат) шешімімен бекітіледі. Магистрлік жобаны орындауға білім алушыға кемінде бір жыл мерзім берілуі тиіс.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен адамдарға "Медицина магистрі", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектері үшін – "Денсаулық сақтау магистрі" дәрежесі, дипломға қоса берілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement (диплом саплэмент), "Дәрігер" біліктілігі, "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектері үшін – "Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог" біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын оқытудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың осы Стандарттың қосымшасында көзделген үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларының құрылымына сәйкес базалық пәндер циклін, қорытынды аттестаттау және деңгейаралық интеграцияланған бағдарламалардың оқу қызметінің барлық түрлерін, қоса алғанда, бүкіл оқу кезеңі үшін академиялық кредиттердің тиісті көлемін игеруі болып табылады:

      1) "Медицина", "Педиатрия", "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 360 академиялық кредит;

      2) "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 300 академиялық кредит.";

      мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:

      "46. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің "Медицина", "Стоматология" және "Педиатрия" білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 300 кредитті немесе "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 240 кредитті аяқтағаннан кейін медициналық (клиникалық) практикамен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген білім алушыға қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, жоғары білім беру нәтижелерін игеру кезінде, жеке оқу жоспарында көзделген қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханын (магистрлік жобаны қорғамай) сәтті тапсырған кезде денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен адамдарға "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша "Медицина ғылымдарының магистрі" немесе "Денсаулық сақтау магистрі" дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) тегін беріледі.

      Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға "Медицина магистрі", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектері үшін – "денсаулық сақтау магистрі" дәрежесі және дипломға қосымша (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы (Diploma Supplement (диплом саплэмент) бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, "Дәрігер" біліктілігі, "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектері үшін – "Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог" біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.".

      Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының 7, 8, 9, 10 қосымшаларына сәйкес тиісті білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен оқыту нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";

      Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білімнің үлгілік оқу бағдарламасына 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білімнің үлгілік оқу бағдарламасына 10-қосымшамен толықтырылсын, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
1-қосымша
  Денсаулық сақтау
саласындағы жоғары білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар

Циклдер мен пәндердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

Мейіргер ісі

Фармация, Қоғамдық денсаулық

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП)

1680

56

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

150

5

Философия

150

5

150

5

Шет тілі

300

10

300

10

Қазақ (орыс) тілі

300

10

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, психология)

240

8

240

8

Дене шынықтыру

240

8

240

8

2)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

150

5

2

Базалық пәндер циклі (ДҚ)

кемінде 330

кемінде 110

кемінде 4200

кемінде 140

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





3

Бейіндеуші пәндер циклі (ПД)

кемінде 1950

кемінде 65

кемінде 2850

кемінде 95

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





4

Оқытудың қосымша түрлері (БЖТ)





1)

Таңдау бойынша Компонент





5

Қорытынды аттестаттау

кемінде
120

кемінде
4

кемінде
120

кемінде
4

1)

Кешенді емтиханды дайындау және тапсыру

120

4

120

4


Қорытынды

кемінде
7200

кемінде
240

кемінде
9000

кемінде
300

      Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар

№ п/п

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

Медициналық-профилактикалық іс

Медицина, Педиатрия, Стоматология

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП)

1680

56

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

150

5

Философия

150

5

150

5

Шет тілі

300

10

300

10

Қазақ (орыс) тілі

300

10

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, психология)

240

8

240

8

Дене шынықтыру

240

8

240

8

2)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

150

5

2

Базалық пәндер циклі (ДҚ)

кемінде 1950

кемінде 65

кемінде 2850

кемінде
95

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті






Оның ішінде:
Шет тілі (кәсіби)
Менеджмент
Басқару психологиясы

180

6

180

6

2)

Кәсіптік практика





3

Бейіндеуші пәндер циклі (ПД)

кемінде 3600

кемінде 120

кемінде 4500

кемінде
150

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





3)

Интернатура

кемінде 900

кемінде 30

кемінде 900

кемінде
30

4

Оқытудың қосымша түрлері (БЖТ)





1)

Таңдау бойынша компонент





5

Эксперименттік-зерттеу жұмысы (ЭФИР)

390

13

390

13

6

Қорытынды аттестаттау

кемінде
360

кемінде
12

кемінде
360

кемінде
12

1)

Магистрлік жобаны жазу, қорғау және кешенді емтихан тапсыру

360

12

360

12


Қорытынды

кемінде 9000

кемінде
300

кемінде
10800

кемінде
360

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
2-қосымша
  Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша жоғары білім берудің
үлгілік оқу бағдарламасына
7-қосымша

Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы

      "Медицина", "Педиатрия", "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже – "Медицина магистрі".

      "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже – "Денсаулық сақтау магистрі".

      Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілік:

      -"Медицина", "Педиатрия", "Стоматология" білім беру бағдарламалары бойынша – "Дәрігер";

      -"Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасы бойынша – "Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог".

№ п/п

Пәндер циклдары мен қызмет түрлерінің атауы

Жалпы көлемі

"Медициналық-профилактикалық іс"

"Медицина"
"Педиатрия", "Стоматология"

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

1

Жалпы білім беретін пәндер циклі

1680

56

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

1530

51


Қазақстан тарихы

150

5

150

5


Философия

150

5

150

5


Шет тілі

300

10

300

10


Қазақ (орыс) тілі

300

10

300

10


Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

150

5


Әлеуметтік-саяси білімдер модулі (әлеметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

240

8


Дене шынықтыру

240

8

240

8

2)

Жоғары оқу орны және (немесе) таңдау компоненті

150

5

150

5

2

Негізгі пәндер циклы

кемінде 1950

кемінде
65

кемінде 2850

кемінде
95

1)

Жоғары оқу орны және (немесе) таңдау компоненті






Оның ішінде: Шет тілі (Кәсіби) Менеджмент Басқару психологиясы

180

6

180

6

2)

Кәсіби практика





3

Бейіндік пәндер циклы

кемінде 3600

кемінде
120

кемінде 4500

кемінде
150

1)

Жоғары оқу орны және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіби практика





3)

Интернатура

кемінде 900

кемінде
30

кемінде
900

кемінде
30

4

Оқытудың қосымша түрлері





5

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы

390

13

390

13

5.1.

Магистранттың тәжірибелік-зерттеу жұмыстары, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік жоба





6

Қорытынды атестаттау

кемінде 360

кемінде
12

кемінде
360

кемінде
12

1)

Магистрлік жобаны жазу және қорғау

240

8

240

8

2)

Кешенді емтиханға дайындалу және тапсыру

120

4

120

4


Қорытынды

кемінде 9000

кемінде
300

кемінде 10800

кемінде
360

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
3-қосымша
  Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша жоғары білім берудің
үлгілік оқу бағдарламасына
10-қосымша

"Медициналық-профилактикалық іс" бағдарламасының оқыту нәтижелері және құзыреттілiктер тізімі

Құзырет

Оқу нәтижелері

Бағалау және талдау

А. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін мәселелерді анықтау:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін/қатерді анықтау үшін сыни ойлауды қолдану;
2. Мәселенің ауқымын бағалау және одан әрі қажетті әрекеттерді, олардың ғылыми-тұжырымдалған деректер және ағымдағы жағдай ерекшеліктері негізінде алгоритмін анықтау;
3. Мәселені анықтау немесе бағалау үшін ұйым ішіндегі және одан тыс әріптестермен бірлесіп жұмыс жасау.
В. Бақылау бойынша шаралар жүргізу:
1. Нақты жағдайларды, қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін және қатерлі жағдайларды эпидемиологиялық қадағалау үшін шаралар әзірлеу;
2. Эпидемиологиялық қадағалау үшін жеткілікті мәліметтердің қажеттілігін анықтау;
3. Атқарылған жұмыс және алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай білу;
5. Эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін бағалау (немесе эпидемиологиялық қадағалау барысында жүргізілетін жеке шараларды);
C. Халықтың арасында жедел және созылмалы жағдайларды немесе басқа қолайсыз нәтижелерді зерттеу:
1. Халықтың денсаулық жағдайына бағалау жүргізу;
2. Бар қауіптерді шешуде басымдылықты қою;
3. Халықтың денсаулық жағдайын зерттеудің, талдаудың адекватты әдістерін таңдау және қолдану;
4. Гипотезаларды ұсыну;
5. Талдау жүргізуде көмек көрсету (мысалы, сырқаттанушылықты талдау, зерттеу немесе скрининг-бағдарламасы).
D. Мәліметтерді зерттеуге, жинауға, таратуға және пайдалануға қатысты этикалық принциптерді қолдану:
1. Мәліметтерді жоспарлау, жүргізу, жинау, тарату және пайдалануда этикалық нормалар мен принциптерді ұстану;
2. Мәліметтерді жинақтау және оларды басқаруда заңдылықтың сәйкесті нормаларын қолдану;
3. Қоғамдық денсаулық саласында жүргізілетін зерттеулерде этикалық нормаларды қолдану;
4. Биоэтика бойынша жергілікті, Ұлттық комиссиямен өзара әрекеттесу;
5. Мүдделер қақтығысын түсіну және шешу;
6. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық, оның құпиялылығы, денсаулық құқығына, тараптардың жауапкершілігіне қатысты нормативтік актілерді қолдану.
E. Бақылау, талдау нәтижесінде немесе басқа көздерден алынған мәліметтерді басқару:
1. Мәліметтер базасына қойылатын талаптарды құрастыру;
2. Мәліметтер базасымен жұмыс жасау;
F. Эпидемиологиялық зерттеу мәліметтерін талдау;
1. Мәліметтерді талдау жоспарын жасау;
2. Мәліметтерді талдауды жүргізу.
G. Талдау нәтижелерін жалпылау және қорытынды жасау:
1. Ұсыныстарды әзірлеу үшін эпидемиологиялық принциптер мен әдістер туралы білімді қолдану;
2. Арнайы талдаудың қажеттілігін анықтау, соның ішінде өмір сүруді талдау, экономикалық тиімділікті талдау/экономикалық пайда/экономикалық тиімділік;
3. Орындалған жұмыс туралы қорытынды жасау, соның ішінде негізгі ойларды бөліп көрсете білу.
H. Эпидемиологиялық мәліметтер мен жағдайға негізделген нақты дәлелді араласулар мен бақылау шараларын ұсыну
1. Ұсыныстарды немесе араласуды дайындау үшін мәдени\әлеуметтік\саяси контекстті ескеру
2. Әрекеттер немесе араласу бойынша ұсыныстарды дайындау кезінде ғылыми мәліметтерді пайдалану.

Қоғамдық денсаулықтың ғылыми және тәжірибелік негізі

A. Эпидемиологиялық процессті басқару және тәжірибе үшін сырқаттанушылықтың себебі туралы қазіргі білімдерді қолдану:
1. Адам сырқатының негізгі этиологиялық процесстерін қызығушылық танытатын пәндік салалармен (мысалы, инфекциялық аурулар, созылмалы аурулар) корреляция жүргізу;
2. Сырқаттанушылықтың ықтимал тетiктерін анықтау үшін адам және қоршаған орта биологиясы, сонымен қатар мінез құлықтық ғылымдар мен принциптер туралы білімдерді қолдану;
3. Сырқаттанушылықтың себеп-салдарлық байланысына, профилактикасы мен бақылауына "иесі/қоршаған орта" моделінің принциптерін қолдану;
4. Денсаулықтың әлеуметтік мінез-құлық детерминанттарының (қоғамдық, саяси, әлеуметтік, жанұялық және жеке тұлғалық) әсері мен рөлін және оның сақталуын сипаттау;
5. Сырқаттанушылықтың профилактикасы және онымен күресу стратегияларын құрастыруда этиологиялық принциптерді енгізу.
B. Эпидемиологиялық шаралар үшін зертханалық әдістер мен ресурстарды қолдану:
1. Скрининг және диагностикалық тесттер нәтижелеріне әсер ететін факторларды ескере отырып, зертханалық мәліметтерді интерпретациялау;
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатысты лабораториялардың рөлі мен мүмкіндігін, олардың эпидемиологиялық зерттеуде қолдануын анықтау;
3. Үлгілерді алу, коммуникациямен қоса зертханалық және эпидемиологиялық іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру
4. Үлгілерді алу, сақтау және тасымалдау бойынша қажетті шараларды қабылдау.
C. Тіршілік ету ортасы мен кәсіптік қызмет объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының көрсеткіштерін бағалау:
1. Тіршілік ету ортаның, жұмыс орынның, атмосфералық ауаның, топырақтың, судың және тамақтық азық-түліктердің гигиеналық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау;
2. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық даму көрсеткіштерін бағалау, сауықтыру шараларын әзірлеу және жүргізу;
3. Халықтың радиациялық қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша дозиметриялық бақылауды және негізгі шаралардың кешенін жүргізу.
D. Эпидемиологиялық тәжірибе үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және талдаумен қоса ақпараттық технологияларды қолдану:
1. Іздеуді, мәліметтерді жинауды, енгізуді, абстракциялауды, басқаруды, талдауды, жоспарлауды, көруді, есеп беруді қолдайтын бағдарламалық құралдарды қолдану;
2. Электрондық жүйелердегі құпия ақпараттың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін процедуралар мен техникалық құралдарды (қауіпсіздікті) қолдану;
3. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында шешімдерді қабылдау үшін жаңа ақпарат жасауда әртүрлі көздерден мәліметтерді құрастыру;
4. Қазіргі технологияларды қолданумен эпидемиялық және басқа процесстерді модельдеу принциптерін түсіну.

Коммуникациялар

A. Қажетті ақпаратты мақсатты аудиторияға жеткізу, беру және ұсына білу:
1. Орындалған немесе жоспарланатын жұмыс туралы хабарлау үшін мақсатты аудиторияны, әдістер мен мазмұнын анықтау;
2. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты жазбаша және ауызша коммуникация құралдары арқылы кәсіби аудиторияға жеткізу;
3. Эпидемиологиялық ақпаратты жазбаша және ауызша коммуникация құралдары арқылы көпшілікке, бұқаралық ақпарат құралдарына және/немесе саясаткерлерге жеткізу;
4. Жағдайға байланысты таратылатын ақпараттың мазмұнын, оның көлемін, таралу жиілігін бейімдеу;
5. Қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін қатерлер туралы хабарламаларды әзірлеуге қатысу;
6. Эпидемиологиялық мәліметтер немесе жағдай туралы қоғамдық сұратуларға жауап беру;
7. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықтың негізгі қағидаларын эпидемиолог емес мамандарға немесе төменгі деңгейдегі әріптестерге түсіндіре немесе үйрете білу;
8. Әріптестермен және жұртшылықпен қарым-қатынаста қауіптерді анықтай білу.
В. Әріптестермен және жұртшылықпен тұлғааралық қарым – қатынас дағдыларын қолдану:
1. Тиімді тыңдау қабілетін көрсету, әсіресе қоғамдық денсаулыққа қатысты мәліметтерді ұсынғанда;
2. Кәсіптік, тұлғааралық, тәртіпаралық, пәнаралық және көп пәндік коммуникацияларды көрсету.
C. Тиімді коммуникациялық технологияларды қолдану:
1. Коммуникация арналарын таңдауға қатысу және олардың интерфейсін анықтау;
2. Ақпаратты электрондық пошта, ескерту желілері, мәліметтер базасы және т.б. берілу арқылы қауіпсізідкті, құпияны және заңдылықты ескеретін саясатты қолдану;
3. Қоғамдық денсаулықты нығайту үшін тиімді білім беру, мінез-құлық әдістері мен құралдарын пайдалану (мысалы, ағарту жұмыстары, мінез-құлықты өзгерту, қоғамда пікірлерді қалыптастыру және жұмылдыру, бірігіп саясатты құрастыру арқылы).

Тәжірибе үшін әлеуметтік-қоғамдық маңыздылық және өзара әрекет ету

A. Эпидемиологиялық зерттеулерге, қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларына және ұлттық, аймақтық, популяциялық деңгейінде денсаулық сақтауды жоспарлау процесстеріне қосқан үлесін көрсету:
1. Эпидемиологиялық зерттеулерді құрастыру, түсіндіру және жүргізу кезінде халық туралы ақпаратты қолдану;
2. Ұлттық, аймақтық деңгейде денсаулық сақтау жүйесін жоспарлауға көмектесу үшін жергілікті денсаулық жүйесін санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық тұрғысынан бағалауға үлес қосу.
B. Эпидемиологиялық зерттеулерді қолдау үшін қауымдастықпен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға қатысу:
1. Эпидемиологиялық зерттеулер үшін қажетті серіктестер мен қызығушылық танытқан мүдделі тараптарды анықтау;
2. Эпидемиологиялық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және бағалауда қоғамдық маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін іс-әрекеттерге қатысу стратегияларын қолдану;
3. Эпидемиологиялық талдауға қатысатын серіктестер мен қызығушылық танытқан мүдделердің рөлін түсіндіру;
4. Мақсатты топтардың пікірін ескере отырып, эпидемиологиялық зерттеулерді әзірлеуге қатысу.

Кәсіби қызметті басқару (ағымдағы, стратегиялық жоспарлау және басшылық)

A. Кәсіби қызметтегі шараларды басқару:
1. Мақсаттар мен міндеттерді қою;
2. Орындаушыларға талаптарды анық жеткізу;
3. Орындалатын міндеттердің графигін құрастыру;
4. Топ құру, мақсатқа жету үшін адам және басқа ресурстардың қажеттілігін талдау;
5. Топ мүшелерінің өз міндеттерін орындау барысында жұмыс тиімділігін бағалау;
6. Нақты жазбаларды жүргізу.
B. Қызметтер мен жұмыс көлемін жоспарлау кезінде қаржылық аспектілерін түсіну және ескеру:
1. Бюджетті ұйымдастыру қызметінің және құрудың қаржылық ережелерін білу;
2. Оперативтік жоспардың міндеттерін орындау үшін қажетті ресурстарды, соның ішінде персоналды, жабдықтарды, керек-жарақтарды және іссапар шығындарын бағалау;
3. Күтпеген эпидемиологиялық шаралар нәтижесінде, атап айтқанда, жедел талдау жүргізу және төтенше жағдайларда туындауы мүмкін шығындарды бақылау және бағалау;
4. Белгілі бір бюджет шегінде қалу үшін іс-әрекеттерді қажетімен реттеу;
5. Команда мүшелерін өз міндеттерін орындау кезінде қажетіне қарай оқыту.

Көшбасшылық және жүйелік ойлау

A. Денсаулық сақтау саласында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының маңыздылығын қолдау және насихаттау:
1. Барлық бағдарламалар мен іс-шараларда ұйымның көзқарасын насихаттау;
2. Стратегиялық жоспарлауда көмек көрсету;
3. Өзгерістерді ұсыну және енгізу;
4. Эпидемиологиялық қызметтің сапасын бағалау және жақсарту үшін тиімділік көрсеткіштерін қолдану;
5. Күнделікті өмірде және кәсіби қызметте этикалық мінез-құлықты көрсету.
В. Еңбек ресурстарының дамуына ықпал ету:
1. Эпидемиологиялық шараларды тиісті деңгейде жүргізу үшін қажетті дағдылары бар команданы ұйымдастыру;
2. Үздіксіз білім беруді ынталандыру;
3. Команданы өз міндеттерін сапалы орындауға және кәсіби дамуына ынталандыру.
С. Төтенше жағдайға жауап беруге дайындау:
1. Төтенше жағдайларға жауап беру жоспарын құрастыруда эпидемиологиялық перспективаны ескеру;
2. Эпидемиологиялық бөлімше үшін төтенше жағдайларға жауап беруді жоспарлауға қатысу;
3. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларға көңіл бөлу.

Денсаулық сақтау саясатына әсер ету

A. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету саясатын құрастыру және талдауда эпидемиологиялық перспективаны енгізу:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты түсінігін көрсету;
2. Санитариялық-эпидемиологиялық саламатылыққа қатысты саясатты құрастыруға қатысу;
3. Кәсіби қызмет және ғылыми зерттеулердің көмегімен қоғамдық денсаулық сақтау саясатының қайта құрылуына әсер ету;
4. Мемлекеттік қызметкерлерге және қаржыландыру көздеріне қолданылатын ережелер мен заңдарға, соның ішінде белгілі бір мүдделерді лоббирлеу мәселесі бойынша ұстану.

      "Медициналық-профилактикалық іс" мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Пәндер мен циклдар

Негізгі мазмұны

1.

Базалық пәндер циклі

Организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, дамудың жасушалық тетiктері, биохимия, микробиология, биостатистикалық есептеулер, эпидемиология негіздері. Халықтың, әріптестермен қарым-қатынас жасаудағы коммуникация негіздері. Қазахстан Республикасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілер. Адам организмін клиникалық-физиологиялық зерттеу әдістерінің физиологиялық негіздері. Сыни ойлау дағдылары. Фармакоэкономиканың және фармакоэпидемиологияның жалпы заңдылықтары. денсаулықты анықтайтын факторлар. Халық денсаулығын қалыптастыратын табиғи және антропогенді факторлар. Биостатистика, оның халық денсаулығын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы органдары қызметін бағалаудағы маңызы. Биомедициналық этиканың негізгі қағидалары мен ережелері. Ауаның, топырақтың, судың жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу. Өндірістік ортаның факторлары. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар. Дезинфекцияның, асептиканың, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Маңызды бактериялық, вирустық сырқаттанушылықтарды микробиологиялық диагностикалау қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау, эпидемиологиялық диагностика, эпидемиологиялық талдау. Халықтың денсаулығы саласындағы зерттеулер. Радиациялық және биологиялық қауіпсіздік нормалары. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі. Есепке алу-есеп беру құжаттамасы. Ішкі ұйымдастыру және басқару функциясы. Менеджменттің мақсаты мен міндеттері. Еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналды гигиенасы саласында күштегі нормативтік-құқықтық актілер. Халықтың денсаулығын қорғау және нығайтуда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау заңдылықтары және ролі. Тамақ кәсіпорындарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру схемасы. Тамақ кәсіпорындарының санитариялық жағдайын бақылау. Тамақтық азық-түліктерді стандартизациялау, олардың гигиеналық және құқықтық маңызы. Гигиеналық зерттеу объектілері, түрлері, әдістері және міндеттері. Жұмысқа қабілетсіздік – әлеуметтік-құқықтық категория ретінде.

2.

Бейіндік пәндер циклі

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Халықтың жеке категорияларының еңбегін реттеу ерекшеліктері. Еңбек медицинасы саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер. Қоршаған орта объектілеріне санитариялық-лабораторлық бақылау жүргізу мәліметтерін бағалау. Халықтың физикалық дамуын, денсаулық жағдайын зерттеу, бағалау әдістері. Балалар мен жасөспірімдердің оқу қызметі, физикалық тәрбие гигиенасы. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау. Санитариялық-профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде эпидемиологиялық талдау түрлері мен формалары. Инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылық жағдайларының жоғарылауын талдау алгоритмі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жұмысты ұйымдастыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында проблемаларға талдау жүргізу. Тамақ кәсіпорындарын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру схемасы. Тамақ кәсіпорындарының санитариялық жағдайын бақылау. Еңбек гигиенасы. Кәсіптік қауіпті (тәуекелді) бағалау. Жеке қорғаныс құралдары. Еңбек жағдайына байланысты жұмыс орнын атестациялау. Жобалау, құрылыстаудың гигиеналық негіздері және мекемелердің көркейтілуіне, қондырғыларына қойылатын талаптар. Коммуналды объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Жалпы қабылданған, дамитын және үнемі қайта өзгеріп отыратын білімдерді қосқанда биомедициналық, клиникалық және әлеуметтік-мінез-құлықтық ғылымдар негізі саласында тәжірибеде білімдерді қолдану және көрсету.

      Ескертпе:

      **Практикалық дағдыларды меңгеру деңгейлері

      "Медициналық-профилактикалық іс" бағдарламасы бойынша тәжірибелік дағдылар

Тізімі

Меңгеру деңгейі**

1.

Индивидумның және популяцияның денсаулығының детерминанттарын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық проблемалары мен қауіптерін анықтау.

Білу

2.

Халықтың денсаулығын зерттеу және бағалау әдістерін меңгеру. Эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Тәлімгердің жетекшілігімен жүргізу

3.

Әзірленген және жүргізілген шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді басқару, оларды ғылыми және тәжірибелік мақсатта қолдану.

Тәлімгердің бақылауымен ұйымдастыру және өткізу

Халық, қоғамдық және өндірістік бөлмелерінде микроклимат параметрлерін, жарықтандыруды, жылыту және ауа алмасу жүйелерін, судың, топырақтың, ауаның сапасын бағалау әдістерін меңгеру, оларды ұйымдастыру бойынша шаралар ұсыну.

Өз бетінше қолдану және меңгеру

4.

Инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылықты, қоршаған орта объектілерінің жағдайын эпидемиологиялық бақылау және қадағалауды ұйымдастыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының маңыздылығын қолдау және насихаттау.

Өз бетінше ұйымдастыру және талдау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады