Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"»туралы санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы"»N 570 бұйрығына өзгеріспен және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5144 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 25 қазандағы № 834 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" N 570 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2478 тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы 1 қарашада N 44 (149) жарияланған, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелері мен нормаларда:

      24-тармақта "2" деген сан "2,5" деген санмен ауыстырылсын;

      38-тармақта:
      2) тармақша "шала піскен жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа, майонез қосылған салат, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар, (минералды және ауыз судан басқасы), чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, хот-догтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      Мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырсын:
      "9) оқушылардың тамақтануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген, екі апталық ас мәзірі және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі негізінде жүргізілуі тиіс. Тағамдарды 2 күн қатарынан қайталауға болмайды.
      Сағыз сатуға болмайды.";

      39-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тоңазытқыш жабдықтар заңнамада белгіленген тәртіппен, күніне 1 рет температурасы арнайы журналда тіркелетін, тексерілген бақылау термометрлерімен жабдықталуы керек.";

      42-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ас блогының жұмыскерлері үш арнайы киім жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шикі өнімдерді өңдеу және ыдыс-аяқты жуу кезінде клеенкадан жасалған алжапқыштарды пайдалану қажет.";

      106-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Егу кабинеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы "Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3208 тіркелген N 744 бұйрығына сәйкес жарақтандыруға тиіс".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      2008 жылғы 18 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады