"Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 570 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2478. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 25 қазандағы № 834 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Келісілген                        Келісілген
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым                  Индустрия және сауда
      министрімен                       министрлігі Құрылыс істері
                                        жөніндегі комитетінің
                                        төрағасы

      2003 жылғы 4 тамыз                2003 жылғы 7 тамыз

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 25 шілдедегі   
N 570 бұйрығымен       
"Оқушыларға жалпы білім    
беретін және интернаттық   
ұйымдардың құрылымына,   
ұсталуына және оқыту    
жағдайларына қойылатын    
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" санитарлық    
ережелері мен нормаларын  
бекіту туралы"      

  "Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың
құрылымына, оларды ұстауға және оқыту жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
Санитарлық ережелері және нормалары

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер), білім беру ұйымдардың орналасуына, ғимараттарына, жер бөлігіне, үй-жайларына және жабдықтарына, табиғи және жасанды жарықтандыруға, күн тәртібіне, гигиеналық тәртібіне, ауамен жылыту жүйелеріне, санитарлық жағдайына, оқушыларға медициналық қызмет көрсетуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.

      2. Осы санитарлық ережелер және нормалар іс-әрекеті білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты жеке және меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жалпы білім беру және интернаттық ұйымдар) арналған.

      3. Осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты ұйымдардың бірінші басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

      4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:
      1) жалпы білім беретін ұйымдар (мектеп, лицей, гимназия) - адамның қоғамға және еңбекке белсенді араласуына, қоғамдық және табиғи құбылыстарды түсінуіне қажетті, кәсіби білім алуға негіз болып, мемлекеттік кепілдік беретін орта білім беру жүйесіндегі оқу орындары;
      2) жалпы білім беретін мектеп - негізгі және қосымша түрде жалпы білім беру бағдарламасын пайдаланатын жалпы білім беретін орта оқу орны. Ол мынандай үш сатыдан тұрады: бастауыш, негізгі және жоғарғы, бұлардың әрқайсысы өздігімен жұмыс атқара алады;
      3) гимназия - оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір бағытта тереңдетілген, жекелеп оқытуды қарастыратын, орта білімге қатысты негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырушы жалпы білім беретін оқу орны;
      4) лицей - жалпы орта білім беретін және негізгі, қосымша бағдарламаларды жүзеге асыратын; жоғарғы сатыдағы оқушыларға кәсіби бағыттағы білім беруді жүзеге асыратын оқу орны;
      5) интернаттық ұйымдар (мектеп-интернат, мектеп жанындағы интернат) - белгіленген азаматтарға білім алу құқығына мемлекеттік тұрғыдан кепілдік беретін және жатын орынмен қамтамасыз ететін орта білім жүйесіндегі ұйымдар;
      6) шағын мектептер (ауылдық мектеп) - саны жағынан оқушылары аз, сынып - комплектілері біріктірілген сабақ жүргізілуі өзгеше ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектеп;
      7) кіші-орталық (аз уақыт болатын топ) - барлық меншік түріне қарасты, "мектеп-балабақша" кешендерінде, мектеп жасына дейінгі ұйымдарда және мектепте ұйымдастырылатын мектеп жасына дейінгі балалардың аз ғана тобын тәрбиелеу;
      8) мектепке дейінгі сыныптар - жалпы білім беретін мектептердегі 5-6 жастағы балаларға арналған, міндетті түрде өткізілетін бір жылдық тегін мектеп алдындағы дайындық;
      9) сыныптардың толықтырылуы - бұл оқу сыныбының үй-жайының көлеміне байланысты анықталатын сыныптағы оқушылар саны;
      10) оқу жүктемесі - оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқу үдерісі кезінде жасына қарай топталған, академиялық сағатпен есептелетін, оқушылардың сабақпен қамтылуының нормаланған қосындысы;
      11) оқу құралы - оқу бағдарламасының белгілі бір сабағы бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүйелі түрде материалы баяндалған оқу әдебиеті;
      12) күн тәртібі - оқушылардың бекітілген күн тәртібі;
      13) нормативтік құжаттар - стандарттар, санитарлық, мал дәрігерлік-санитарлық, фитосанитарлық ережелер мен нормалар;
      14) рекреакция - үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың дем алып және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
      15) коррекция - оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған сауықтыру шаралардың кешенді түрі;
      16) инсоляция - үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға бергізетін күн сәулесі радиациясының нормаланған көрсеткіші;
      17) табиғи жарықтандыру коэффициенті (әрі қарай - ТЖК) - үй-жайдың табиғи жарықтануының нормаланған көрсеткіші;
      18) климаттық аумақ - климаттық белгілер бойынша (температура, ылғалдылық) бөлінетін аумақ;
      19) салыстырмалы ылғалдылық - ауадағы су буының серпінділігінің сол температурада қаныққан су буына деген ара қатысы, пайыз арқылы анықталады;
      20) рециркуляция - жабық үй-жайлардағы температураны, ылғалдылықты, ауаның тазалығын реттеу мақсатында ауаны бірнеше рет еселеп, толық немесе бір бөлігін қайталай алмастыру;
      21) санитарлық-қорғау аумағы - тұрғындарды қоршайтын өнеркәсіптік және көліктік нысандардың ауаның ластануын және басқа да факторлардың теріс әсерін азайтуға арналған (шу, қозғалыс, топырақ пен судың ластануы) және зиянды ықпалынан қорғау мақсатында жасалынған аумақ;
      22) люфт-клозет - ғимарат ішінде орналасқан, алдында арнайы кіреберісі бар, сорып-шығаратын желдету жүйесі бар, канализацияға қосылмаған дәретхана;
      23) септик - тұрмыста пайдаланудан жиналған шағын ағынды суларды тазартуға арналған құрылғы. Ол жер астында орналасқан, қалдық су өтетін, бір немесе бірнеше камерадан тұратын горизонтальды су тұндырғысы;
      24) зарарсыздандырушы заттар - қоршаған ортада нысандарындағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған химиялық заттар.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

  2. Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдардың орналасуына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың ғимараттары жеке жер бөлігінде орналасуға тиіс, оларға қойылатын талаптар қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерінің талаптарына (бұдан әрі - ҚНжЕ) сәйкес жүргізілуі керек.
      Бейімделген ғимараттарға ауылдық мектептерді орналастыру кезінде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы білім беретін ұйымның түріне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша осы санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      6. Мектеп және интернаттық ғимараттардың әртүрлі имараттардан (тұрғын үйлер және өндірістік) ара қашықтығы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес қарастырылуы тиіс.

      7. Екінші және үшінші климаттық аумақта орналасқан үйлерден жалпы білім беретін ұйымдарға дейінгі қызмет ету радиусы жаяу жүріспен 0,5 километрден артық болмауы керек, бірінші климаттық аумақта кіші және орта мектеп жасындағы оқушылар үшін 0,3 километр, жоғарғы сынып оқушылары үшін 0,4 километр:
      1) көліктің қатынау мүмкіндігі бар жағдайдағы жалпы білім беретін ұйымдарды орналастыруға рұқсат етілетін қашықтық: жолға кететін уақыт кіші және алдын-ала сынып оқушылары мен тәрбиеленушілері үшін 15 минут (бір жағына қарай), орта және жоғарғы сынып оқушылар үшін 30 минутқа дейін. Ауылдық жерлерде жалпы білім беретін ұйымдардың орналасуы кіші және мектепке дейінгі сынып оқушылары мен тәрбиеленушілері үшін жаяу жүргенде қатынасу радиусы 2 километрден және көлік қызметін пайдаланғанда 15 минуттан (бір жағына қарай) аспауға тиіс. Орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін жаяу жүргендегі қатынасу радиусы 4 километрден, көлік қызметін пайдаланғанда 30 минуттан аспауы керек;
      2) орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін қызмет радиусының шегі 15 километрден аспауы керек. Оқушылар тұратын үйлерінің мектептен қашықтығы 15 километрден асқанда, сол сияқты көлік қатынасы болмаған жағдайда оқушылар үшін мектеп жанындағы интернат қарастырылуы керек;
      3) мектептен 3 километрден көп қашықтықта тұратын оқушылар көлікпен қамтамасыз етуді қажет етеді. Ауылдық жерде оқушылар арнайы көлікпен тасымалданады. Көлікке отыру үшін жиналатын жердің үйден дейін қашықтығы 500 метрден (бұдан әрі - м) аспауға тиіс.

      8. Мектеп алдындағы сыныптар және аз уақыт болатын топтар (бұдан әрі - кіші орталықтар) мектеп ғимаратының екінші қабатынан жоғары орналастыруға болмайды. Осы топтағы балалармен арнайы бөлінген үй-жайларда (сынып, топ) сабақ өткізіледі

  3. Жер бөлігіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      9. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың жеке жер болып, ұйым ғимаратынан қызыл сызыққа дейін арақашықтығы 25 метрден, ал ауылдық жерде 10 метрден кем болмауы керек. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың аумағында қызметі ұйыммен байланысты емес объектілердің oрналасуына қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай рұқсат етілмейді.
      Мектеп учаскесін өндірістік нысандардың санитариялық қорғау аумағында орналастыруға болмайды.

      10. Жер бөлігінің алаңын көркейту, көгалдандыру деңгейі, жарық беретін шамдармен қамтамасыз ету ұйымның жобада қаралуына байланысты және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қабылданады.

      11. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымның жер учаскесінің алаңын көркейту, көгалдандыру деңгейі, жарық беретін шамдармен қамтамасыз ету жобада көрсетілген сыйымдылыққа және қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жүргізіледі.

      12. Жалпы білім беру және интернаттық ұйымдардың аумағы келесі аумақтарға бөлінуі тиіс:
      1) оқу аумағы - бөлінген жер көлемінің 25% артық емес алаңы құрастырылуы керек. Қалада орналасқан мектептердің оқу аумағының көлемі бөлінген жер аумағында химия және биология кабинеттерінің қатарына кіретін жылыжай, оранжерея құрылысын салуға байланысты кемиді;
      2) дене шынықтыру-спорт аумағы - мектеп ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықта, екпе ағаштардың сыртында орналасуы керек, оларды оқу жайларының терезе жағынан орналастыруға рұқсат етілмейді. Спорт алаңындағы жабдықтар дене шынықтыруға қатысты оқу бағдарламасын, секциялық-спорт сабақтарын және сауықтыру шараларын өткізуге қатысты талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Спорттық-ойын алаңдарының беті тегіс, қатты қабаты болуы керек, футбол алаңының беті шөпті болуы керек;
      3) демалыс аумағы - көгалдандырылған және спорт пен шаруашылық аумағынан қашықтау, оқу аумағына жақын орналасып, қимылдап ойнауға және әр оқу баспалдағы үшін тыныш отырып дем алатын алаңдары болуға тиіс;
      4) шаруашылық аумағы - жасыл желектермен қоршалып, ас блогының өндірістік жайларымен қызметтік байланысы және өз алдына көлік кіретін жолдары болып, мектеп пен интернат ғимаратынан кем дегенде 35 метр қашықтықта орналасуы керек. Шаруашылық аумағы ас блогының өндірістік жайларына кіретін жаққа орналасып, көше жақтан көлік кіре алатын жолы болуы керек. Жергілікті жағдайға байланысты шаруашылық аумағында сарай, көкөніс сақтайтын қойма, оқу гаражы, жабдықтар мен құралдар үшін бастырма орналастыруға болады. Шаруашылық аумағында орналасатын жайлардың құрамы мен алаңдары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталады. Шаруашылық аумағындағы құрылыс жүргізілмеген бөлігінің бетінде қатты қабаты болуға тиіс.

      13. Учаскенің аумағында жаңбырдың суы мен еріген қардың суын ағызу қарастырылуы керек.
      Жер учаскелері гараждар мен ашық автокөлік тұрақтарынан қашық орналасуы керек:
      10 және 10-ға дейін - 15 метр;
      11-ден 100-ге дейін - 25 метр;
      101-ден 300-ге дейін - 50 метр.

      14. Мектеп-интернаттар бір немесе бірнеше жеке орналасқан, арасы жылытылған өткелдермен жалғасқан ғимараттарда орналасуы қажет. Төртінші климаттық зонада өткел құрылысының болуы қажет емес. Ғимараттың қабат саны қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша анықталады.

      15. Шаруашылық аумағында орталықтандырылған сумен және жылумен қамтамасыз ету жүйесі, канализация болмаған жағдайда құрылғысы қолданыстағы ҚНжЕ-ге сәйкес өз алдына жеке қазандық, сорғымен су жинайтын бак және септигі болуға тиіс.
      Мектеп ғимаратына келетін жол кем дегенде 100 м жерден, шаруашылық құрылысына, қоқыс жинайтын алаңдарға кіріп-шығатын жолдар және ауылдық жерлерде канализациясы жоқ аулада орнатылған дәретханаларға баратын жолдар асфальтпен, бетонмен немесе басқа да қатты заттармен жабылуы керек.
      Қоқыс жинағыш ғимараттан 25 метр қашықтықта бетондалған алаңда орналасуы керек.

      16. Сыртқы жарықтандыру көздері арқылы жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың аумағы шашыранды шам сәулесі арқылы барлық жерде бірдей жарықтану керек.

  4. Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдардың ғимараттарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      17. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардағы балалардың саны жобада көрсетілген сыйымдылықтан аспауы керек. Ұйымдағы әрбір сыныпты толықтыру қолданыстағы нормативті құжаттардың талаптарына сай жүргізіледі.
      Кіші-орталықтың (аз уақыт болатын топ) бір тобындағы балалардың саны 25-тен көп болмауы керек.

      18. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарды бейімделген ғимараттарда орналастырған жағдайда қажетті сыныптық жайлар жиынтығы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіледі.

      19. Киім ілетін орындар бірінші қабатта орналасып, міндетті түрде әр сыныптар үшін арнайы киім ілгіштер және аяқ киім қоятын ұялармен жабдықталуы керек. Киім ілгіштерді оқу жайларында және дем алатын орындарда орналастыруға болмайды.

      20. Мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушылары мен тәрбиеленушілер жеке блокқа бөлініп, әрбір сыныпқа бекітілген оқу үй-жайларында оқуы керек.

      21. Орта және жоғарғы сынып оқушыларын оқыту кабинеттік жүйеде жүргізілуге тиіс. Негізгі пәндер бойынша кабинеттер саны жоғарғы сынып оқушыларының санына қарай шешіледі. Табиғи-математикалық және гуманитарлық циклдар үшін кабинеттерді біріктіретін арнайы секциялар құру қажет.
      Ауылдық жерде сыныптарда оқушылар саны аз болған жағдайда оқу кабинеттерін 2 пән бойынша пайдалануға болады. Келесі пәндер бойынша біріктіру ыңғайлы болады: химия-биология, математика - сызу, сызу-сурет, тарих-география, әдебиет-шет тілі.
      Оқыту сыныптары шу және жағымсыз иіс шығаратын үй-жайлардан (шеберхана, спорттық, акті залдары, ас блогы) алыс орналасуы керек.

      22. Оқыту үй-жайларында мыналар анықталуы керек: мұғалімдер мен балаларға арналған жұмыс аумағы, көрнекті-оқыту, құрал-жабдықтары, оқытуға арналған техникалық заттар үшін қосымша кеңістіктер болуы керек.

      23. Мектепке дейінгі сыныптардың, кіші-орталықтардың үй-жайларында заттық кеңістік пайымдауды кеңітетін орта құрылып, онда ойыншықтар, оқыту құралдары, мектеп жасына дейінгілерге арналған оқыту-ойнау жиһаздары болып, жалпы міндетті стандарттарға сай мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп, оқытуға және ойнауға арналған материалдар болуы керек.

      24. Жалпы білім беру, кіші орталықтардағы кабинеттердің аумағы қолданыстағы ҚНжЕ-ге сай, бір оқушыға және бір тәрбиеленушіге 2,5 шаршы метр (әрі қарай м 2 ) деген есеппен алынуы керек.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.01.15.  N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      25. Компьютерлік кабинеттердің алаңы және оны пайдалану қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормалар мен талаптарына сай болуы керек. Кейбір пәндерді тереңдетіп оқыту және практикалық сабақ өткізу үшін сыныптарды 2-4 топтарға бөлу қажет.

      26. Интернаттардағы жатын бөлмелер 1-4 сынып оқушылары үшін 4-6 орындық және 5-11 сынып оқушылары үшін 2-4 орындық болып жоспарлануға тиіс. Мектеп-интернаттардағы ойын алаңдары 1 оқушыға шаққанда 2 шаршы метр есебінен алынып, мектеп интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда жататындар үшін бір ұйықтау орнына 4 шаршы метр есебімен алынып, қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай болуы керек.

      27. Спорт зал бірінші қабатта орналасып, спорт залының алаңы және оның үй-жайлар жиынтығы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес келуге тиіс.

      28. Акті залының көлемі бір отыратын орынға 0,65 шаршы метр есебімен және оқушылардың жалпы санының 60%-нан анықталады. Акт залында қолданылып жүрген құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес қосымша үй-жайлар қарастырылуы керек.

      29. Кітапханаға арналған үй-жайды техникалық оқыту құралдарының барлық түрімен жабдықталған анықтамалық-ақпараттық орталық үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
      Кітапхананың көлемін бір оқушыға 0,65 метр деген есеппен анықтайды.

      30. Ұйымдағы медициналық пунктқа қажетті үй-жайлардың жиынтығы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай болып, келесі үй-жайлардан тұруға тиіс: балалар дәрігерінің, тіс дәрігерінің, емшара және егу жұмыстарын жүргізетін кабинеттерден (мектепте аурудың алдын алу үшін егу жүргізілген жағдайда) және психолог кабинетінен. Медпунктте өз алдына жеке дәретхана болуы керек.
      Медициналық пунктінің толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлмемен жабдықталады, жарақтандыру және жабдық, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттамасының тізбесін жүргізу осы санитарлық ережелерге сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келіседі.
      Бейімделген ауылдық мектептердің медициналық кабинетінде орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмаған жағдайда су құйып қолданатын қол жуғыштар (сорғымен су жинайтын бак) орнатылады.
      Интернаттық ұйымның медициналық пунктінде бұған қоса 2-4 палата бөлініп, оның екеуі бірімен бірі шлюз, тарату буфеті болып, олар ыдыс жуатын жабдықтармен және ваннасы бар санитариялық блокпен жабдықталуы қажет.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      31. Оқу корпусының әрбір қабатында ер балалар мен қыздарға арналған есігі бар, жеке кабинадан тұратын санитариялық тораптар орналасуы керек. Санитариялық құралдар саны келесі есеп бойынша алынуға тиіс: 20 қызға бір унитаз, 30 қызға 1 қолжуғыш, 30 ер балаға 1 унитаз, 0,5 кіші дәретсындыратын писсуар және 1 қолжуғыш. Мұғалімдер ұжымына жеке санитариялық торап бөлінуі керек.
      Орта және жоғарғы сыныптың қыздары үшін 70 адамға 1 кабина есебінен жеке бастың гигиенасына арналған бөлме ұйымдастырылуға тиіс.

      32. Әр қабатта тазарту жұмыстарына қолданылатын құралдарды сақтау, зарарсыздандыру және зарарсыздандыру ерітіндісін дайындау үшін қажетті ыстық және суық су келтірілген табандықтармен жабдықталған үй-жай болуы керек.

      33. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптардың, кіші-орталықтардың, зертханалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, медициналық көмек көрсету үй-жайларында, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерге арналған бөлмелерде қолданыстағы ҚНжЕ-ге сай, қолжуғыштар қойылуы керек.

      34. Мектеп және интернаттардың бөлме-жайларын оқу-тәрбиелік процеспен байланысты емес, басқа ұйымдарға басқа бір мақсатпен жалға беруге тыйым салынады. Әр қабатта тазарту жұмыстарына қолданылатын құралдарды сақтау, зарарсыздандыру және зарарсыздандыру ерітіндісін дайындау үшін қажетті ыстық және суық су келтірілген табандықтармен жабдықталған жай болуы керек.

      35. Жалпы білім беру және интернаттық едендер тақтаймен, паркетпен немесе жылыту негізінде жасалған линолеуммен, қуыссыз, саңылаусыз болып жабылуы керек. Қолжуғыш бөлмесі және дәретхананың едендеріне қыштан жасалған немесе мозаикалық әрленген плиткалар төселуі керек.
      Едендердің төселімі ретінде цемент, жылтырланған мәрмәр және тайғақ материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

      36. Қабырға мен еденді өңдеуге арналған полимерлі материалдарды іріктеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген полимерлі материалдар мен бұйымдар тізбесі басшылыққа алынады.

  5. Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Ас блогының құрылымы, жабдықталуы және ұсталуы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Мектепке дейінгі сыныптарда, кіші-орталықтарда балалар төрт сағаттан артық болатын болса, оларды тамақтандыруды ұйымдастыру керек.
      Ауылдық мектепте асхана болмаған жағдайда шикізат дайындауға, тамақ әзірлеуге және дайын өнімді таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемінде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады.
      Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзірлеу ағындылығы есепке алына отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      38. Жалпы білім беру ұйымдарында ыстық тамақ беру ұйымдастырылуға тиіс: жалпы білім беретін мектептерде ұзартылған күннің тобындағы балалары үшін екі мезгіл және қалған балалар үшін таңертеңгі ыстық тамақ берілуі тиіс. Мектеп-интернаттарда Үкіметтің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 "Мұқтаж азаматтардың білім алу кезеңінде, оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қайнар көздері мен көлемі туралы"  қаулысының 4, 5, 6-қосымшасымен және осы санитарлық ережелерге 1 қосымшасымен бекітілген бір балаға қажетті тамақ нормасына сәйкес төрт мезгілдік тамақтану ұйымдастырылуы керек:
      1) тамақ өнімдерінің кейбір түрлерін, тамақ өнімдерін ауыстыру кестесіне сәйкес негізгі тамақ заттарымен осы санитарлық ережелерге 2-қосымшаға сәйкес ауыстыруға рұқсат етіледі;
      2) балалардың тамағы үшін мыналарды дайындауға және пайдалануға тыйым салынады: пастерленбеген сүтті, ыстық арқылы өңделмеген сүзбе мен қаймақты; жеке адам дайындаған айранды, тартылған ет қосылған макаронды, ет оралған құймақшаларды, сірне, көк сорпа, паштет, құйма тағамдарды, жеке адам дайындаған морстар мен сусындарды, кремдік бұйымдарды, фритюрде қуырылған самсаны және ірі бауырсақтарды, консервілер мен үйде дайындалған компоттарды, шала піскен жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа, майонез қосылған салат, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар, (минералды және ауыз судан басқасы), чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, хот-догтар;
      3) сырттан алынып келінетін тағамдық азық-түліктің (шикізаттар мен жартылай өңделген тағамдар) сапасы туралы сертификаты болуға тиіс. Тағамдық азық-түліктің ілеспе құжаты болмай, сақтау мерзімі өткен және сапасының нашарлаған белгілері болған жағдайда қолдануға рұқсат етілмейді;
      4) азық-түліктік шикізатты және тамақ өнімдерін тасымалдау үшін арнайы жабдықталған және белгіленген тәртіпте санитарлық құжаты бар көліктер пайдаланылуы тиіс;
      5) жүргізуші және экспедитор жұмысқа алынар алдында және керекті мезгілде медициналық тексеруден өтіп, жеке медициналық кітапшасы болуы керек;
      6) тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары мен сату мерзімдері 2002 жылғы 1 тамыздағы N 4.01.060.02, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 қыркүйекте N 1989 тіркелген "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық  ережелері мен нормалары талаптарына сәйкес орындалады;
      7) дастархан мәзірі, дайын тағамдардың көлемі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және климаттық-географиялық аумақты ескере отырып дайындалады. Жазғы кезең үшін тәуліктік рационның нәрлілігі 10%-ға көбейтіледі. Дастархан мәзірінің негізіне осы санитарлық ережелерге 1-қосымшаға сәйкес қолданылып жүрген тамақтану нормасы алынуға тиіс;
      8) дайындалғаннан кейін шығатын тамақ көлемі мынандай болуға тиіс: 6-10 жастағы балалар үшін бірінші тағам - 250 грамм, екінші тағамның гарнирі - 150 грамм, ет, балық, құс - 50 грамм, үшінші тағам - 180-200 грамм, 11-17 жастағы балалар үшін бірінші тағам - 400 грамм, 100 грамм салат, екінші тағам - 250 грамм, оның ішінде ет пен балық, құс - 70-100 грамм, үшінші тағам - 200 грамм;
      9) оқушылардың тамақтануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген, екі апталық ас мәзірі және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі негізінде жүргізілуі тиіс. Тағамдарды 2 күн қатарынан қайталауға болмайды.
      Сағыз сатуға болмайды.
       Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.01.15.  N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      39. Шикізатпен немесе жартылай дайындалған тағаммен жұмыс істейтін асханада, буфетте тамақтандыру жұмысы ұйымдастырылады. Мектептерде оқушылар саны 100-ден асса, онда асхана қарастырылуы керек. Шикізатпен жұмыс істейтін асхана мен буфеттерде қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес қажетті жабдықтар мен бөлмелер жиынтығы болуға тиіс.
      Тоңазытқыш жабдықтар заңнамада белгіленген тәртіппен, күніне 1 рет температурасы арнайы журналда тіркелетін, тексерілген бақылау термометрлерімен жабдықталуы керек.
       Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.01.15.  N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      40. Асханаларда қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес әрбір 20 отыратын орынға бір кранды қолжуғыш орнатылуы керек.

      41. Шағын комплектілі мектептерде (ауылдық мектептерде) (50 оқушыға дейін) асхана болмаған жағдайда қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес тамақтану үшін қажетті жабдықтармен қамтылған үй-жай бөлінуі керек.
      Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      42. Ас блогының қызметкерлері арнайы киіммен, жеке басының гигиенасын сақтауға керекті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек.
      Ас блогының қызметкерлері жеке басының гигиенасын сақтау туралы мынандай ережелерді қатаң түрде сақтауы керек:
      1) жұмысқа кірісердің алдында сыртқы киімін шкафқа іліп, қолын ыстық сумен, сабындап, шөткелеп жууы керек;
      2) асхана ішінде тек арнайы киіммен жұмыс істеп, оларды кию ережесін қатаң сақтау керек;
      3) асханадан шыққанда, дәретханаға барарда арнайы киімді шешіп, одан соң қолын ыстық сумен, сабындап, шөткелеп жууы керек, одан соң арнайы киімін киюі керек;
      4) ас блогының жұмыскерлері үш арнайы киім жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шикі өнімдерді өңдеу және ыдыс-аяқты жуу кезінде клеенкадан жасалған алжапқыштарды пайдалану қажет.
       Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.01.15.  N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  6. Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдардың үй-жайларына және жабдықтарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      43. Оқу жайларының бағытына байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқу жиһаздары пайдаланылады. Үстелдер осы санитарлық ережелерге 3-қосымшаға сәйкес үш, екі немесе бір қатарға орналастырылады.

      44. Әрбір оқушының бойына сай, көру және есту қабілетіне байланысты жұмыс орны - отыратын партамен немесе үстелмен қамтамасыз етіледі. Оқушының бойына сай жиһазға белгі салу керек. Орындықтың орнына арқасы жоқ орындықтарды (табуретка немесе скамейка) пайдалануға тыйым салынады.
      Көру мен есту органдарының ақауы бар балалар үшін парталар нөміріне қарамастан, бірінші қатарға қойылады. Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жақтан бірінші қатарда орналасуы керек. Тыныс алу жолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықтан жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет.

      45. Оқу жайларын жабдықтағанда келесі өлшемдер сақталуы керек:
      1) екі орындықты үстелдердің қатарларының арасы - 60 сантиметр (бұдан әрі - см) кем болмасын;
      2) үстел қатарларының арасы, сыртқы және ішкі, қатар тұрған қабырғалардан қатарлардан қашықтығы - 50 см кем болмасын;
      3) соңғы үстелден қабырғаға (аралық қабырға), қарама-қарсы тақтаға дейін 70 см кем болмасын, артқы қабырғадан, сыртқы болып есептелетін, 100 см кем болмасын;
      4) демонстрация жүргізетін үстелден оқу тақтасына дейін - 100 см кем болмасын;
      5) бірінші партадан оқу тақтасына дейін - 2,4-2,7 метр;
      6) соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасынан ара қашықтығы - 8,6 метр;
      7) оқу тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі - 80-90 см;
      8) тақтаның көру бұрышы мектептегі орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін 35 градустан және 6-7 жастағы оқушылар 45 градустан кем болмасын.

      46. Физика және химия кабинеттері былай жабдықталуға тиіс:
      1) техникалық оқу құралдары үшін биік орналасқан арнайы демонстрациялық үстелдермен;
      2) оқушыларға арналған екі орындық су, электр қуаты, қысылған ауа келтірілген зертханалық үстелдермен;
      3) химиялық зертхана құрылыс нормалар және ережелеріне сәйкес сыртқы қабырғаға таяу, мұғалім үстелінің жанына орналасқан сору шкафтарымен жабдықталуы керек.

      47. Шет тілі кабинеттерінде келесі жабдықтар болуға тиіс: басқаратын пульты бар мұғалімнің үстелі және жобалаушы құрылғыларға арналған тумба; магнитофон және күйтабақты ойнатқыштың астына қоятын тұғырық; көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдарын сақтайтын секциялы шкафтар.

      48. Жататын жай жиһаздары балалардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек. Төсектерді орналастырғанда келесі ара қашықтықтарды сақтаған жөн: төсектердің ұзын жақтарының арасы - 50 см, бас жақтарының арасы - 20 см, төсектердің жекеленген қатарларының арасы - 100 см, төсек пен сыртқы қабырғаның арасы - 60 см.

      49. Жиһаздарды жөндеуден өткізгенде үстелдер мен парталардың өлшемдері сақталуы керек және оларды әрлеуде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар мен бояулар қолданылуға тиіс.

      50. Мектепке дейінгі бастауыш сыныптардың, зертханалардың, оқу кабинеттерінің, кіші-орталықтардың, шеберханалардың, медициналық көмекпен қамтитын, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің және ұйықтауға арналған корпуста:
      1) оқушылардың жасына қарай қол жуатын раковиналар еденнен 0,6-0,7 м биіктікте орналастырылады. Крандар раковинаның жоғарғы ернеуінен 0,2-0,25 м биіктікте, крандардың ара қашықтығы кіші сынып оқушылары үшін 0,5 м кем емес, жоғарғы сынып оқушылары үшін - 0,8 м кем емес, аяқ жуатын ванналар ернеуінің еденнен биіктігі кем дегенде 30 см болып және аяқ тірейтін ағаштан жасалған тұғырығы болуы керек. Қатар орналасқан екі қолжуғыштың арасындағы өткел кем дегенде 1,6 м болуы тиіс;
      2) оқитын және ұйықтайтын әр секцияларда немесе оқитын-жататын блоктарда тазартуға қажетті керек-жарақтарға арналған шкафтар орнатылады және ыстық су қосылған су айырғыш крандар болуы тиіс;
      3) мектеп-интернатта су құбыры болмаған жағдайда су құйып қолданатын қол жуғыштар орнатылады.

      51. Жоғарғы сыныптардағы қыздарға арналған дәретханалардағы кабиналардың есігі болуы керек. Мектепке дейінгі секциялардағы 1-4 сынып оқушылары үшін дәретханаларда балаларға арналған унитаздар болуы керек. Қыздардың жеке басының гигиенасына арналған бөлмелерде суы жоғары атқылайтын себезгі, қолжуғыш, тартпалы жәшік және киім ілгіш болуы керек. Мектеп-интернат үй-жайларындағы бір оқушыға арналған санитарлық құралдардың саны, осы санитарлық ереженің 4 қосымшасында көрсетілген, қолданыстағы ҚНжЕ-ге сай болуы керек.

      52. Тәрбиеленушілер өздері тұратын бөлмеге тазарту жұмыстарын жүргізгенде шелекпен су алу үшін жуынатын бөлмелерде еденнен 0,5-0,6 м биіктікте орналасқан кран болуы керек. Кранның астында жиналған суды канализацияға ағызатын трап болып, оның ернеуінің биіктігі 0,05-0,07 м аспай және шелекпен суды алып түскенде қиындық туғызбауға тиіс. Жуынатын бөлмелерде тазарту жұмыстарына қажетті керек-жарақтарды сақтайтын шкафтар орнатылуы керек.

  7. Ауамен жылыту жүйелеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      53. Жалпы білім беретін және интернатты ұйымдардағы ауаны жылыту, желдету, алмастыру жүйелері қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қарастырылуы керек.

      54. Сорып шығаратын желдеткіштердің бөлек жүйелерін мына үй-жайларға (үй-жайлардың топтарына) қарастыру керек: сыныптық бөлмелер мен оқитын кабинеттерге, зертханаларға, актті залдарына, бассейндерге, тирлерге, асханаларға, медпункттерге, киноаппараттарды сақтайтын бөлмелерге, дәретханаларға, жинап-тазалауға арналған керек-жарақтарды жууға және сақтауға арналған үй-жайларға, олар:
      1) мектептердің асханаларындағы ауаның ауысуы, ас үйінің технологиялық жабдықтарынан бөлінетін артық ыстық ауаны жоятындай болып есептелуі керек;
      2) асбесттіцемент ауа өткізгіштерін қолдануға болмайды.

      55. Бірқабатты шағын ауыл мектептерін және сыйымдылығы 200-ден аспайтын интернат ұйымдарын пешпен жылытуға болады. От жағатын жер кіріп-шығуы бөлек үй-жайда орналасуы керек. Темірден жасалған пештерді қолдануға болмайды.
      Үй-жайлардағы ауа көмір қышқылымен ластанбауы үшін, от толық жанғаннан кейін және оқушылардың келуінен екі сағат бұрын пештің құбырлары жабылады.

      56. Оқу үй-жайларындағы ауа ауысатын тесік пен фрамугтің ауданы еденнің ауданына бірдің елуге қатынасындай болуы керек. Ауа ауысатын тесіктер мен фрамугтер жылдың барлық мезгілінде керегіне қарай қолданылуы керек.

      57. Оқу үй-жайларын таза ауамен үзіліс кезінде, ал ауаны ауыстыру сабақ жүріп жатқан кезде жүргізілуі керек. Сабақ басталардан бұрын және аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларын кіріп-шығатын таза ауамен желдету керек. Таза ауамен желдету уақытының ұзақтылығы ауа-райы жағдайына байланысты анықталады. Жылдың жылы уақытында, сабақты фрамугалар мен терезе желдеткіштері ашық жағдайда өткізу керек.

      58. Климаттық жағдайларға байланысты ауаның температурасы мыналарды құрауы керек:
      1) ұйықтайтын үй-жайларда, оқу кабинеттерінде, лабораторияларда, кітапханаларда, акті залында, компьютерлік сыныптарда - 18-22 градус Цельсий болуы керек;
      2) оқу шеберханаларында, спорт зал мен секциялық сабақтарды жүргізуге арналған бөлмелерде, тыныш жайларда, вестибюльде және гардеробта - 15-17 градус Цельсий болуы керек;
      3) спорт залдың шешінетін бөлмесінде - 19-23 градус Цельсий болуы керек;
      4) дәрігерлердің кабинеттерінде - 21-23 градус Цельсий болуы керек.

      59. Дене тәрбиесі сабақтарын желденетін залдарда өткізу керек. Сабақ кезінде сырттағы ауаның температурасы 5 градус Цельсийден жоғары болып және әлсіз жел ескенде жел жақтағы терезелерді ашу керек. Температура төмен болып желдің жылдамдығы үлкен болса сабақтарды фрамугтерді ашып өткізуге болады, өтпелі желдетуді үзіліс кезінде, сыныпта оқушылар болмаған кезде жүргізіледі.
      Мектепке дейінгі сыныптарда, кіші-орталықтарда желдетудің кіріп-шығатын немесе бұрыштала жүргізетін түрлерін балалар жоқта жүргізіп, олар келерден 30 мин. бұрын тоқтату керек.
      Жылдың суық уақытындағы желдету барысында үй-жайдағы температура 16 0 С-дан төмен түспеу керек.

      60. Станоктар мен механизмдердегі жұмыстары көп мөлшерде жылу және шаңның бөлінуімен байланысты болатын мектептің оқу-өндірістік шеберханалары механикаландырылған сорып шығару желдеткішімен жабдықталуы керек. Ауа алмасуының жиілігі бір балаға сағатына 20 куб метрден кем болмауы керек. Станоктар мен механизмдер санитарлық нормалардың талаптарына сай және олардың тиісті қорғаныс құралдары болуы керек.
      Дәретханаларда, асхана, душ және шеберхана үй-жайлары созғыш желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
      Созғыш желдеткіш торлары ай сайын шаңнан тазартылып отыруы тиіс.

  8. Табиғи және жасанды жарықтандыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      61. Мектептер мен интернаттардың оқу үй-жайларында табиғи жарықтандыру болуы керек. Табиғи жарықтандырусыз: снарядтарды қоятын, қойма үй-жайларын (оңай жанатын сұйықтықты сақтауға арналған үй-жайлардан басқа), радиотүйіндерін, кино-сурет-зертханаларын, кітаптарды сақтауға арналған қоймаларды, су ысытатын бөлмелерді, соратын су құбырлары мен құбырландырылған арналар, қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жобалауға болады.

      62. Мектеп жайларында солжақтан түсетін бүйірлік жарық көзі болу керек. Екіжақты жарықтандыру кезінде, оқу-үй жайының ұзындығы 6 метрден және одан аса көп болған кезде міндетті түрде жарықтандырудың оңжақтағы көзі қарастырылып, оның биіктігі 2,2 метрден кем болмауы керек. Негізгі сәуле ағыны оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарына түспеуі керек.

      63. Екі жақтан түсетін табиғи бүйірлік және қиыстырылған жарықтандыру (жоғарғы және бүйірлік) түрлерін спорт және акті залдарында, оқу-өндірістік шеберханаларында пайдалану керек.

      64. Оқу үй-жайларында орналасқан терезелердің бағдары көкжиектің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс жақтарында болуы керек. Осы санитарлық ережелерге 5-қосымшаға сай қолданыстағы ҚНжЕ талаптары бойынша сурет, сызу сабақтарының кабинеттерінің, сол сияқты асхана бөлмесінің терезелері солтүстік бағытқа, ал есептеуіш техника сабағының кабинетінің терезесі - оңтүстік немесе оңтүстік-шығыс бағытқа бағытталуы мүмкін.

      65. Оқу-үй жайлары жарық түсу ойықтары реттелетін және күннен қорғайтын жалюздермен, жиһаз және үй қабырғаларының түсімен үйлесетін ашық тонды матадан жасалған перделермен жабдықталуы керек. Поливинилхлоридті үлдірден жасалған перделерді қолдануға тыйым салынады.

      66. Оқу және тұрғын үй-жайларды әрлеу үшін сапасы мен қолдану аумағы сертификатпен расталған әрлегіш материалдар қолданылуы керек. Оқу үй-жайларының қабырғаларын сырлағанда ашық түсті - сары, ашық қоңыр, күлгін, жасыл, көгілдір түсті бояулар; жиһаздарға - табиғи ағаш түсті немесе ашық жасыл түсті бояулар; сыныптық тақталарға - қою жасыл, қою қоңыр бояулар; есіктер, терезенің жақтауларына - ақ түсті бояулар қолданылуы керек.

      67. Күндізгі жарықты мол мөлшерде пайдалану және оқу үй-жайларын біркелкі жарықтандыру үшін, ағаштарды ғимараттан 15 метрден жақын орналастыруға, ал бұталарды - 5 метрден жақын отырғызуға болмайды; терезе әйнектерін бояуға, терезенің алдына гүл қоюға болмайды. Оларды терезе аралығындағы аспалы кашпо немесе еденнен 65-70 сантиметрдей биіктікте орналасқан тасымалдаушы гүлсалғышқа орналастыру, терезелерді жуу және тазалау жұмысы жылына (күзгі және көктемгі мезгілде) екі реттен кем өткізілмеуі керек.

      68. Оқу және тұрғын үй-жайларындағы нормаланған жарық беру деңгейлері және жарықтандыру сапасының көрсеткіштері қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.

      69. Оқу жайларында люминесцентті жарықтандыру немесе қыздыру шамдарын қолдану керек. Бір бөлмеде люминесцентті және қыздыру шамдарын қатар қолдануға болмайды. Жаңа түрдегі жарықтандырғыш шамдарын қолдану санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде жол беріледі.

      70. Люминесцентті шамдары бар жарықтандырғыштар жарық түсетін қабырғаға қатар орналасып, сыртқы қабырғадан 1,2 м және ішкі қабырғадан 1,5 м ара қашықтықта орналасуы керек. Сыныптың тақтасы, тақтаның жоғарғы жиегінен 0,3 м және сыныпқа қарай 0,6 м тақтаның алдына қатар орналасқан шаммен жарықтандырылады.

      71. ҚНжЕ талаптарына сәйкес жарықтандыру мынандай: сыныптарда, кабинеттер мен зертханалардағы жұмысшы үстелдерінде - 300 люкс, сыныптың тақтасы мен сызу кабинеттерінде - 500 люкс, компьютерлі сыныптарда - 300-500 люкс, акті және спорт залдарында (еденнің үстінде) - 200 люкс, тыныш жайларда (еденнің үстінде) - 150 люкс болуы керек.

      72. Шамдардың жарықтандыратын құралдарын жылына кем дегенде екі рет тазалап және күйіп кеткен шамдарды уақтылы ауыстырып отыру керек. Бұл жұмыстарды оқушыларға істетуге болмайды. Дұрыс жұмыс істемейтін, күйіп кеткен люминесцентті шамдарды жинап мектеп ғимаратынан тыс жерге құрамында күкірт бар люминесцентті шамдарды сақтаумен және жоюмен айналысатын ұйыммен шығарылуы тиіс.
      Оларды жалпы білім беру ұйымдарының үй-жайларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде уақытша сақтауға жол беріледі.
      Люминесцентті шамдар жалпы білім беру және интернаттық ұйымдарының бөлек тұрған подвалдарда, жертөле үй-жайларында, сынбайтын ыдыста сақталады. Үй-жай кілтпен жабылуы тиіс.
      Істен шыққан люминесцентті шамдар сақталуына жауапты тұлға бекітілуі тиіс.
      Қоқыс жинағыш контейнерлерге істен шыққан люминесцентті шамдарды лақтыруға тыйым салынады.

  9. Сумен қамтамасыз ету жүйелері және
құбырландыру арналары қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      73. Жалпы білім беру және интернаттық ұйымдарының ғимараттары шаруашылық-ауыз су, ыстық және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерімен, құбырландыру арналарымен қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай жабдықталуы тиіс.

      74. Әр айқын жағдайда елді мекенде су құбыры мен канализация болмаған жағдайда ағынды суларды арылту әдісі мен суды жабдықтау санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      Ауылдық мектептерде орталықтанған (орталықтанбаған) сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда арнайы автокөлікпен тасымалданатын ауыз суды тасымалдау ұйымдастырылады.
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      75. Жалпы білім беру және интернаттық ұйымдары қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      76. Құбырландыру арнасы жүргізілмеген аудандардағы жалпы білім беру және интернатты ұйымдар жергілікті тазалау құралдарымен және ішкі Құбырландыру арнасымен жабдықталуы тиіс. Шағынкөлемді ауыл ұйымдарын су өтпейтін су шұңқырымен (ағынды шығаратын ұйыммен) және сыйымдылығы 50 орын болатын люфт-клозеттермен жабдықтауға рұқсат етіледі.
      Су шұңқырына қол жуғыштың және кір суларды төгуге тыйым салынады.

  10. Оқу-тәрбиелік процесс жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      77. Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық сағаттар саны нормативтік жүктемелерден аспауы керек. Осы санитарлық ережелерге 6-қосымшадағы 1, 2 кестелерге сай оқушыларға жүктелетін рұқсат етілген шекті ауыртпалық көлеміне факультативті, топты, жеке сабақтардың сағаттары кіруі керек.

      78. Балалардың бейімділігі мен тілегінің есебі бойынша (1-сыныптан бастап) және негізгі сабақ кестесі бойынша факультативті және таңдау негізіндегі сабақ түрлері өткізіледі, ал факультативті сабақ түрі - міндетті түрдегі сабақтар санының ең аз күндерінде өткізіледі.

      79. 1-11 сыныптарға сабақты тереңдетіп оқытатын жалпы білім беру ұйымдарының барлық түріне 5-күндік оқу аптасын енгізуге жол берілмейді.

      80. Мектептердегі сабақ жүргізудің ұзақтылығы 45 минуттан аспауы керек. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыратын "сатылы" режим қолданылуы керек. Қыркүйек айында ұзақтылығы 35 минуттан үш сабақ қарастырылуы керек; екінші тоқсаннан бастап ұзақтылығы 35 минуттан төрт сабақ қарастырылуы керек; екінші жарты жылдықтан бастап сабақтың ұзақтылығы 45 минуттан болуы керек. Еңбек сабағынан басқа қосарлана өткізілетін сабақтарды жүргізуге болмайды. Жыл бойында бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыс ұйымдастырған жөн.

      81. Балаларды 1-сыныпқа алу дәрігерлік-педагогикалық комиссияның оқуға дайын деген қорытындысынан кейін жүргізіледі.

      82. Мектептегі оқу сабақтары таңғы сағат 8-ден ерте басталмауы керек. Бірнеше ауыспа арқылы жұмыс атқаратын жалпы білім беру ұйымдарда бастапқы сынып оқушылары, бесінші және соңғы және терең білім беретін сыныптардағы оқушылар бірінші ауысымда оқуы керек.
      Екі немесе одан да көп ауысымда жұмыс істейтін ауылдық мектептерде бесінші және соңғы сынып оқушыларын, сондай-ақ терең білім беретін сыныптардағы оқушыларды екінші ауысымда оқыту ұйымдастырылады.
      Ескерту. 82-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      83. Оқушылардың әрбір жасына арналған бой түзеу сабағы жеті сайын жүргізілетін жүктеме көлемге толық кіруі керек. Төменгі сыныптағы мектеп оқушыларының оқу жоспарына белсенді қимыл жасайтын (хореография, ритмика, қазіргі заманғы және би сабақтары, ұлттық әдетке сай ойындар) сабақ енгізілуі керек.

      84. Оқу жетісінің ұзақтығына қарамай бастапқы сынып оқушылары үшін сабақ саны бесеуден, ал негізгі мектептердегі оқушылар үшін алты сабақтан аспау керек. Оқушылардың жұмыс атқару деңгейін жоғары деңгейге сақтау үшін апта ортасында (сәрсенбі күні) жеңілдетілген оқу күні қарастырылуы керек.

      85. Шағынкөлемді мектептерде сыныптардың қалыптасуын мектептердің нақты жағдайларына сүйене отырып шешеді, ол оқушылардың және мұғалімдердің санына байланысты. Екі сыныпты біріктіргенде оқушылар саны 25-тен аспауы керек, ал үш-төрт сыныпты біріктіргенде оқушылар саны 15-тен аспауы керек. Сыныптарды біріктірудің ең оңтайлысы 1-3, 2-3, 2-4 сыныптарды бірге оқыту.

      86. Шағын көлемді мектептерде оқушыларды шаршатпау үшін біріктіре өткізетін сабақтардың (4-5 сабақ) ұзақтығын 5-10 минутқа қысқарту (дене шынықтыру сабағынан басқа) керек.

      87. 1-4 сынып оқушыларын біріктіру керек болғанда бір-бірімен жанаспайтын сабақтарды өткізерде әр сынып үшін жылжымалы график қолданылады.

      88. 2-сыныптан бастап компьютер технологиясы сабағын оқытуды қолдануға рұқсат етіледі. Жазу сабағындағы компьютермен жұмыс істеу уақытының ұзақтылығы 2-сыныптарда - 20 минут, 3-сыныптарда - 26 минут; 2-сыныптың математика сабағында - 15 минут, 3-сыныптарда - 20 минуттан аспауы керек. Оқу сабағында дыбыс шығаратын техникалық құралдарды қолдану тек дыбыс шығару мақсатында ғана жүргізіледі.

      89. Оқыту үшін есту-көру техникасын қолданғанда, оның оқу процесінде қолдану ұзақтығы сабақ өткізетін сыныпқа және қолданылып отырған техникалық жабдықтарға байланысты.

      90. Тікелей компьютермен өткізілетін сабақтардың ұзақтылығы осы санитарлық ережелерге 6 қосымшаның 3 кестесіне сәйкес және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

      91. Мектепте өткізілетін сабақтардың кестесі негізгі және қосымша сабақтарға бөлек жасалады. Қосымша сабақтарды негізгі сабақтар аз өткізілетін күндері өткізу керек. Соңғы негізгі сабақ пен қосымша сабақтың басталуының арасында 45 минут үзіліс болуы керек.

      92. Бастауыш мектептерде сабақтарды қосарландырып өткізуге болмайды. 5-9-сыныптағы мектеп оқушылары үшін лабораториялық, бақылау жұмыстарын, еңбек, дене шынықтыру сабақтарын (шаңғы, жүзу) қосарландыра өткізуге болады.

      93. Негізгі және басты бағыттағы сабақтарды қосарландыра өткізу дене шынықтыру сабағынан кейін, болмаса 30 минут бойы қозғалыста болған үзілістен соң өткізуге болады. 10-11-сыныптарда негізгі және басты бағыттағы сабақтарды қосарландыра өткізуге болады.
      Ауылдық мектептерде меншікті спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру бойынша сабақтар ойын бөлмесінде, гимнастика залында, рекреацияларда немесе мектептің дәлізінде ұйымдастырылады, мектепке жақын орналасқан спорт құрылыстары пайдаланылады.
      Ескерту. 93-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.22 N 463 Бұйрығымен.

      94. Төменгі сыныпты оқушылар үшін күн, апта сайынғы сабақ кестесін дайындағанда музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене шынықтыру, ал орта және жоғарғы сыныптағы оқушылар үшін табиғи-математикалық және гуманитарлық циклдегі сабақтардың алмасуын қадағалау керек.

      95. Барлық жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар үшін сабақ арасындағы үзіліс 10 минуттан, ал (екінші немесе үшінші сабақтан соң) үлкен үзіліс 30 минуттан кем болмауы керек. Бір үлкен үзілістің орнына (екінші немесе үшінші сабақтан соң) екі рет 20 минуттан үзіліс жасауға болады. Үзіліс уақытында таза ауаны көп қабылдайтындай етіп дене қимылын көп жұмсайтын ойындар өткізу керек. Күн тәртібі ұзартылған топтағы бастауыш сыныптардағы оқушылар үшін серуендеудің ұзақтығы екі сағаттан, ал 5-8-сынып оқушылары үшін бір жарым сағаттан кем болмауы керек.

      96. Оқушыларға берілетін үй тапсырмасы олардың орындау мүмкіншіліктерін ескере отырып, былай беріледі: екінші жартыжылдықтан бастап 1-сынып үшін 1 сағат, 2-сынып үшін 1,5 сағат, 3-4 сынып үшін 2 сағат, 5-6 сынып үшін 2,5 сағат, 7-8 сынып үшін 3 сағат, 9-11 сынып үшін 4 сағат.

      97. Мектепке дейінгі сыныптарда және кіші-орталықтарда балаларға арналған күн тәртібі осы санитарлық ережелерге 7 қосымшасына сай болуы керек.

      98. 3-5 жастағы балаларға арналған кіші-орталықтарда сабақтардың жоғарғы саны ұзақтылығы 10-20 минут болатын 2-3 сабақтан аспауы керек, мектепке дейінгі сыныптарда - ұзақтылығы 25-30 минуттан аспайтын 4 сабақ өткізілуі керек. Сабақтың ортасында дене шынықтыру минутын өткізу керек, сабақтардың арасындағы үзіліс 10 минуттан кем болмауы керек.

      99. Мектепке дейінгі сыныптарда және кіші-орталықтарда сабақтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындарды, құрастыруды, сурет салуды, музыкалық, театр қойылымдарын жүргізу арқылы өтуі керек, сондай-ақ, балалардың жасы мен психо-физикалық ерекшеліктерін еске ала отырып, әрбір баланың жеке мүмкіншілігін іске асыруды қарастыру керек.

  11. Оқушыларға медициналық қызмет көрсетуге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      100. Мектепке дейінгі ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 "Білім бері ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын бекіту туралы"  қаулысына сай жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдар білікті медициналық кадрлармен қалыптастырылып, мектепке дейінгі сыныптардағы, кіші-орталықтардағы балаларды медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етуі керек.
      Медицина қызметкері болмаған жағдайда, оқушыларды медициналық-санитариялық тұрғыда қамтамасыз ету денсаулық сақтау ісінің аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымымен қарастырылуы керек.

      101. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органымен бекітілген тәртіп бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілерге тереңдетілген профилактикалық медициналық және зертханалық тексерулер жүргізілуі керек.

      102. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органымен бекітілген тәртіп бойынша жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардағы және асханалардағы қызметкерлер алдын ала және кезеңді медициналық тексеруден өтулері керек.

      103. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарға, оның ішінде асхана жұмысына, медициналық тексерістердің, бақылаулардың қорытындысы жазылып, гигиеналық оқытудан өткендігі және жұмысқа жіберілгендігі туралы мәлімет жазылған жеке медициналық кітапшасыз жұмысқа жіберілмейді.

      104. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардағы оқушылар, педагогтар және қызмет көрсететін персоналдар белгіленген тәртіп бойынша аурудың алдын алатын егулерден өтуі керек.

      105. Кіші-орталықтарға балаларды қабылдау 112/е. үлгідегі баланың даму құжаты негізінде жүргізіледі, күн сайынғы қабылдауды тәрбиеші жүргізеді. Қабылдау кезінде ауруы анықталған балалар және ауруға күдіктілер топқа қабылданбайды. Кіші-орталықта екі күннен көп болмаған балалар, дәрігерден анықтама әкелгеннен кейін ғана қабылдануы керек.

      106. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардағы медициналық кабинеттер осы санитарлық ережелерге 8 қосымшаға сай құрал-жабдықтармен және саймандармен жабдықталуы тиіс.
      Егу кабинеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы»"Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3208 тіркелген N 744  бұйрығына сәйкес жарақтандыруға тиіс.
       Ескерту. 106-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.01.15.  N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      107. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарда осы санитарлық ережелерге 9 қосымшаға сай есеп алу-есеп беру құжаттарын жүргізу керек.

  12. Жалпы білім беретін және интернаттық
ұйымдардың санитарлық жағдайына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      108. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың үй-жайларына күнделікті жуатын заттарды қолданып, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі:
      1) сыныптарды, шеберханалар және кабинеттерді тазарту сабақ;
      2) аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
      3) дәліздер мен рекреациялар әрбір үзілістен кейін;
      4) ойын бөлмелері - күннің аяғында;
      5) тамақтану залы - әрбір ас қабылдаудан кейін;
      6) киім ілетін орын және вестибюль - әр ауысымның сабағы аяқталғаннан кейін;
      7) ғимараттағы санитарлық тораптар - әр үзілістен кейін.

      109. Мектепке дейінгі сыныптарда, кіші-орталықтарда күн сайын жиһаздарды, радиаторларды, терезелердің алдын сүртіп, едендерді екі рет жуу керек. Ойыншықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш ерітінділермен 2-3 күнде бір рет өңделуі керек, жұмсақ ойыншықтар күн сайын кешке 30 минут бойы бактерицидті шамдармен зарарсыздандырылуы керек.

      110. Спорт залында әр сабақтан кейін ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп және желдетілуі керек. Қолданылған матылар аптасына бір рет қағылады. Оқушылар спорт залына тек спорт костюмі және аяқ киімімен жіберіледі.

      111. Жалпы көпшілікпен қолданылатын орындар (дәретханалар, буфеттер, асханалар және медициналық кабинеттер) күнделікті зарарсыздандыратын заттарды қолданып тазартылады. Раковина және унитаздар Қазақстан республикасында қолдануға рұқсат етілген тазартып-зарасыздандыратын заттармен жуылады.
      Оқушылар арасында жұқпалы және паразитарлық аурулар тіркелген жағдайда белгіленген тәртіп бойынша эпидемияға қарсы және зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі.

      112. Ыдыстар механикалық жолмен немесе қолмен жуылады. Ыдыстарды қолмен жуғанда үш ұялы ванналар қолданылады. Тамақ қалдықтарынан тазаланған асханалық ыдыстар жуғыш заттар қосылған 50 градус Цельсий температурасындағы суда шөткемен жуылады (бір ванна). Осыдан кейін ыдыстар зарасыздандырғыш заттардың біріне салынады (екінші ванна) және 65 градус Цельсий температурасындағы ағынды ыстық сумен шайылады (үшінші ванна). Арнайы шкафтарда немесе тор көздердің үстінде кептіріледі.
      Ыдыс жуатын машинаны қолданғанда ыдыстарды, оны пайдалану нұсқамасында көрсетілген тәртіп бойынша өңдейді.

      113. Шағын комплекті ауыл мектебінің интернаттарында қатты отынмен жылынатын ас пештерін қолдануға болады. Тамақтанатын залдар үстелдермен (4-6-10 орындық) және орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Үстелдердің беті оңай жуылатын, жоғары температураға және зарасыздандырғыш заттарға шыдамды материалдан жасалған гигиеналық қабатпен қапталуы керек. Үстелдер күнделікті сода және сабын қосылған ыстық сумен жуылуы керек; әрбір қабылданған тамақтан кейін таза шүберекпен сүртілуі керек.

      114. Асханалық ыдыстар фарфордан, эмаль жағылған немесе таттанбайтын болаттан жасалынған болуы керек. Алюминийден жасалған ыдыстарды қолдануға болмайды. Пластмассадан жасалған ыдыстарды сапасы туралы сертификаты болған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Эмалі және жиегі сынған ыдыстарды қолданыстан тез арада алып тастау керек.

      115. Ыдыстарды жууғу арналған жөке, шөтке, үстелдерді сүртуге арналған шүберек пайдаланылған соң, сода қосылған суда 15 минут қайнатылады немесе зарарсыздандырғыш ерітіндіде шыланады, одан соң сумен шайылып, арнайы белгі салынған ыдыста кептіріліп, сақталады.

      116. Жинайтын заттар (шелектер, шөтке, шүберек, шылаужындар):
      1) белгіленіп, жеке үй-жайға бекітілуі тиіс (асхана, ас үйі, ұйықтайтын бөлме, изолятор, санитарлық торап);
      2) арнайы қарастырылған орындарда сақталуы тиіс;
      3) санитарлық тораптар үшін ашық бояуы болуы және жеке сақталуы тиіс;
      4) пайдаланылғаннан кейін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолданумен ыстық сумен жуылуы тиіс.

      117. Ас блогының (ас бөлмесі, қоймалар) үй-жайларында тамақ өнімдері мен тамақ қалдықтарын сақтау ережесін сақтап, белгіленген тәртіпте дезинсекциялық және дератизациялық шаралар жүргізіледі.

      118. Бөлінген жер аумағында күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қоқыс қақпағы бар, темірден жасалған қоқыс жинағыштарға салынып жиналады. Қоқыс жинағыштың 2/3 мөлшері толғанда, оны тазалап отыру керек.

  13. Интернатты ұйымдардың оқушыларының күн
тәртібіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талап тар

      119. Күн тәртібі физиологиялық-гигиеналық талаптардың негізінде ұйымның сауықтыру және оқу-тәрбие жұмыстарын есепке ала отырып құрылуы керек.

      120. Күн тәртібіне оқу және оқудан тыс сабақтар, таза ауада көп уақыт болатын күндізгі демалыс, тамақтану, ұйқы және әртүрлі жұмыстарды кезектестіру, еңбек пен демалысты ауыстыру кіруі керек.

      121. Күн тәртібінде, күннің екінші жартысында түскі астан кейін үйге берілген тапсырманы орындауға және 1-1,5 сағат таза ауада жүруге арнайы уақыт бөлінуі керек. Бастауыш мектептердің оқушылары үй-тапсырмасын күннің бірінші жартысында оқу сағаттарында орындауына болады, мұндайда түскі ас пен серуеннен кейін, күннің екінші жартысында еңбек сабағы, дене шынықтыру, сурет, өлең сабақтарын өткізуге болады. Күн тәртібінің барлық режимінде үй тапсырмасын орындау кешкі астан 30 минут бұрын бітуі керек. Тәрбиеленушілер үшін жүргізілетін шаралар күніне 1-2-ден аспауы керек.

      122. Тәрбиешілердің қоғамдық-пайдалы жұмыстарының ішіне балалардың өзіне қызмет көрсету, учаскені жайғастыру, оқу құрал-жабдықтарын, тазалауға керекті керек-жарақтарды дайындау және ғимаратты жөндеу, оқу-тәжірибелік учаскелерде жұмыс істеу, ұйықтау бөлмелерінде, асханада, ас дайындау бөлмесінде кезекшілік қызметін атқару, киімдерді, төсек орын әбзелдерін, іш-киімдерді, аяқ-киімдерді жөндеуге қатысу кіреді.
      Бір жеті ішінде барлық жұмыс істеу уақыты 2 сағаттан аспауы керек. Бұл уақытқа күн тәртібінде көрсетілген жеке басты күту уақыты кірмейді. Оқушылар қоғамдық пайдалы жұмыспен сабақтан тыс уақытта жетісіне екі рет айналысады: 1-4 сыныптағылар үшін күніне - 30 минуттан, 5-8 сыныптағылар үшін - 45 минуттан, 9-11 сыныптағылар үшін - 1-1,5 сағаттан аспауы керек.

      123. Оқушыларды келесі жұмыстарға пайдалануға болады:
      1) 1-2 сыныптардың оқушыларына төсек жинауға, шаң сүртуге, гүлдерге су құюға; асханада кезекші болуға, дастархан жаюға;
      2) 3-4 сыныптың оқушылары осы санитарлық ережелердің 121 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілгеннен басқа киімнің ұсақ жөндеуден өткізуге, жеке басының заттарын (майкасы, іш киімдері, шұлық, бет орамалдарын) жууға, пайдалануға болады;
      3) 5-6 сынып оқушылары осы санитарлық ережелердің 121 тармақтың 1, 2 тармақшаларында көрсетілгендерден басқа ұйықтау бөлмесінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді, асханада кезекші болады, дастархан дайындауға көмектеседі, тамақтан соң, асханада ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді;
      4) 7-11 сынып оқушылары өзін-өзі күтудің барлық жұмыстарын, қоғамдық пайдалы жұмыстарды, ас үйде кезекшілік жұмыстарын атқарады;
      5) тәрбиеленушілерді ыстық тамақтарды дайындау, тарау жұмыстарын атқару үшін пайдалануға болмайды және оларға ыдыстарды жудыруға болмайды.

      124. Дене шынықтыру тәрбиесі мыналарды қарастырады: таңғы гимнастика, оның ішінде практикалық-гигиеналық шаралар. Жоғарғы сынып оқушылары үшін гигиеналық тұрғыдан тәрбиелеу жұмысына сыныптан тыс жұмыс ретінде үйірме ұйымдары жатады.

      125. Ұйқының ұзақтығы жастарына қарай мынандай болуы керек:
      11,5-12 сағат - 7 жастағыларға дейін (оның 1-1,5 күндізгі ұйқы);
      10,5-11 сағат - 8-9 жастағылар үшін;
      10-10,5 сағат - 10 жастағылар үшін;
      9,5-10 сағат - 11-122 жастағылар үшін;
      9,0-9,5 сағат - 13-15 жастағылар үшін.

  14. Интернаттық ұйымдардың гигиеналық тәрбиесіне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      126. Интернаттық ұйымдарда себезгі бөлме міндетті түрде болуы қажет, балаларды жуындыру жеті күнде бір рет төсек әбзелдерін, іш киімдерді және орамалдарды ауыстырумен қатар жүргізілуі керек. Оқушылар жеке бастың жеке заттарымен (тіс шөткесі, сабын, тарақ, орамал, жуынғыш жөке, сүйреткіш аяқ киімі) қамтамасыз етілуі керек:
      1) төсек әбзелдері мен іш-киімдерді жууды ұйым кір жуатын бөлмеде жүргізуі керек;
      2) интернаттық ұйымдарда себезгі, монша, кір жуатын үй-жайлардың аумағы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталады.

      127. Гигиеналық тәрбие бірінші сыныптан бастап, оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілуі тиіс.

      128. 1-3 сынып оқушылары үшін гигиеналық тәрбиенің негізгі түрі ретінде, арнайы тәжірибелік гигиена сабақтары жүргізіледі.

      129. Педагогика қызметкерлері оқушылар мен тәрбиеленушілерден санитарлық-эпидемиологиялық режимді, үй-жайдағы және учаскедегі тазалықты сақтауды, сынып бөлмелерін мұқият желдетуді, киімдері мен аяқ-киімдерін таза ұстауды, қолдарының таза болуын, партада (үстел үстінде) дұрыс отыруын талап етуі керек.

      130. Жалпы білім беретін және интернатты ұйымдардағы оқушылардың ішінен медициналық қызметкердің басшылығымен жұмыс істейтін санитарлық белсенділер құрылады. Санитарлық белсенділер сынып жетекшілерінің қадағалауымен оқушылардың қолы мен киімінің тазалығын, бет орамалдарын, оқу және тұрғын үй-жайлардың санитарлық тазалығын жүйелі түрде тексерулері керек.

      131. Оқушыларды гигиеналық тәрбие бойынша оқыту және осы бойынша жұмысты медициналық қызметкерлер, салауатты өмір салты орталығының, медициналық ұйымдардың, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қызметкерлерінің қатысуымен мұғалімдер мен тәрбиелеушілер жүргізуі керек.

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 1-қосымша  

Интернат ұйымындағы бір оқушыға
берілетін тағам мөлшерінің нормасы

___________________________________________________________________
        Өнімдердің аты        |  Барлық типтегі  | Арнайы мектеп-
                              |     мектеп-      |интернаттардағы
                              | интернаттардағы  |   бір балаға
                              |   бір балаға     | арналған норма
                              | арналған норма   | (күніне грамм
                              | (күніне грамм    |   мөлшерінде)
                              |  мөлшерінде)     |
___________________________________________________________________
Қара нан                             150             250
Бидай наны                           200             300
Бидай ұны                            35              30
Картоп ұны                           3               5
Жарма, бұршақтар, макарон өнімдері   75              125
Картоп                               400             390
Көкөніс және басқа көк               470             680
Жаңа жемістер                        250             660
Қақталған жемістер                   15              15
Шырындар                             200             500
Кондитерлік өнімдер                  25              60
Қант                                 70              120
Сары май                             50              30
Сұйық май                            18              18
Жұмыртқа                             1 тал           50
Сүт, ашыған сүт өнімдері             500             450
Сүзбе                                70              70
Ет, еттен жасалған өнімдер           100             390
құс еті                              30              30
Балық және майшабақ                  110             90
Шұжықтан жасалған өнімдер            25              10
Қаймақ                               10              20
Сүтсірне                             12              15
шай                                  0,2             2
Кофе                                 4               2
Какао                                2               2
Тұз                                  8               8
Дәмдеуіштер                          2               2
Ашытқы                               1
Бал                                                  20
Бекіре уылдырығы                                     4
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 2-қосымша  

Тамақ өнімдерін айырбастау кестесі

___________________________________________________________________
  Өнім  |  грамм   |    Айырбасталатын    |   грамм  | қосу (+)
        |салмағымен|         өнімі        |Салмағымен| алу (-)
___________________________________________________________________
    1         2               3                4          5
___________________________________________________________________
Сиыр еті 100,0      қоян еті               98,0       Сары май
                                                      (-)6,8
                    ІІ-категориялы
                    қой еті                97,0       Сары май
                                                      (-)2,1
                    түйе еті               107,0      Сары май
                                                      (-)3,6
                    І-категориялы
                    Жылқы еті              104,0      Сары май
                                                      (-)4
                    Бұлан еті              95,0       Сары май
                                                      (+)6,5
                    І-категориялы
                    бұғы еті               104,0      Сары май
                                                      (-)2,2
                    Ірі қараның бауыры     116,0      Сары май
                                                      (+)4,1
                    Шошқаның бауыры        107,0      Сары май
                                                      (+)3,9
                    ІІ-категориялы
                    Тауық еті              97,0       Сары май
                                                      (-)1,8
                    Жұмыртқа ұнтағы        45,0       Сары май
                                                      (+)11,9
                    треска балығы          115,0      Сары май
                                                      (+)7,6
                    Жартылай майлы сүзбе   121,0      Сары май
                                                      (-)4,7
                                                      қант (-)1,6
                    ет консервілері        120,0      Сары май
                                                      (-)18,1
Майлы    100,0      Құрғақ сүт             11,0       Сары май
сүт                                                   (-)0,6
                                                      қант (+)0,4
                    Стерильденген
                    қойылтылған сүт        40,0       қант (+)1,0
                    Қойылтылған қанты
                    бар сүт                39,0       қант (-)17,4
                    құрғақ кілегей         12,0       Сары май
                                                      (-) 2,3
                                                      қант (+)1,6
                    Қанты бар қойылтылған
                    кілегей                36,0       Сары май
                                                      (-) 4,1
                                                      қант (-) 11,7
                    Жартылай майлы сүзбе   17,0       Сары май
                                                      (+) 2,0
                                                      қант (+) 4,5
                    Сиыр еті               14,0       Сары май
                                                      (+) 2,7
                                                      қант (+) 4,7
                    Треска балығы          16,0       Сары май
                                                      (+) 3,7
                                                      қант (+) 4,7
                    Сүтсірне (пошехондық)  11,0       Сары май
                                                      (+) 0,4
                                                      қант (+) 4,7
                    Тауық жұмыртқасы       22,0       Сары май
                                                      (+) 0,8
                                                      қант (+) 4,6
                    Жұмыртқа ұнтағы        6,0        Сары май
                                                      (+) 1,2
                                                      қант (+) 4,3
Жартылай 100,0      Сиыр еті               83,0       Сары май
майлы                                                 (+) 3,9
сүзбе                                                 қант (+) 1,3
                    Треска балығы          95,0       Сары май
                                                      (+) 10,2
                                                      қант (+) 1,3
Тауық    41,0       Жартылай майлы сүзбе   31,0       Сары май
жұмырт.                                               (+) 2,3
қасы
                    Сиыр еті               26,0       Сары май
                                                      (+) 3,5
                    Треска балығы          30,0       Сары май
                                                      (+) 5,4
                                                      қант (+) 0,3
                    Майлы сүт              186,0      Сары май
                                                      (-) 1,5
                                                      қант (-) 8,4
                    Сүтсірне               20,0       Сары май
                    (пошехондық)                      (-) 0,7
                                                      қант (+) 0,3
                    Жұмыртқа ұнтағы        11,5       Сары май
                                                      (+) 6,5
                                                      қант (-) 0,5
Треска   100,0      Сиыр еті               87,0       Сары май
балығы                                                (-) 1,5
                    Жартылай майлы сүзбе   105,0      Сары май
                                                      (-) 10,8
                                                      қант (-) 2,8
                    Жұмыртқа ұнтағы        39,0       Сары май
                                                      (-) 16,8
                                                      қант (-) 2,8
____________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 3-қосымша  

Жиһаздың өлшемі және оны белгілеу

___________________________________________________________________
жиһаздардың  |  Оқушылар  |   Оқушы     |  Белгілеу  | Орындықтың
   нөмірі    |  бойының   |  бетіне     |    түсі    | алдыңғы
             |   тобы     |  қараған    |            | қасының
             |            |   үстел     |            | еденнен
             |            |  үстінің    |            | Ббіктігі
             |            |  еденнен    |            | (миллиметр)
             |            |  биіктігі   |            |
             |            | (миллиметр) |            |
___________________________________________________________________
      1        1000-1150        460          Қызыл        260
                                             Сары
      2        1150-1300        520          Күлгін       300
      3        1300-1450        580          Сары         340
      4        1450-1600        640          Қызыл        380
      5        1600-1750        700          Жасыл        420
      6        1750-ден биік    760          Көгілдір     460
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 4-қосымша  

Жалпы білім беру ұйымдарына берілетін
санитарлық құралдарға қойылатын талаптар

___________________________________________________________________
Бөлмелер мен үй-жайлар | өлшем | Көлем | Санитарлық құралдардың
                       |бірлігі|       |          саны
___________________________________________________________________
           1               2      3                 4
___________________________________________________________________
            Интернат ұйымдарының оқу корпустары (бөлмелері)

Оқушыларға арналған
қолжуғыш және
дәретханалар;
қыздарға арналған       бір      0,1     30 қызға бір унитаз,
                        оқушы            60 қызға бір қолжуғыш
Ер балаларға            бір      0,1     40 ер балаға бір унитаз,
арналған                оқушы            бір писсуар 60 ер балаға
                                         бір қолжуғыш
Персоналдарға (жеке)    бір      3,0     бір қолжуғыш
арналған қолжуғыш және  санитар.         бір унитаз
дәретханалар            лық
                        түйін
әйелдердің жеке басы    бір      3,0     бір қолжуғыш,
гигиенасының кабинасы   кабина           бір унитаз
(персоналдарға)
Жалпы мектеп            екі      6,0     әрбір санитарлық
бөлмелерінің лекция     санитар.         түйінде бір
аудиториясының акті     лық              қолжуғыш, бір унитаз
залында орналасқан      түйін
қолжуғыш және дәретхана (ерлерге
орны (қосылған          және
мектептер)              әйел.
                        дерге
                        арнал.
                        ған)
Оқу-спорт залдарының    бір      2,0     екі су себeзгі,
шешінетін орындарында   шешіне.          бір қолжуғыш және бір
орналасқан себезгі      тін орын         унитаз
және дәретхана
бөлмелері
Қызметкерлерге          бір су   4,0     бір су себeзгісі,
арналған себезгі        себeзгі          бір қолжуғыш, бір дәретхана
және дәретхана          және бір
бөлмелері               санитар.
                        лық
                        түйін

                     Ұйықтауға арналған тұрақтар

Оқушыларға арналған     бір      0,35    15 қызға бір унитаз,
қолжуғыш және           оқушының         8 қызға бір унитаз,
дәретхана бөлмесі                        12 қызға бір аяқ жуатын
                                         ванна, 20 ер балаға бір
                                         писсуар, бір унитаз,
                                         8 ер балаға бір қолжуғыш
                                         және 12 ер балаға
                                         бір аяқ ваннасы
Қыздардың жеке          бір      3,0     бір кабинаға бір қолжуғыш,
басының гигиенасына     кабина           бір унитаз, бір
арналған кабина                          гигиеналық су себезгісі
Қызметкерлерге          бір      3,0     бір қолжуғыш және бір
арналған қолжуғыш       санитар.         унитаз
және дәретхана бөлмесі  лық
                        түйін
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 5-қосымша  

Жалпы білім беру және интернат
ұйымдары ғимараттары бөлмелерінде
орналасқан терезелердің орналасу бағыты

___________________________________________________________________
Бөлмелер және үй-жайлар    |     Солтүстік ендік белдеулері
                           |_______________________________________
                           |      60 0 - 45 0        45 0 тан оңтүстікке
                           |____________________|__________________
                           |  Опти-   | Рұқсат  |Опти-   | Рұқсат
                           |  мальды  |етілген  |мальды  | етілген
___________________________________________________________________
Сыныптық бөлмелер           65-200 0     200-ден   120-200 0 300-120 0 ,
                                       295 0 ке            340-тан
                                       дейін              25 0 ке
                                       25% аспай          дейін 50%
                                                          аралығы.
                                                          нан аспай
Жалпы оқу кабинеттері мен   65-200 0     200-ден   65-200 0   300-ден
Зертханалар                            65 0 ке              65 0 ке
                                       дейін 70%          дейін,
                                       аспай              340-25 0
                                                          75% ара.
                                                          лығынан
                                                          аспай
Техника есептегіш,          300-60 0     60-105 0     315-45 0   45-120 0
бейнелеу өнері, сызу                   және               және
сабақтарының кабинеттері               255-300 0            300-315 0
Биология зертханасы         150-210 0    90-150 0     150-    90-150 0
                                       және       210 0     және
                                       210-270 0            210-225 0
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 6-қосымша  

Жалпы білім беретін мектептердегі
оқу жүктемесінің нормалары

                                                            1 кесте
___________________________________________________________________
Сынып                     |Мектеп|1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 |9 |10 |11
__________________________|алдын.|  |  |  |  |  |  |  |____________
Жүктеме сағатпен, аптасына|дағы  |  |  |  |  |  |  |  |  |  |   |
                          |сынып |  |  |  |  |  |  |  |  |  |   |
___________________________________________________________________
Инвариантты оқу жүктемесі  20,5   22 23 26 26 28 28 29 31 33  33 22
Сабақтар, қосымша, таңдау
бойынша курстар (жоғарғы
сыныптарда - негізгі
сабақтар, қолданбалы
курстар)                   1,5     -  1  1  1  3  3  3  3  3  14 14
Жеке және топтық кеңес
беру, белсенді-қозғалыс
жүргізу арқылы өткізетін
сабақтар                    -      2  1  2  2  2  2  2  2  2   3  3
Жоғарғы деңгейдегі
оқу жүктемесі               22    24 25 29 29 33 33 34 36 38  39 39
___________________________________________________________________

                                                           2 кесте
___________________________________________________________________
  Сыныптар  |             Көру ұзақтылығы (минут есебінде)
            |______________________________________________________
            |  Диафильмдер,   |  Кинофильмдер  |  Телехабарлар
            |  диопозитивтер  |                |
___________________________________________________________________
   1-2            7-15              15-20             15
   3-4           15-20              15-20             20
   5-7           20-25              20-25            20-25
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 7-қосымша  

Мектепке дейінгі сыныптар мен кіші-орталықтарға
арналған күн тәртібі

Күннің І-жартысы
3-5 жастағылар үшін

___________________________________________________________________
     Күн тәртібі                               | Ұзақтылығы, сағат
___________________________________________________________________
Қабылдау                                         8.30-9.00
Таңертеңгі жаттығу                               9.00-9.15
Сабақтар:
І                                                9.15-9.30
ІІ                                               9.40-10.00
Өз бетімен, балалармен жекелей түрде жұмыс
атқару                                           10.00-11.00
Серуендеу, үйге қайту                            11.00-12.00
___________________________________________________________________

Күннің ІІ-жартысы
3-5 жастағылар үшін

___________________________________________________________________
            Күн тәртібі                       | Ұзақтылығы, сағат
___________________________________________________________________
Қабылдау                                         15.00-15.30
Сабақтар:
І                                                15.30-16.00
II                                               16.10-16.40
III                                              16.50-17.20
___________________________________________________________________

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 8-қосымша  

1.  Жазу үстелі                                       1-2 дана.
2.  Орындықтар                                        4-6 дана.
3.  Шымылдық                                          1 дана.
4.  Емдік төсек                                       1 дана.
5.  Кеңселік шкаф                                     1-2 дана.
6.  Дәрі-дәрмек шкафы                                 1 дана.
7.  Үсті шыныдан жасалған медициналық үстел:
1)  егуге арналған құралдарға                         1 дана;
2)  жедел жәрдем көрсетуге арналған құралдар үшін     1 дана.
8.  Вакциналар мен дәрі-дәрмектерге арналған
    тоңазытқыш                                        1 дана.
9.  Қол жуғыш                                         1 дана.
10. Қақпағын аяқпен ашатын шелек                      1 дана.
11. Медициналық таразы                                1 дана.
12. Бой өлшегіш                                       1 дана.
13. Спирометр                                         1 дана.
14. Қол күшін өлшейтін динамометр                     1 дана.
15. Үстел шамы                                        1 дана.
16. Тонометр                                          1 дана.
17. Фонендоскоп                                       2 дана.
18. Кішкене бикс                                      1 дана.
19. Үлкен бикс                                        1 дана.
20. Резеңке бунама                                    4-6 дана.
21. Бір рет пайдаланылатын піспектер, инесімен:
1)  2,0                                               10 дана;
2)  5,0                                               10 дана;
3)  10                                                5 дана.
22. Қысқыш                                            1 дана.
23. Медициналық термометр                             50 дана.
24. Қайшы                                             2 дана.
25. Резеңке жылытқыш                                  1-2 дана.
26. Мұз салатын резеңке қапшық                        1-2 дана.
27. Бүйрек тәрізді астауша                            5 дана.
28. Металл қалақша                                    40 дана.
29. Шиналар (Крамер, Дитерихс, пластмассадан
    жасалған, қолға арналған)                         5 дана.

30. Тубусты кварц                                     1 дана.
31. Кілемше                                           1 дана.
32. Термометр                                         1 дана.
33. Ротт аппаратына енгізілген көздің жақсы
    көруіне ықпал жасайтын кесте                      1 дана.
34. Бір диоптриядағы линзасымен балаларға
    арналған көзілдірік (Дрр 56-58 ММ)                1 дана.

"Жалпы білім беретін және  
интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, оларды ұстауға 
және оқыту жағдайларына  
қойылатын санитарлық-   
эпидемиологиялық талаптар" 
санитарлық ережелері    
мен нормаларына 9-қосымша  

Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың
медициналық есепке алып, есеп беретін құжаттары

      Есепке алу-есеп беру құжаттар:
      1) аурудың алдын алуға арналған егу жұмысының есебін тіркейтін 064/е үлгідегі журнал;
      2) аурудың алдын алуға арналған 063/е үлгідегі егу жұмысының картасы;
      3) санитарлық сауаттандыру жұмысының есебін тіркейтін 038/е үлгідегі журнал;
      4) жұқпалы аурулар есебін тіркейтін 060/е үлгідегі журнал;
      5) паразитарлық аурулардың қоздырғыштарына тексергендерді тіркейтін 365/е үлгідегі журнал;
      6) тереңдетіле жүргізілетін медициналық тексерулерді тіркейтін журнал (мамандардың актілері);
      7) аурудың алдын алуға бағытталған медициналық тексерулердің есебін тіркейтін 131/е үлгідегі карта;
      8) жұқпалы аурулар туралы, тағамнан және кәсіби мамандығы салдарынан болған шұғыл улану туралы 058/е үлгідегі шұғыл хабарлама;
      9) тез өрбитін жұқпалы аурулармен ауырғандармен қатынаста болғандардың есебін тіркейтін 61 үлгідегі кітапша;
      10) қатерлі топқа жататын балалардың тізімі;
      11) туберкулин рекциясы оң "+" болғандарды тіркейтін журнал;
      12) вакцинациядан кейін болған асқынуларды тіркейтін журнал;
      13) диспансерлік тексеруді бақылайтын 030/е үлгідегі карта;
      14) түскен вакциналар мен шприцтерді тіркейтін журнал;
      15) бактериалдық дәрмектердің жылжуын тіркейтін журнал;
      16) егуге қарсы медициналық көрсеткіштердің тұрақты және ұзақ түрлерін тіркейтін журнал;
      17) Манту сынамасын тіркейтін журнал;
      18) вакциналар құйылған ашық құтыларды және ашылып қолданылмай қалған вакциналардың қалдығын жоюды тіркейтін журнал;
      19) вакциналардың қолдану тәртібі жазылған құжаттар папкасы;
      20) ауру ошақтарында аурулармен жанасқан балаларды есепке алу;
      21) ішек құрттарына тексерілгендерді тіркейтін журнал;
      22) педикулезге және қышымаға тексерілгендерді тіркейтін журнал;
      23) соматикалық ауруларды тіркейтін журнал;
      24) карантиндерді тіркейтін журнал;
      25) ауа ылғалы арқылы жұғатын ауруларға жүргізілген медициналық бақылауды тіркейтін журнал;
      26) күрделі жинап-тазалау жұмыстарын тіркеу журналы;
      27) кабинеттерге жүргізілген ультракүлгін сәулемен өңдеуді тіркейтін журнал;
      28) бракераж журналы (сапасыз өнімді тіркеу журналы);
      29) С-витаминімен байытуды тіркейтін журнал;
      30) ас блогындағы қызметкерлерді іріңді ауруға тексеру журналы;
      31) жетілдірілген ас мәзірі;
      32) тоңазытқыштардағы температуралық режимінің есебін тіркейтін журнал;
      33) бұйрықтар мен нұсқаулар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады