Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2014 № 206 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног):
1) осы бұйрықтың әділет органдарында тіркелуін;
2) стандартты web-сайттарында және ақпараттық стендтерде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықты ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 83 бұйрығымен бекітілген
Балалардың тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық
жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), бояғыштарды, сумен
және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды,
адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды,
өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Балалардың тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет) - балалардың тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың (бұдан әрі - заттар мен өнімдер) қауіпсіздігін бағалау және Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізіліміне енгізу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 18) тармақшасы; K090193
2) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайы: Астана қаласы, N 35 көше, Министрліктер үйі, N 5 кіреберіс (тел. (8 7172) 743-261; 743-437, www.mz.gov.kz).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы аумағында заттар мен өнімдерді қолдануға рұқсат етілетін мерзім уақыты көрсетілген Комитеттің ресми бланкісінде рәсімделетін құжат беру.
6. Мемлекеттік қызмет заттар мен өнімдерді жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік заттар мен өнімдерді тіркеуге өтініш берілген сәттен бастап 30 жұмыс күні мерзімде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтында орналастырылады - www.mz.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің ғимаратындағы стендтерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін беріледі. Қабылдау алдын ала жазусыз және жеделдетілген қызметсіз кезектік тәртіппен іске асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында мынадай мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, N 35 көше, Министрліктер үйі, N 5 кіреберіс (тел. (8 717 2) 743-261; 743-437). Күту және құжаттарды толтыратын орындар бар, олар қажетті құжаттар тізбелері мен оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділері бар стендтермен жарақтандырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Заттар мен өнімдердің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш (еркін түрдегі);
2) өнімдер (заттар) туралы жинақталған (талдап қорытылған) анықтама, онда мыналар жазылады:
өтініш берушінің, өндірушінің және импорттаушының атауы мен мекен-жайы;
өнімдердің (заттардың) атауы, оның түпнұсқалық атауын немесе тауарлық маркасымен жалпы алынған атауын, тауарлық маркасымен ғылыми атауын, халықаралық патенттелмеген атауын, негізгі синонимдерін қоса алғанда;
белсенді ингредиенттердің және қосалқы заттардың сапалық және сандық құрамы;
қолдану, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер тәсілдері туралы мәліметтер;
сақтау жағдайы және жарамдылық мерзімі;
қаптама, заттаңба және түсініктеме беретін қосымша беттердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері;
3) өнімдерді (заттарды) қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар (әдістемелік нұсқаулар);
4) импорттаушы-елде өнімдерді (заттарды) өндіруге рұқсатты куәландыра құжат немесе өндіруге рұқсаттың жоқтығы туралы мәміле;
5) басқа елдерде өнімге (затқа) алынған құжаттар бар болған жағдайда, тіркеуге өтінім берілген және қаранатың елдердің тізбесімен бірге, аталған құжаттардың көшірмелері;
6) кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктер немесе стандарты;
7) бастапқы заттар мен дайын өнімдердің (заттардың) сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістері;
8) өнімдердің (заттардың) жарамдылық мерзімін растайтын деректер;
9) өнімдердің (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелері;
10) қосымша электрондық тасушыда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініш және жобалар ұсынылады:
тұтынушы қолдану үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар (түсініктеме-қосымша бет);
нормативтік-техникалық құжаттама;
қаптамалар мен заттаңбалар макеттері;
11) шығу тегінің сертификаты, шығарылған елде немесе басқа елде клиникалық сынақ өткізу бойынша материалдар, өндіруші-фирманың тамаққа биологиялық активті қоспаларда (одан әрі - БАҚ) гормон, психотропты және есірткі құралдары жоқ екендігі туралы мөр қойылған хаты болады (БАҚ-тар үшін);
12) экспорттаушы-елдер құжаттарының түпнұсқаларына нотариалдық куәландырған аудармасы қоса берілуі тиіс.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілердің үлгілерін Комитеттің маманынан, 1135 кабинетінде алуға болады (тел. (8 717 2) 743-437).
14. 12-тармақта санамаланған құжаттар Комитеттің кеңсесіне тапсырылады.
15. Тұтынушыға:
1) сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
3) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
4) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттар қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде қолға беру арқылы жүзеге асырылады.
17. Қателерді (түзетуді, өшіруді) немесе құжаттар жинағының толық берілмеуі, өтініш берушінің өнімдердің (заттардың) қауіпсіздігін анықтау үшін сынақтарды өткізуден бас тартуы, сондай-ақ Өнімдерді (заттарды) тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізі болып табылады.
Комитет тұтынушыға бас тарту себебі туралы хабарлайды және жазбаша негіздеме береді.
Сауда белгісінің немесе патент иесінің өтініші, сондай-ақ сауда белгісі немесе патент иесінің зияткерлік меншігі құқығын басқа өтініш иесі бұзғаны туралы ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Комитет қызметінде құралатын қағидаттар:
1) конституциялық құқық пен адам еркіндігін сақтау;
2) қызметті атқару барысындағы заңнамалық;
3) әдептілік;
4) жеткілікті және толық ақпарат беру;
5) құпия ақпараттар және оны қорғау.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік көрсеткішінің мақсатты мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтар бекітеді.
5. Қайта шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Комитет басшысына бара алады.
Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жазбаша шағым хат жолдауына болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде поштамен немесе Комитет кеңсесі арқылы қолма-қол 1144 кабинетке жұмыс күндерінде қабылданады.
23. Қабылданған шағым Комитеттің ақпараттарды есепке алу журналына тіркеледі және түскен сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
6. Байланыс ақпараты
24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мекен жайы: 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, 5 кіреберіс, 1144 кабинет www:mz.gov.kz веб-сайты; Тел./факс (8 717 2) 74-32-61.
Балалардың тағамы өнімін, тамаққа тағамдық
және биологиялық жұғымды қоспаларды
(нутрицевтиктерді), бояғыштарды, сумен
және тамақ өнімдерімен араласатын
материалдар мен бұйымдарды, адам
денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық
заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген
түрлерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қолжетімділік |
Көрсеткіш- |
Келер жылдағы көрсеткіштің мақсатты мәні |
Көрсеткіш- |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақыттылы ғ ы | |||
---|---|---|---|
1.1. құжат өткізген сәттен |
100 |
100 |
80 |
1.2. қызмет алу үшін 40 |
100 |
100 |
85 |
2. Сапасы | |||
2.1. қызмет көрсетілу |
100 |
100 |
70 |
2.2. лауазымды тұлғаның |
100 |
100 |
85 |
3. Қолжетімділігі | |||
3.1. қызмет көрсетудің |
100 |
100 |
60 |
3.2. тұтынушы құжатты дұрыс |
100 |
100 |
45 |
3.3. интернет арқылы қол |
0 |
0 |
0 |
4. Қайта ша ғ ымдану процесі | |||
4.1. қызмет көрсетудің осы |
0 |
0 |
0 |
4.2. белгіленген мерзімде |
0 |
0 |
0 |
4.3. қолданыстағы шағымдану |
0 |
0 |
0 |
4.4. шағымдану мерзіміне |
0 |
0 |
0 |
5. Сыпайылық | |||
5.1. қызмет көрсетушілердің |
100 |
100 |
100 |