"Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 100бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 87 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5170 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазастан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 94 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.02 N 94 Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

         БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4627 болып тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 25 мамырда N 78 (1281) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазынашылық комитеті осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
      1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге, демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашуға;
      2) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсаттар береді.
      Жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашуға рұқсаттар береді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға арналған өтінімдерді берілген рұқсаттың және мемлекеттік мекемелердің (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдері мен шығыстары жоспарларының негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне табыс етеді.
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ны ашу үшін ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ны ашуға арналған өтінімдерді осы Ережеге 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне табыс етеді.";

      11-тармақта:
      бірінші абзац "санамаланған ҚБШ-ны" деген сөздерден кейін "және шетел валютасындағы шоттарды" деген сөздермен, "қаржыландырылатын" деген сөзден кейін "мемлекеттік мекемелерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық бюджеттен, рұқсаттардың және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне табыс етілетін, ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ны ашуға арналған өтінімнің негізінде";
      үшінші абзацта "осы Ережеге сәйкес 3-қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзац алынып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Қазынашылық комитеті ҚБШ-ны ашуды:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашуға рұқсат берілген күні және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-ны ашуға арналған өтінімдер түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға арналған өтінімдер түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Шетел валютасындағы шоттарды ашу рұқсат берілген күні жүзеге асырылады.";

      22-тармақта "мемлекеттік мекеме осы Ереженің 3-тарауында көзделген құжаттарды табыс еткеннен" деген сөздер "оларды Қазынашылық комитеті ашқаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақта:
      "нотариалды расталған" деген сөздер алынып тасталсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік мекеме басшысын тағайындау және төлеуге берілетін шоттарға және/немесе азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінімдерге және/немесе мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерді) тіркеуге туралы хабарламаларға және/немесе шарттарға және/немесе шетел валютасын айырбастауға және қайта айырбастауға арналған өтінімдерге және/немесе шетел валютасын аударуға арналған өтініштерге бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтардың көшірмелерін. Санамаланған құжаттарға бірінші қол қою құқығын басқа уәкілетті тұлғаларға берген жағдайда мемлекеттік мекеме басшысының төлеуге берілетін шоттарға және/немесе азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінімдерге және/немесе мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерді) тіркеуге туралы хабарламаларға және/немесе шарттарға және/немесе шетел валютасын айырбастауға және қайта айырбастауға арналған өтінімдерге және/немесе шетел валютасын аударуға арналған өтініштерге бірінші қол қою құқығын басқа уәкілетті тұлғаларға беру туралы, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құжаттарды беруге және құжаттарды алуға уәкілетті тұлғаны белгілеу туралы бұйрықтың (тардың) көшірмесін (лерін) табыс етеді.";

      30-тармақта:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қолдар мен мөр бедерлерінің уақытша қолдану мерзімі бар жаңа үлгісі берілгенге дейін ресімделген қолдар мен мөр бедерлерінің үлгілері уақытша еңбекке жарамсыздығына, іссапарға-жіберілуіне, уақытша сипатқа ие басқа да себептерге байланысты ресімделген қолдар мен мөр бедерлері үлгісінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қолданылуын жалғастырады;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) мемлекеттік мекеменің орналасқан жері өзгергенде.";

      31-тармақтың 2) тармақшасында:
      "мемлекеттік мекеменің өзгертілген атауымен бірге заңды тұлғаны және СТН-ді қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелерімен" деген сөздер "заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесімен және мемлекеттік мекеменің өзгертілген атауы бар СТН көшірмесімен бірге беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңды тұлғаны және" деген сөздерден кейін "көшірмемен" деген сөзбен толықтырылсын;

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "37. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке қарайтын мемлекеттік мекемелердің ҚБШ-сі мен мемлекеттік шоттарын жүргізуді жүзеге асырады.
      Басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қарайтын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын іс жүзіндегі орналасқан жері бойынша мемлекеттік мекемелердің ҚБШ-сі мен шоттарын жүргізуге осы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің келісімі бойынша Қазынашылық комитетінің жазбаша рұқсатымен жол беріледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Бір күнтізбелік жыл ішінде мемлекеттік мекемелердің ҚБШ-сі мен шоттары бойынша операциялар болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелерді жабу қажеттігі туралы 30 жұмыс күнінің ішінде оларды хабардар етеді.";

      40-тармақ алынып тасталсын;

      43-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) бір күнтізбелік жыл ішінде ҚБШ мен шетел валютасындағы шоттар бойынша операциялар жүргізілмеген және олар бойынша қалдық болмаған кезде мемлекеттік мекеменің оларды жабуға өтініші болмағанда.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      "43-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтарының қолданылуын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазынашылық комитетіне осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінімді береді.
      Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтарының қолданылуын тоқтату үшін, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінімді жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бойынша осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінімді қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне жібереді.";

      44-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "43-тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайда ҚБШ мен шетел валютасындағы шоттарды жабу осы Ереженің 39-тармақшасында көзделген аумақтық қазынашылық бөлімшесінің хабарламасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      45-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "құқықтық мирасқордың жеке және заңды тұлғаларының ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сі;";

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесіне 2-қосымшада:
      "бабын" деген сөздерден кейін ", бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатын" деген сөздермен толықтырылсын, "жасалған шарт" деген сөздерден кейін "не мемлекеттік мекеме ережесінің (жарғысының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Рұқсат беруге жауапты ҚР ҚМ ҚК құрылымдық бөлімшесінің" деген сөздерден кейін "(бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның)" деген сөздермен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің белгілері
      200__ж. "__" _____________ N _______ шот
      _____________        _________________
         (қолы)                (Аты-жөні)
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің белгілері
      200__ж. "__" _____________№N _______ шот
      _____________        _________________
         (қолы)                (Аты-жөні)

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесіне 3-қосымшада:
      бірінші абзацтағы "Қазынашылық комитетіне" деген сөздер "аумақтық қазынашылық бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесіне 4-қосымшада:
      1) тармақша "(тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттың күні)" деген сөздерден кейін "(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты немесе мемлекеттік мекеменің ережесі (жарғысы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесіне 6-қосымшада:
      кесте "Мемлекеттік мекеме (ұйымдық-құқықтық нысан және атауы)" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік мекеменің коды)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері" деген сөздер "Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері (құрылтай құжаттарында көрсетілген оның толық почталық мекен-жайы, нақты мекен-жайы, телефоны)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы соңғы абзацпен толықтырылсын:
      қолдар мен мөр бедерлерін қабылдау туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгісі: 200__ж. "__" __________
      _____________       __________________
         (қолы)              (Аты-жөні)";

      осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 3-1, 6-1-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2008 жылғы
25 ақпандағы N 87 бұйрығына
1-қосымша      

Мемлекеттік мекемелердің
шоттарын ашудың,  
жүргізудің және жабудың
ережесіне     
3-1-қосымша    

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне_____________________________

         Ақылы қызметтер бойынша қолма-қол ақшаны бақылау
                   шоттарын ашуға арналған өтінім

Р/сN

Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің атауы

Мемлекеттік мекеме

Бюджеттің
түрі

атауы

коды

1

2

3

4

5






кестенің жалғасы     

Орналасқан жері

СТН

Қаржыландыру көзі

Қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашу
үшін негіздеме (рұқсаттың күні, N,
мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер-
ді) өткізуінен түсетін түсімдер мен
олар бойынша жүргізілген төлемдер
бойынша операцияларды есепке алу
үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоты
бойынша - тармақшаның, тармақтың,
баптың нөмірін көрсете отырып, заң-
намалық актінің атауы мен күні)

6

7

8

9





Мемлекеттік мекеменің басшысы      _____________ __________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің) (қолтаңбасы)     (аты-жөні)

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 25 ақпандағы 
N 87 бұйрығына     
2-қосымша       

Мемлекеттік мекемелердің
шоттарын ашудың,   
жүргізудің және жабудың
ережесіне        
6-1-қосымша       

____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесі)
____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган)

_________жылғы "___" ______________

      Мемлекеттік мекемелер кодтарының қолданылуын
                    тоқтатуға өтінім

Мемлекеттік
мекеменің
атауы

Ведомствалық тиістілік
коды (Қазақстан Респуб-
ликасының Бірыңғай бюд-
жеттік сыныптамасына сәйкес)

Бюджет
түрі

Салық органының коды
(салық түсімдерін
есепке алу үшін
өңірдің)

1

2

3

4





кестенің жалғасы

Экономика
секторы

Мемлекеттік меке-
менің СТН-і

Мемлекеттік мекеменің
заңды мекен-жайы,
телефоны, факсі

Кодтардың қолда-
нылуын тоқтату
үшін негіздеме

5

6

7

8





Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
(бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның) басшысы           _________ ____________________
                                        (қолы)        (Аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады