"Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі N 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 02-02/12 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5179 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 2-1)-тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі N 02-02/158а (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 4834 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 24 тамыздағы N 130 (1159) "Заң газеті" газетінде жарияланған)  бұйрығына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесінде:

      2-тармақтың екінші абзацындағы "- бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржы орталығының қатысушылары "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылады.";

      5-тармақтағы "қаржы орталығының қатысушыларын" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақта "тіркеуші органның заңды тұлғалар Реестрі" деген сөздер "Реестр" деген сөзіне ауыстырылсын;

      3-бөлім мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5 және 10-6 тармақтарымен толықтырылсын:
      "10-1. Заңды тұлғаны қайта құру (өзгерту, біріктіру, бөлу, бөліп шығару) кезінде мемлекеттік тіркелуге тиісті.
      10-2. Өзгерту барысында заңды тұлға өзінің мемлекеттік тіркеуге жататын түрін (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын) өзгертеді.
      Тіркеуші органға:
      1) заңды тұлғаның уәкілетті органның өзгерту туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      3) заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      4) қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      5) құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      7) өзгертуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат табыс етілуі тиіс.
      Өз әрекетін тоқтатқан (өзгерген) ұйым заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік Тіркелімінен және Реестрден шығарылуға тиіс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы бұйрықта көрсетіледі.
      Акционерлік қоғамды өзгерткен кезде тіркеуші органға қосымша акционерлік қоғам акциялардың барлық эмиссияларының күшін жою туралы куәлік ұсынылады.
      10-3. Қосылу барысында бір және бірнеше заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, оның базасында мемлекеттік тіркеуге жататын бір заңды тұлға құралады.
      Тіркеуші органға:
      1) заңды тұлғаның уәкілетті органның қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
      3) заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
      4) қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      5) құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      7) бірігуге жататын заңды тұлғаның мөрінің жойылғаны туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Өз қызметін тоқтатқан әрбір заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өткізу актісіне сәйкес ауысады. Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуді жүзеге асырған кезде тіркеуші орган өз қызметін тоқтатқан ұйымды оның қызметінің тоқтағаны туралы жазба енгізу арқылы Реестрден шығарылады, бұл туралы құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта бірден көрсетіледі және заңды тұлғалардың Мемлекеттік мәліметтер базасына байланыс арналары арқылы біртұтас мемлекеттік заңды тұлғалардың Тіркеліміне өз қызметін тоқтатқан ұйымдар туралы ақпаратты енгізу үшін электрондық хабарлама жібереді.
      10-4. Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады, базасында мемлекеттік тіркеуге жататын екі және одан да көп заңды тұлғалар құрылады.
      Тіркеуші органға:
      1) заңды тұлғаның уәкілетті органның қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      3) заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      4) қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      5) құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
      6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
      7) бөлінуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат ұсынылуы тиіс.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Бөлінуге тиіс заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға бөліну балансына сәйкес беріледі. Өз қызметін тоқтатқан ұйымды оның қызметінің тоқтағаны туралы жазба енгізу арқылы Реестрден шығарылады, бұл туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта бірден көрсетіледі.
      10-5. Бөлініп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан бір және бірнеше заңды тұлғалар бөлініп шығып, тіркеуші органға:
      1) заңды тұлғаның уәкілетті органның қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
      2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен бөлу балансы;
      3) заңды тұлға уәкілетті органдарының бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      4) қайта құрылған заңды тұлға туралы несие берушілерді жазбаша хабарлағанын растайтын құжат;
      5) қайта құрылған заңды тұлға құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері;
      6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен (өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты.
      Бұл ретте, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды.
      Қайта құру (өзгерту, қосу, бөлу, бөліп шығару) нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қайта құрылған заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қайта құру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган несие берушілердің осы заңды тұлғаны қайта құруға қатысатын ұйымдарға қоятын талаптарына берілген мерзімі өткен соң жасайды.
      10-6. Тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізімінен кейін осы Ереженің 10-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жасайды.";

      5-бөлім мынадай мазмұндағы 19-1-тармағымен толықтырылсын:
      "19-1. Егер заңды тұлғаның бірінші басшысы ауысқан жағдайда, тіркеуші орган Реестрге және біртұтас мемлекеттік заңды тұлғалардың Тіркеліміне заңды тұлғаға хабарлама және басшының өзгергендігі туралы құжаттың (шешім, бұйрық) көшірмесі негізінде өзгертулер енгізіледі. Хабарламада азаматтың аты-жөні, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, бірінші басшының салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы толық мәлімет болуы тиіс.";

      6-бөлімнің атауындағы "тіркеу" деген сөзінен кейін ", құрылтай құжаттары" деген сөздерімен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2 және 20-3-тармақтарымен толықтырылсын:
      "20-1. Телнұсқаны алу үшін тіркеуші органға мыналар табыс етіледі:
      1) осы Ережеге сәйкес 9-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі, заңды тұлғаның немесе өзге де уәкілетті тұлға қол қойған, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген өтініші;
      2) заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының телнұсқалары туралы шешімі (үзіндісі);
      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алым төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты.
      20-2. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының дубликатын беру кезінде антимонопольдық органмен бекітілген тарифтер бойынша ақы алынады.
      20-3. Тіркеуші орган заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында және мемлекеттік тіркеу куәлігінің дубликатына құжаттың дубликатын берген уақытын көрсететін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі "дубликат" штампын қояды.";

      Ереженің 1-қосымшасындағы "бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі", "бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы түбіртегі немесе құжаты" деген сөздері "бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаментіне:

      1) заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, бескүндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттіктің, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының және "Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                            А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      27 ақпан 2008 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Статистика Агенттігінің Төрағасы
      19 ақпан 2008 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      14 наурыз 2008 жыл

                                            Қазақстан Республикасы
                                           Алматы қаласының өңірлік
                                         қаржы орталығының қызметін
                                        реттеу Aгенттiгi Төрағасының
                                          2008 жылғы 25 қаңтардағы
                                             N 02-02/12 бұйрығына
                                                   Қосымша

                                Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
                            өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын
                                мемлекеттік тipкeу (қайта тіркеу)
                                       Ережесіне 9-қосымша

    ____________________________________________________________
                        Tipкeушi органның атауы

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
        куәліктерінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын
                     телнұсқасын беру туралы
                             Өтініш

1. Заңды тұлғаның атауы
____________________________________________________________________ 2. Заңды тұлғаның тipкeу нөмірі
____________________________________________________________________

3. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын мемлекеттік тіркеу (қайта тipкeу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін негіз
____________________________________________________________________

4. Телнұсқаны алу үшін шешімнің нөмipi және оны қабылдау күні
____________________________________________________________________

5. Заңды тұлғаның куәлігінің, заңды тұлға құжаттарының телнұсқаларының жоғалғандығы туралы, жариялау нөмірi және күні туралы хабарландыру жарияланған мерзімді баспаның атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Өтініш берушінің А.Т.Ә. және қолы
      "___"________________ 200__ж.

      Өтінішке қоса беріледі:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады