"Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 196 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5202 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі № 514 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а 2012.07.31 № 514 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Медициналық ұйымдардағы туу, қайтыс болу және перинаталдық өлімді растайтын бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін тәртіпке жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. " Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4946 тіркелген, "Юридическая газетаның" 2007 жылғы 23 қарашадағы N 180 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

       1-қосымшада :
      "Туу туралы медициналық куәлік" N 103/у-07 бастапқы медициналық құжаттаманы есепке алу нысаны мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "8-1. Бала мынадай жағдайда туды: бір ұрықты болып - 1, егіздің біріншісі болып - 2, егіздің екіншісі болып - 3, басқа да көп ұрықтының бірі болып - 4
      8-2. Бала мынадай жағдайда туды: айы-күні жетіп - 1, шала - 2, мерзімінен асып - 3
      8-3. Анасының босану саны бойынша нешінші баласы______".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы                  Қ. Омаров

       "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрайымы
      А.Мешімбаева___________
      2008 жылғы "____"______

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      3.Балиева______________
      2008 жылғы 29 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады